Комитетінде тіркеліп 24. 12



Pdf көрінісі
бет21/22
Дата29.12.2016
өлшемі1,88 Mb.
#704
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

 

 

90

 



міндетті  түрде  барып  соғатын  көркемдік 

факторлар, фактілер дейміз. 

«Сондай-ақ  зерттеушінің  аааб  вввб  гггб 

үлгісіндегі  хикметтерді  «қара  өлең  үлгісімен 

жазылған»  деген  тұжырымына  келісу  қиын. 

Өйткені  келтірілген  ұйқас  түрінің  қазіргі  қазақ 

әдебиетінде  қалыптасқан  дербес  атауы  жоқ,  ал 

ааба үлгісіндегі қара өлең ұйқасы немесе ақсақ 

ұйқас  Йасауи  хикметтерінде  мүлде  дерлік 

кездеспейді» [5, 153 б.]. 

Құлмат  Өмірәлиев  Дулат  поэзиясындағы 

жаңа  өлең  түрлері,  олардың  дәстүрлі  тарихи 

негізі туралы айтуында қазақ өлеңтануының аса 

бір  күрделі,  кекейтесті  мәселелерін  қозғады. 

Мұнда айтылған өлеңнің жасалу заңдылықтары 

туралы  тоқтамдар  қазақ  өлеңін  буын  жөнінен 

ғана  тану  тұрғысындағы  академик  Қажым 

Жұмалиев  қисындарымен  сәйкесе  бермейтінін 

көреміз. 

Бұл  тұста  екі  зерттеушінің  пікірін  талас-

тырудың  қажеті  жоқ.  Мәселе - өлең  түрлерін 

айқындаудың  күрмеуі  көп  күрделі  құбылыс 

екендігінде. 

Құлмат 

Өмірәлиев 



ХІ 

ғасырдағы 

М.Қашқари «Сөздігіндегі» ұйқас, өлшем тұрғы-

сында  Дулат  өлеңінде  үндес  үлгілер  бар 

екендігін  көрсете  отырып  мына  фактіге  назар 

аударады: 

«Қазақтың ауызша поэзиясы ХІ ғасырға тән 

бұл  сияқты  шумақаралық  желі  ұйқасты  өлең 

түрін жыр үлгісіне көшу (шумақ жігін шұбырт-

палы, үдетпелі ұйқас негізінде бұзу) арқылы өте 

ертеде салттан шығарған» [1, 89 б.]. 

Ғалымның төрт жолды шумақ жігінің бұзы-

луы  туралы,  түйдек  ішілік  желілі  ұйқастың 

пайда  болу  негіздері  жайлы  сол  негізде  қазақ-

тың  жыр  үлгісіндегі  толғау,  тақпақ  (терме), 

сарын, жоқтау, жылау жырларының бәрі ұйқасы 

жағынан  осы  түрде  туды  деген  айқындамасы – 

қисынды,  маңызды.  Әрі  қарай  үлгі  ортақ 

болғанымен,  ауызша,  жазбаша  деп  бөлудің 

меже-шегі қисындалады.  

Абайдың  жоғарыда  аталған 57 өлеңі  абаб 

ұйқасында  келген.  Ежелгі  әдебиет  үлгілерінде 

бұл  ұйқас  түрі 7-8 буынды  өлең  түрлерінің 

көпшілігінің  алғашқы  шумағына  тән  болған 

сияқты.  Ахмет  Байтұрсынов  «Әдебиет  таныт-

қышта»  төрт  тармақты  шумақты  ұйқасына 

қарай  бөліп  көрсетпеген.  Ескі  өлеңдердің  көбі-

ақ  төрт  тармақты  болады,  бұған  мысал 

келтірудің  қажеті  жоқ  дейді.  Біз  назар  аударып 

отырған  ұйқас  түрін  бір  тұста,  тармақтағы  бу-

наққа  тоқталғанында  мысалға  алғанымен,  оған 

көңіл бөлмейді. 

 

Ашуын буған бассын деп, 

Жерімді саған тастадым. 

Олжа қылып жатсын деп, 

Елімді саған тастадым. 

(«Кенесары-Наурызбай»). 

Ұйқас  түріне  арнайы  тоқталуында  да 

А.Байтұрсынұлы абаб түріндегі ұйқасты көрсет-

пейді. Ааба немесе аабвдв түрлерін атайды.  

