Көмірсулар
Моносахаридтер
Альдоздар
Кетоздар
Дисахарид пен
олигосахарид
Полисахаридтер
Гомополисахарид
Гетерополисахарид
Көмірсулар биологиялық қызметтері - Энергетикалық
- Тіректік қызмет
- Қорғаныштық (майлау)қызметі
- Гидросмостық және ионды реттеушілік
- Кофакторлық
Моносахаридтердің физикалық қасиеттері - Түссіз
- Кристалды заттар
- Суда ериді
- Дәмі тәтті
Cn(H2O)m
Моносахарид - пентоздар - Рибоза
С5Н10О5 маңызы: РНҚ құрамына кіреді, витаминдердің В тобының, - Дезоксирибоза
С5Н10О4 маңызы: ДНҚ құрамына кіреді Глюкоза - Глюкоза
С6Н12О6 маңызы: Энергия көзі; гликозидтердің құрамына кіреді, бос күйінде өсімдіктер, жануарлар және адам тканьдерінде болады; полисахаридтердің, гликоген, крахмал, клетчатканың мономері. Фруктоза - Фруктоза
С6Н12О6 Маңызы: құрамында болады; сахарозамен салыстырғанда тәттілеу, байланысқан күйде сахарозада, полисахарид инулинде кездеседі. - Галактоза
С6Н12О6 Маңызы: Бос күйінде кездеспейді, липоидтер – цереброзидтер құрамында, нерв ткані ганглиозидтерінде болады және ми жасушаларының түзілуінде маңызды роль атқарады. Дисахаридтер - Молекулалық формуласы С12Н22О11, судың бір молекуласын бөліп шығару арқылы гликозидтік байланыспен байланысқан моносахаридтердің екі молекуласынан құралған.
- Табиғатта бос күйінде екі дисахарид – сахароза мен лактоза кездеседі. Ал крахмал, гликоген және целлюлоза полисахаридтері шала гидролизденгенде мальтоза, изомальтоза және целлобиоза түзіледі
гуава
Дисахаридтер - Сахароза
«қызылша қанты» Глюкоза + фруктоза - Бос карбонильдік тобы жоқ, сондықтан оның тотықсыздандырғыштық қасиеті болмайды;
- Сахароза өсімдік организмінде, олардың тамырында, сабағында, жемісінде кездеседі.
- Сахароза қант қамысынан алады.
- Сахароза – бағалы азықтық өнім, дәмі тәтті, суда жақсы ериді.
Мальт оза - Мальт оза
Глюкоза + Глюкоза - Крахмал мен гликогеннің шала гидролизденуі нәтижесінде алынатын өнім болап табылады.
- Ячмень солодында, басқа да дәнді дақылдар құрамында болады. Томаттарда, кейбір жемістердің нектарында да табылған.
- Лакт оза
Глюкоза +Галактоза - Құрамындағы а-глюкозаның аномерлік атомы гликозидтік байланыс түзуге қатыспайтындықтан, оның гидроксильдік тобы бом карбонильдік топқа өте алады. Сондықтан лактоза тотықсыздандырғыш қантқа жатады.
- Сүттің құрамында болады, ол сүттегі бағалы қоректік бөлік.
- Лактоза тәттілігі сахарозадан екі есе кем, сахарозамен салыстырғанда суда нашар ериді.
Полисахаридтер - Күрделі көмірсулар, олар гликозидтік байланыстармен жалғасқан 1000 дейін, тіпті одан да көп моносахаридтерден құралады.
- Полисахаридтерге жататындар: крахмал, гликоген, целлюлоза, инулин, гемицеллюлоза, пентозандар, т.б.
- Кейбір полисахаридтер мукополисахаридтер деп аталады, олар аминосахаридтер мен урон қышқылынан тұрады. Оларға: гиалурон қышқылы, хитин, лигнин, гепарин, т.б. жатады.
- Гомополисахаридтер құрамында бір түрдің моносахаридтері бар заттар. Мысалы, крахмал мен гликоген тек қана глюкоза молекуларынан тұрады.
- Гетерополисахаридтер әр түрлі моносахаридтерден және олардың туындыларынан құралатын биополимерлер. Мысалы, камеди.
Крахмал (С6Н10О5)n - Өсімдіктердің негізгі қоры болатын көмірсу және адамға азық-түлік, малға жемшөп болатын аса маңызды полисахарид.
- Екі бөліктен тұрады: амилоза мен амилопектиннен тұрады
- Амилопектин крахмал дәнінің сыртқы қабығын құрайды. Амилопектин құрылымы тармақталған, мұнда негізгі тізбек а(1→4) байланысы арқылы жалғасқан глюкоза қалдықтарынан тұрады.
- Амилоза құрылымы тармақталмаған созылыңқы келеді, мұнда глюкоза молекуласының қалдықтары (1000-4000) а(1→4) байланысы арқылы жалғасқан.
- Крахмал ақ ұнтақ, суда ерімейді, ісінеді, ыстық суға салса клейстер береді.
- Амилоза суда ериді, иодпен әсер еткенде көк түске боялады. Амилопектин суда ерімейді, иодпен әсер еткенде күлгін түске енбейді.
Крахмал
Амилоза
Амилопектин
амилозы (10-20%) және амилопектина (80-90%), D-глюкозаға дейін гидролизденеді.
n = 1000-3000
n = 6000 - 6000000
спирализация
Фотосинтез процесіне күннің көзі қажет
Фотосинтез процесі жасыл өсімдіктерде өтеді
Өсімдіктер СО2 газын сіңіреді
О2 бөліп шығарады
С6Н12О6 түзіледі , ал ол өз кезегінде крахмалға айналады.
Н2О тамыр жүйесі арқылы топырақтан сіңіріледі
Гликоген - Жануарлардың полисахарид қоры. Бауыр мен бұлшық еттерде, қанда да жиналады. Ол – организмге қуат беретін заттық қор.
- Крахмал молекуласына қарағанда, гликоген молекуласының тармағы көп және құрылымы ашық.
- Таза гликоген – ақ түсті ұнтақ, суда ериді де коллоидты ерітінді түзеді. Иодпен әсер еткенде қызыл түске немесе қызыл-қоңыр түске боялады.
- Бауырдың беткі жағында түйіршік түрінде болады.
- Молекулалық массасы өте жоғары – 1-1,5 млн шамасындай.
- Гликогеннің құрылымы амилопектинге ұқсас.
Целлюлоза - Өсімдіктер жасушасының негізгі материалы.
- Таза целлюлозаның талшықтанған құрылымы бар және органикалық еріткіштерде ерімейді. Ол Швейцар реактивінде (мыс гидрототығының аммиак ерітіндісі) ериді.
- Молекулалық массасы толық анықталмаған, шамамен 10млн.
- Химиялық реакцияда спирттік қасиет көрсетеді, қышқылдармен эфирлер түзеді. Бұл қасиеті нитроцеллюлоза, түтінсіз оқ-дәрі, вискоз жібегін алу үшін пайдаланады.
Көмірсудың қолданылуы
Көмірсулардың қорытылуы Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |