Адам организмі тамақпен бірге белгілі бір көмірсуды қажет етпейді, организмге түскен тағамдардың беретін энергияның 50 пайызын көмірсулар береді. Б : Л : К
1 : 1 : 4
Организмге тәулігіне 400-500г көмірсу түседі. Оның 80% крахмалдың, жануар тектес тағамдарда (бауырда) крахмалдың аналогы – гликоген болады. Өсімдік тектес тағамдарда көп бөлігін сахароза құрайды (балда, жемісте.)
Қорытылуы
Көмірсулар ауыз қуысында сілекей сөліндегі α-амилаза ферментінің әсерінен декстриндерге (мальтаза мальтоза; 2 глюкозаға дейін), гликоген глюкоза. Тамақтың түйірі асқазанға сілекейге шыланған асқазан сөлінен, тағам құрамындағы α-амилаза көмірсуды қорыта береді. Асқазан сөлі тамақ түйіріне толық сіңірілген соң, α-амилаза өз әсерін тоқтатады. Себебі асқазанның РН қышқыл, α-амилазаның әсерін жояды. Асқазан сөлінде көмірсуларды ыдырататын ферменттер болмайды, ал тағаммен түскен целлюлоза ас қорыту жолында сәйкес ферменттер болмағандықтан қорытылмайды, ол ішектің перистальтикасын күшейтеді. Ішек қуысында сілтілік орта болғандықтан тамақ түйіріндегі амилазаның активтілігі қайта оралады, осы кезде ұйқы безінің ішек сөлінің α-амилазасы түзіледі: крахмал – гликоген – мальтозаға дейін ыдырайды, мальтоза ішек сөлінің ұйқы безінің мальтазасының әсерінен глюкозаға, ішек сөліндегі сахараза дисахаридті ыдыратады, яғни барлық гексоздарға дейін ыдырайды, олардың ең көбі глюкоза.