Бейсенбай  Кенжебаевтың: «Қазақ  өлеңінің 

құрылысы»  зерттеуінде  Сәбит  Мұқановтың 

Абайға  дейінгі  өлең  түрі  туралы  тоқтамына 

қатыстырып  отырып  айтқан  пікірінде  Шоқан 

Уәлиханов  бөлген 5-түр  өлеңнің  фактісін  ес-

керіп  отырғанын,  бірақ  оны  да  Ахмет  Бай-

тұрсынұлы да көрсетіп отыратын өзгешелігі бар 

түр есебінде емес, қара өлең түрі деп танығанын 

көреміз. 

«Қара  өлеңнің  шумағы  екі  түрлі:  төрт 

тармақты, көп тармақты болады». [6, 79 б.]. 

Қара  өлең - тек 4 тармақты  шумақпен 

қайырылған,  ұйқасы  ааба  болып  келетін  өлең. 

Шоқан Уәлиханов оны осы түрде таныған және 

дұрыс таныған.  

Ал тармағы 4-тен асып кете баратын ұйқасы 

тұрақсыз (шартты түрде осылай аламыз - Қ.М.) 

өлең  қара  өлең  емес - Шоқан  Уәлиханов  көр-

сететін,  арғы  арқаулары  түрік,  араб-парсы 

поэзиясымен  астасып  жатқан,  әлі  де  зерттей 

түсуді күтетін - «өлең». 

Бейсенбай Кенжебаев  Абайдан бұрынғы  қа-

зақ өлеңіндегі бір түр деп шалыс ұйқасты (абаб

жыр түрін атап көрсетеді.  

Зәки  Ахметовтың 7-8 буынды  үлгіде  кел-

генімен  жаңа  түр,  лирикалық  өлеңі - Абайдың 

жоғарыда  аталған 57 өлеңіне  қатысты  жұм-

бақтың  шешімін  оңайлататын  теориялық 

тоқтам. 

Бейсенбай  Кенжебаев  Абай  өлең  түрлерін 

саралап отырып осы мәселені нақтылай түсетін 

бір байлам жасайды. 

«Бізде  бұған  дейін  Абай  қазақ  өлеңдерінің 

ұйқасына  жаңалықтар  енгізді:  қазақ  өлеңдері 

бұрын тек ақсақ (аа-а) ұйқаспен, айнымалы (әр 

жерде  әр  түрлі  болып,  өзгеріп  отырады) 

ұйқаспен  ғана  келуші  еді.  Абай  егіз  (аабб

ұйқасты, аттамалы (абаб) ұйқасты шығарды деп 

айтылып, жазылып келді. 

Абай 


қазақ 

өлеңдерінің 

ұйқастарына 

жаңалық  енгізгені  рас,  бірақ  әлгі  ұйқастар 

Абай-дың  енгізген  жаңалықтары  емес.  Бұл 

ұйқастар  қазақта  Абайдан  бұрын  да  бар 

болатын.  Тек  олар  ұзақ  өлең-жырларда, 

дастандарда  аз  қол-данылатын,  көбінше  мақал, 

жұмбақ, шешен сөз болып келетін шағын өлең, 

жырларда ғана қолданылатын. Мысалы: 

 

Таныған жерге -                            (а) 

Бой сыйлы                                      (б) 

Танымаған жерге                         (а) 

Тон сыйлы                                     (б)» [7, 135 б.]. 

 


Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

91

 



Б.Кенжебаев  Абай  сегіз  тармақты  етіп  үш 

өлең жазған деп көрсеткен бір түрі - «Қарашада 

өмір тұр». 

Бұл біздіңше, әр шумағы төрт тармақты, екі 

шумақты өлең. Ұйқасы  абаб болып келген  әлгі 

57 өлеңнің бірі. 

«Қарашада  өмір  тұр»  өлеңі 2005 жылғы 

Абай шығармаларының екі томдық толық жина-

ғының 1 томында  төрт  шумақты 6 шумақтан 

тұратын  өлең  есебінде  берілген.  Жинақ  түсіні-

гінде 1909 жылғы  жинақ  бойынша  алынғаны 

көрсетілген. 

Б.Кенжебаев  назар  аударған  ұйқастың  дәс-

түрлі  етістік  сөзден  есім  сөзге  ойысуындағы 

Абайдың  өлең  тәсілдері  тұрғысындағы  ойлары 

кейінде  дамытыла  түсті.  Арғы  негіздермен 

сабастастыра  қарайтын  құбылыстар  мұнда  әлі 

де бар. 


Абайдың өлең құрылысына, тармақ, шумақ, 

ұйқас,  буын,  бунақ,  ырғақ  жөндеріне  қатысты 

нақтылы зерттеулерді жалғастыруға қазірде қай 

кездегіден  де  мәтіндік  нұсқа,  теориялық  негіз-

дер жеткілікті.  

Қазақ  өлеңінің  құрылыс-жүйесін  зерттеуде 

әр қилы байламдардың болғаны қазірде айқын-

дала түсті. 

Көзге  ұрып  тұрған  айқын  ерекшеліктердің 

қате танылып кеткен қисындары қалпынша қала 

бере  ме?  Әлде,  жүйелі,  кешенді  зерттеулер 

бағыты бастала ма? 

Өлең  сөздің  ұшқары  танымды  көтермейтін 

күрделі  негіздерін  қисындау - әрине,  қиынның 

қиыны.  Дегенмен  де,  дерек,  дәйек  тапшылау 

заманалардың  өзінде,  жалпаңдатып  қойған  ке-

зеңдерде  де  өлең  құпиясын  ғұмырын  бағыштап 

зерттеумен  кеткен  академик  Зәки  Ахметовтің 

өлең  қисындарын  жалықпай  зерделеу  өнегесі 

қазірде  ауадай  қажеттілікке  айналып  отырған 

сияқты. 

Өлең  құрылысы  туралы,  өлшемі  туралы 

тарқата айтып отырып айқындап берген қисыны 

аса  мол  З.Ахметов  танымында  қазақ  өлеңінің 

бар сипаты қамтылды ма, ашылды ма дегенге де 

соқпай  өте  алмаймыз.  Әлемдік  поэзия  заңды-

лықтарын  да  жетік  білген  З.Ахметов  айқын-

дамасында да «бұл қалай» дегізетін тұстар бар.  

«Он  бір буынды өлеңде  алғашқы екі  бунақ-

тың  орны  ауысып,  тармақ  үш  буыннан  баста-

лып,  екінші  бунақ  төрт  буынды  болып  немесе 

бунақ төрт буыннан басталып, екінші бунақ үш 

буынды  болып  келе  береді.  Бірақ  тармақтың 

соңғы  бунағы  буын  саны  жағынан  өзгермейді, 

үнемі  төрт  буынды  болады.  Жыр  өлшемінде  де 

соңғы бунақ өзгермей, үнемі үш буынды болып 

келеді» [8, 135 б.]. (11 буынды  өлең  соңғы 

бунақтағы 3 буын туралы айтқаны бар - Қ.М.). 

Ал,  осы  тұрғыдан  келгенде,  Бейсенбай 

Кенжебаевта мынадай дерек бар. Әрі бұл - қазақ 

өлеңінің бір фактісі. 

«Кейбір  қара  өлең  тармақтарының  басқа, 

орта  бунақтары 4 буынды,  аяққы  бунағы 3 

буынды болып келеді. Мысалы: 

            4                      4                 3 

Айыл тартты // наз бедеудің // беліне 

            4                           4                   3 

Сұңқар шүйдім // айдын шалқар // көліңе. 

            4                          4                        3 

Мен ойнаймын // Баршын қайда // сіздерге 

              4                           4                     3 

Шаппай  атты // қайта  бер,  қалмақ // еліңе 

[6, 


81 б.].  

 

Буын  санына  орай  бөлінген  бунақтардың 



орын  ауыстырып  отыру  себебін  Б.Кенжебаев 

былай ұғындырған: 

«Сондықтан  қара  өлең  тармақтарының 

бунақтары  және  тармақ  ішінде  бунақтар  орны-

ның ауысып отыруы мынадай үш түрлі себептен 

болуға тиіс: 1) сөз екпініне қарай болуға тиіс; 2) 

ақынның, айтушының қай ойды баста, баса айт-

қысы  келгендігінен; 3) әннің  екпін,  ырғағынан 

болуға тиіс» [7, 81 б.]. 

Осыдан  әрі  қарай  Бейсенбай  Кенжебаев 

Шоқан  Уәлихановтың  өлеңді  жүйелеп,  түрге 

бөлуіне ойысып, әлгіндей ерекшеліктерге анық-

тама,  дәйекті  сол  тұстан  іздеуінде  сезім-

талдықпен  дұрыс  бағыт  ұстанған,  алайда 

жаңсақ  кеткен  тұсы - 5 түр - «өлеңнің» 

ерекшелігіне  дендеп  мән  бере  қоймауы.  Әлде... 

Шығыстық  жағалауға  соғып  жатыр  деп, 

тауысып айтпады ма?! 

Б.Кенжебаев  Шоқан  өлеңнің (5-түр - Қ.М.) 

қасиетін ашып айтпаған дейді. Біздіңше, Шоқан 

Уәлиханов  «Соңғы 50 жылда  татарлар  арқылы 

келген  түр»  деп,  тайға  таңба  басқандай  етіп, 

айқындап  берген.  Өкінішке  орай,  осы  мәнге 

Құлмат Өмірәлиевтің назар аударғанынан басқа 

өлеңтанушы  ғалымдардың  табан  тіреп, «өлең» 

жайын тарқата айтқаны жоқ. 

11  бынды  өлең  түрінде 3 буынды  бунақтың 

соңына 


келіп 

отыру 


үлгісін 

Ахмет 


Байтұрсынұлы да көрсеткен.  

 

           4                     4                   3 



Кеудеде от, іште жалын, көзде жас 

                            4                        3 

Күні-түні қайғы жұтқан сорлы бас

 (Мағжан). 

 

Мұндай  орын  тәртібіне  қатысты  Ахмет 



Байтұрсынұлы  өлеңдегі 1,2,3-ағын  жөнімен 

түсінік берген.  

«3-ші  ағынды  өлеңдердің  аяқ  бунақтары 

ылғи  үш  буынды  болып,  басқалары  төрт  буын-

ды болып келеді» [9, 391 б.]. 


Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

92

 



А.Байтұрсынұлы бұл заңдылықты бунақтың 

тармақ,  шумақ  ішіндегі  таңдамалы,  талғамалы 

орны болатындығымен ұғындарған. 

Абайда 3-ағынмен  келген  соңғы  бунақ 3 

буынды өлең жоқ. Мұның сырын да ашатын уа-

қыт жетті.  

Өлең  зерттеушілер  шалыс,  кезекті  аталып 

жүрген  абаб  үлгісіне  көп  тоқталмаған.  Зәки 

Ахметов  бұл  үлгінің 7-8 буынды  өлеңде  жиі 

кездесетіндігін  атап  айтқан,  әрі  ырғақтық 

мәніне тоқталған. Абай поэзиясында осы түрдің 

аудар-масы  бар,  төл  туындысы  бар - 57 өлеңде 

қолда-нысқа  тартылғанына  ғылыми  мәнде  әлде 

де  зер  салып,  үңіле  түссек,  өлеңнің  жанрлық, 

жасалу тәсіліндегі, әрі құрылымдық жүйесіндегі 

заңды-лық-ерекшелігін  айқындай  түсуге  болар 

еді. Мұнда да арғы негіздер мен орыс поэзиясы, 

жалпы  әдеби  ықпалдастық  өрісі  туралы  нақ-

тылы ұғымдарға қаныға түсер едік. 

Абай  өлеңіндегі  бас  бунағындағы  буын  са-

ны, сонымен бірге шумақтағы тармақ саны, ұй-

қас  түрлері  жөнінен  ажырата  бөліп,  арғы  тегін, 

жанрлық  қалпын,  ауызша  мен  жазба  дәстүрде 

туғандығын  айқындай  түсудің  нақтылы  прак-

тикалық та, теориялық та мәні бар. Сол негізде 

арғы-бергідегі  қазақ  өлеңінің  жасалу  заңды-

лығын, жаратылыс ерекшелігін де айқындай, та-

ни түсер едік.  

Мұның  өзі  «Абайдың  «Әлифби»  өлеңі - 

алғашқы  бунағы 3 буынды 4 тармақты  жазба 

өлең үлгісінде, ұйқасы ааба болып келген жазба 

дәстүрдегі өлең... 

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі 

-  бастапқы  бунақ 3 буынды,  шумағы  көп  тар-

мақты, ұйқасы аабавага - ааа және ааба түрінде 

келген  жазба  өлең  дәстүріндегі  өлең...»  де-

гендей  жадағай  талдау,  жайдақ  пайымға  емес, 

есте  жоқ  ескі  замандардан  жеткен  өлең  құпия-

сына  құштарлықпен  құмартып  отырып,  инемен 

құдық қазып, қырық қисыннан бір тоқтам алып, 

қанағат табатын зерттеуге құрылса - құба-құп. 

Бір  зерттеуші  Абайдағы  етістіктің  молды-

ғын,  енді  бір  зерттеу  оған  қайшы  пікір  айтып 

келсе - бұның  да  қисыны  бар.  Осы  айырма 

негізде Абайға кім дендеп зер салды? 

Абайдағы ұйқас, шумақ көлемі, ырғақ, ағыс 

түп-түгел зерделеніп болды ма? Абайдың қазақ 

өлеңіне  қосты  деп  танылып  келген  жаңалық 

бағытын қайта бір саралағаннан Абайдың ақын-

дығы  аласара  ма,  шоқтығы  көтеріле  түсе  ме? 

Қазақ  өлеңтануындағы  басты-басты  тоқтам-

дарды  бір  тоқайластырып,  саралап,  жүйеле-

геннен  неге  тартыншақтай  береміз?  Қазақ 

әдебиетінің  бай  тарихы  ішке  бүккен  сырларға 

неге ынтықпай отырмыз? Абай өлеңіне қатысты 

айтпаса болмайтын ақиқаттар енді жоқ па? 

Негізінде,  абайтанудың  қазіргі  кезеңдегі 

өзекті  мәселелерінің  бірі - өлең  құрылымын, 

өлең  түрін  зерделеуді  ілгері  оздыру.  Абай  шы-

ғармалары - мәтінтанулық  негізде,  хронология-

лық  тұрғыдан,  негізгі  тарихи-әлеуметтік  арқау, 

арғы  арналар,  өз  дәуіріндегі  ақындық  мектеп, 

т.б.  қалыпта  қайырылып  отырудың  бар  бағыты 

Абайдағы  өлең  түрлерін  ғылыми  негізде  танып 

ұғынуға  қарай  тартып  жатқан  басты  желілер 

екендігін қазірде қай кезеңдегіден де айқын се-

зіне түсіп отырмыз. 

Абай  өлеңіндегі  өлшем,  ырғақ,  пішін  қалы-

бын тани түсу сөз жоқ, оның шығармаларының 

жанрлық  ерекшелігін,  дәстүрлі  насихат  өлең 

мен көңіл күй қалпын тұмшалап ашудағы шың-

далған шеберлік тәсілдердің сырын тануға, ұғы-

на түсуге тартпақ. 

Біздіңше,  шумағы 4 тармақты,  ұйқасы  абаб 

үлгісіндегі, көбіне 7-8 буынды өлшеммен түскен 

57  туындының  өлеңдік  көркемдік  сырын  тұтас-

тықта  тануға  талпынып,  сол  өлеңдердің  басын 

құрып  тұрған  поэтикалық  құбылысқа  арнайы 

зер  салу - абайтанудағы  тосын,  тың  ағыстар 

қоспақ.  Бұл  үлгідегі  өлеңдер - Абайдағы 

лирикалық  жырдың  мөлдірінен  қанып  ішіп, 

өрнекті  ой  төккен,  тынысы  ашыла  түсіп,  көңіл 

көзі  қиырдағыны  шалып,  тұғырын  тапқан 

кемелдіктің жемісі. Әйтпесе, бұлай сөйлер ме?! 

 

Қарашада өмір тұр, 

Тоқтатсаң тоқсан көнер ме? 

Арттағы майда көңіл жүр, 

Жалынсаң қайтып келер ме? 

 

Майдағы жұрттың іші - қар, 



Бәйшешек қарға өнер ме? 

Ішінде кімнің оты бар, 

Қар жауса да, сөнер ме? 

 

Әйтпесе  насихат  мазмұнды  «Әсемпаз  болма 



әр  негенің»  уағыз  сөзі  осыншалық  еркеленіп 

шыға  ма,  іштен  шалып,  айнала  баурап  илан-

дырып әкете ме?! 

Әйтпесе  «Не  іздейсің,  көңілім,  не  іздей-

сіңнің» көк дөнен көңілді қайырып сабыр табуға 

ынтық  болған  лирикалық  тұлға  күйі  басқаға 

жетер ме еді?! 

 

«Жүрегім, ойбай, соқпа енді!» ... 



 

Адамның  жарқ  етіп  жанған,  қанаттанып, 

қуаттанған,  мұң  шарпыған  тылсымнан  сыр  ау-

лаған  сәтін  алабөтен  өрнекпен  ашқан  бұл 

өлеңдер Абайды абайлық тұғырға көтере түскен 

шығармашылық белестің өзіндік бір биігі.  

 

Жүрегім, ойбай, соқпа енді! 

Бола берме тым күлкі. 

Көрмейсің бе, тоқта енді, 

Кімге сенсең, сол - шикі. 

 


Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

93

 



Жетім қозы - тас бауыр, 

Түңілер де отығар. 

Сорлы жүрек мұнша ауыр, 

Неге қатты соқтығар? 

 

«Мәз  болады  болысың»  өлеңі - Абайдың 



сырт  сипаттаудан  іштен  шалып,  тұлғаны  тұтас 

қамтып,  арғы  пиғыл,  бергі  бейнесін  бір  қалып-

тан  шығарып,  таппасты  тауып,  ашпасты  айтып 

тастаған тағы бір тың тәсілі. Тегінде Абай түрді 

дүние  мазмұнын  жеткізу  тәсілімен  тапты, 

дәстүрлі  өлшемнің  өрнегін  өзгерту  арқылы 

тапты.  Түр  деген  өлеңнің 11 буын, 7-8 буын, 6 

буынды, т.б. үлгіде болуына қоса сырды сыртқа 

жаю  сиқырымен  астасып  жатқан  құбылыс  тұр-

ғысынан  келгенде,  осы  ұйқасы  абаб  болып 

келген  түр - арғы  негізі  тереңнен  тартып  жат-

қанымен, абайлық түр. 

 

Күлмең қағып қасқайып, 

Салынып ап мақтанға. 

Таң қаламын қампайып, 

Жоқты барды шатқанға... 

 

Төрт  тармаққа  тұтас  бір  дәуірдің  ел  мінезі, 



типтік  болмысқа  айналған  құбылма  құлықтары 

тартылған.  Аударма  өлең  Абай  ақындығын 

шыңдаған әлуетті көркемдік әлем болды. 

Аталып  отырған 57 өлеңнің  біршамасы 

аударма туынды. Сөз құрау, ой оралымын сөзге 

түзудегі  ықшамдық,  жеделдік,  тапқыштық,  ұш-

қарлық,  ауқымдылық,  жалпы  мен  жалқыны 

тізгіндеп  үйірге  қосып  отыру,  т.б.  тәсілдер 

тұрғысынан  келгенде,  дәстүрден  озық  жаңа-

шылдық тұрғысынан келгенде осы аударма өлең 

бағытындағы  шығармашылық  тың  тыныс  әлгі 

57 өлеңдегі төлтума туындыларға да дарыған-ау 

деген  қисын  да  көкейде  тұр.  Бұл  бағытта  да 

арнайы  салыстыра  отырып  саралауға  тартар 

зерттеулер қажет. 

Абайдың  дүние  болмыстың  құбылыстарын 

ширықтыра,  шеберлік  шеңгеліне  ілу  тәсілдерін 

әбден игерген тұстағы өлеңінің бірі - «Қарашада 

өмір  тұр».  Ақын  сол  баяғы  ел  мінезін,  елдің 

күйін  енді  басқаша  тереңдік,  басқаша  алыммен 

айтқан. «Сабырсыз, арсыз, еріншекте» құбылған 

ел мінезін, заман күйін нақтылы құбылыстарды 

тізбелей  отырып  баяндаған  Абай  «Қарашада 

өмір тұрда» мүлде басқа тілмен сөйлейді. 

 

Сабырсыз, арсыз, еріншек, 

Көрсеқызар жалмауыз. 

Сорлы қазақ сол үшін 

Алты бақан, ала ауыз, 

Өзін-өзі күндейді, 

Жақынын жалған міндейді. 

Ол - арсыздық белгісі. 

Ұятсынбай, ойланбай, 

Қой дегенге тіл алмай, 

Іс қылмай ма ол кісі? 

Бір-ақ секіріп шығам деп, 

Бір-ақ ырғып түсем деп, 

Мертігеді, жатады. 

Ұрлықпен мал табам деп, 

Егессе ауыл шабам деп, 

Сүйтіп құдай атады. 

Бұл нең десе біреуге, 

Жоқ нәрсені шатады, 

Құтылам деп ісінен, 

Бәрін көріп кісіден. 

Шығынға әбден батады. 

Бұл болмаса онысы, 

Аударылып қонысы, 

Алыстан дәм татады. 

Қызмет қылып мал таппай, 

Ғылым оқып ой таппай, 

Құр үйінде жатады. 

Ел қыдырып ас ішіп, 

Еркек арын сатады, 

Бала-шаға ұрғашы 

Үйде жатып қатады... 

 

Әрі  қарай  да  өлең  заман  жайын  негізгі  бел-



гілерін түгендеп отырып сипаттаумен жазылған 

деп  көрсетілген  бұл  өлең - 85 тармақтан  тұ-

ратын,  дәстүрлі 7-8 буынды  жыр  өлшемінде 

шығарылған туынды. 

«Жазушы» баспасынан шыққан 2005 жылғы 

басылымдағы  мәтін  үш  бөліктен  яғни 3 жыр 

шумағынан  тұрады.  Өлең  теоретиктерінің  көп 

тармақты өлең жігін түйдек деп те атау жөнінен 

келсек, 3 жыр  түйдегінен  құрылған  өлең.  Ма-

ғыналық  жік,  ойдың  аяқталған  сөйлем  аясын-

дағы  қалпы  тұрғысынан  келгенде  ұйқас  түрі - 

абвб, аабввб, аабааб, абввб, аабввб, абвб, т.б. - 

айнымалы, ерікті.  

«Қарашада  өмір  тұр»  өлеңінің  мерзімі 1894 

деп  көрсетілген.  Бұзылып,  бүлінген  ел  мінезін 

Абай  енді  жаңа  бір  тәсіл  өрісінде  тапжылтпай 

тас  басып  отырып,  қатал  аяусыз  ашынумен, 

қатал үкім төрелігімен тезге салған. «Сабырсыз, 

арсыз,  еріншек»  дәстүрлі  ырғақ,  жыр  үлгісінің 

сарынымен  сыдырта  айтылса,  естуге  ыңғай-

ланып  туса, «Қарашада  өмір  тұр»  салқын 

сабырға  бөккен  зілбатпан  салмақпен  ауыр  ыр-

ғақпен жазылған. Оймен оқуға құрылған өлең. 

 

Қарашада өмір тұр, 

Тоқтатсаң тоқсан көнер ме? 

Арттағы майда көңіл жүр, 

Жалынсаң қайтып келер ме? 

 

Майдағы жұрттың іші - қар, 



Бәйшешек қарға өнер ме? 

Ішінде кімнің оты бар, 

Қар жауса да, сөнер ме? 

 

Енді  қу,  пысықтың  тұлғасы  мынадай  төрт 



тармаққа тұтас сыйған. 

 

Талаппен ұшып, талпынып, 



Шартарапты көздемес. 

Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

94

 



Пайданы қуып алқынып, 

Өзгені әсте сөз демес, - 

 

деп, ендігі заман адамының кісілік» ұстанымын 



сөге отырып, Абай заман жайына ойшылдықпен 

төрелік айтады. 

Абайдағы ел мінезінің әр қалпын, әр кезеңде 

әр  деңгейдегі  шеберлік  тәсілмен  жырлаған 

бірнеше  шығарма - бұл  да  Абай  ақындығының 

өріс-өлшемін айқындай түсер бір нақты белгі. 

Осы  бағытта  Абайдың  арқауы  дүние-бол-

мыстың  әр  тарабына  тартып  жатқан  көңіл-күй 

сезім жырларының, дүниетаным өрісі түскен ой-

шылдық  толғамдарының,  дін  жайын  қозғаған 

сыршыл  туындыларының  желісімен  салысты-

руларға бара отырып, Абайдың ақындық толысу 

болмысы,  өлеңдегі  өлшем-өрнегінің  тарихи, 

жанрлық-көркемдік  негіздері  туралы  танымы-

мызды кеңіте түсеміз. 

Ел  мінезіне  қайта  бір  қайырылып  соққан 

өлеңі - талай  сөз  бұдан  бұрын  көп  айтқан-

мында»  баяғы  ыза,  қатты  кетіп,  ащы  айту - 

айтылу  екпінінде  бәсеңсіген,  бірақ  ой  тереңнен 

алып,  қиырдан  шалып  қиян  биікке,  әлеуметтік 

ауқымды, жалпы адамзаттық өріс құрған.  

 

Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын, 

Түбін ойлап, уайым жеп айтқанмын. 

Ақылдылар арланып ұялған соң, 

Ойланып түзеле ме деп айтқанмын. 

 

Ендігі күй - адамзат көшінде қорланып қал-



маудың,  ұлттық  мүдде,  ұлт  қамының  жайы. 

Азатшылдық мұраттың астарлы жан айқайы. 

 

Адасып алаңдама, жол таба алмай 

Берірек түзу жолға шық, қамалмай. 

Не ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ, 

Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай. 

 

«Аш  қарын  жұбана  ма  майлы  ас  жемей» 

өлеңі  де  осы  бағыттағы,  дәстүрлі  уағыз  айту 

үлгісінде  келгенімен,  ел  мінезін  бар  құбылы-

сымен, бейнелі, суретті тілмен, бар сырын сырт-

қа  шашып,  әшкерелеп,  таппағанды  тауып,  айт-

пағанды айтып ашқан және бір жаңа өлең.  

