Глюкозаның 65%-і тотығады, тотығу кезінде Е бөлінгендіктен, І-ден глюкоза Е көзі болып табылады, глюкозаның тотығуы кезіндегі аралық өнімдер маңызды заттарды синтездеуге қолданылады. Мысалы, пентоздық тотығу кезінде синтезделген пентоза-5-фосфаттар нуклеотидтердің нуклеин қышқылы кейбір коферменттердің; ал сол циклде түзілген НАДФН2, АСҚ – БМҚ, холестериннің синтезделуіне қажет.
Фосфоглицериннің альдегиді глицерин түзу үшін жұмсалады. Глюкоза галактозаға айналып, сүт бездерінің ткандерінде лактозаны түзу үшін қолданады. Галактоза мен глюкоза ерекше тотығып, сәйкес урон қышқылдарының, ал аминдену реакциясының нәтижесінде сәйкес гексозаминдерді түзеді. Урон қышқылдары мен гексозаминдер қажет болған жағдайда гликопротеидтердің құрамына кіретін гликондар түзу үшін қолданылады. Ал глюкурон қышқылы организмді қорғау қызметін атқарады, улы өнімдерді усыздандыруға да қатысады. Тканьде глюкоза 5% гликоген синтезіне жұмсалады. Қайта аминдену реакциясына түсіп глюкоза аралық өнімі (ПЖҚ), алмасатын АҚ-дарды түзуге қатысады.