 

Күлдіргіштеу, күлкішіл, қалжыңға ұста, 



Кезеген ит тым-ақ көп біздің тұста. 

Өз үйінен жиреніп, қашып жүрген 

Антұрғанға қосылма қапылыста. 

 

1897 жылы жазылған деп көрсетілетін «Сен-



бе  жұртқа,  тұрса  да  қанша  мақтап»  өлеңінде 

ақын ақыл сөзін көркемдік шеберлік  тәсілдерді 

емін-еркін  игерген  өрелі  ақындық  тұғырында 

өрбітеді. 



«Әуре 

етеді 

ішіне 

қулық 

сақтап», 

«Жұртпен 

бірге 

өзіңді 

қоса 

алдасып», 

«Салпылдап  сағым  қуған  бойыңа  еп  пе?»,  т.б. 

оралымдарда  құбылған  елдің  мінез  болмысы, 

күнде  көтеріп  жүрген  көп  құбылыстың  жалпы 

жиынтық сипаты, типтік болмысы характер, об-

раз деңгейінде ашылып, айтылған. 

«Әсемпаз болма әрнеге», т.б. жекелеген өле-

ңінің  арқауында  дәстүрлі  нақыл  сөз,  мақал-мә-

тел  үлгісі  жатқанымен,  бұл  өлеңдердің  көп-

шілігі шеберлік әбден шыңдалғанда туған көңіл 

күй лирикасының еншісі. 

«Абай қазақ өлеңдерінің ұйқастарына жаңа-

лық енгізгені  рас, бірақ  әлгі  ұйқастар Абайдың 

енгізген  жаңалықтары  емес.  Бұл  ұйқастар  қа-

зақта Абайдан бұрын да бар болатын. Тек олар 

өлең-жырларда,  дастандарда  аз  қолданылатын, 

көбінше  мақал,  жұмбақ,  шешен  сөз  болып 

келетін  шағын  өлең,  жырларда  ғана  қолда-

нылатын. 

Мысалы: 

Таныған жерге          а 

Бой сыйлы                б 

Танымаған жерге     а 

Тон сыйлы                б»

 [7, 148 б.]. 

 

Абайдың  дәстүрлі  үлгіні  қолданғанымен, 



өлеңге  жаңа  сипат  дарыту  арқылы  түр  ашқа-

нына  бір  айғақ  осы  абаб  ұйқасты 7-8 буынды 

лирикалық жырларында айқын көрінген. Мұнда 

Абай  Зәки  Ахметов  жырға  тарихи  анықтама 

беру  бағытында  атап  көрсеткен  бір  ерекшелік 

тұрғысында  үлгіні алғанмен, жаңа жанр  өрісіне 

шығып кетеді. Мәселен, дәстүрлі жырдың жанр-

лық  айқындамасының  айғағы  оның  бунақ-

тардың  орын  тәртібі,  бунақтағы  буын  санына 

байланған  бір  ерекшелігін  академик  Зәки 

Ахметов атап көрсеткен болатын.  

Абайда  соңғы  бунағы 3 буынды  болып 

келетін 11 буынды өлшемдегі өлең кездеспейді. 

Осының  бір  сырын  да  Зәки  Ахметовтен 

табамыз. 

«Асылы қазақ поэзиясында тармақтың неше 

бунаққа және қандай бунаққа бөлінетінінде зор 

мән  бар.  Бұл  пікірді  мысалмен  дәлелдейік.  Он 

бір буынды өлшемнің соңғы бунағы үш буынды 

болып  келген  түрі (4 буын + 4 буын + 3 буын) 

революцияға  дейінгі  дәуірде  аз  тарап  келгені 

белгілі.  Оның  себебі  мұндай  өлең  ауыз  әде-

биетіндегі  әдет  бойынша  әуендетіп,  әндетің-

кіреп  айтқанда  өлең  ырғағы  біркелкі  естілетін-

діктен» [8, 133 б.]. 

Зәки  Ахметов  жырдың  жеті  буынды  тар-

мағының 4 буын + 3 буын  болып  келетіні  заң-

дылық екенін бірнеше қайтара айтып отырады. 

 

Жыламаймын мен дағы, 

Өзіңнің де көкежан, 

Көзіңнің жасын тый деді. 

Жылап отыр ат(а)-анаң, 

Сапарыңды қый деді. 

Көп жолдаспен барсаңшы, 

Ел-жұртыңды жый деді. 


Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет