Коммерциялық емес акционерлік қоғам



бет12/27
Дата06.01.2022
өлшемі244,16 Kb.
#16830
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
9 Дәріс. Асимметриялық криптожүйелер

 

  Дәріс мазмұны: ашық кілті бар криптожүйелердің концепциясы.



 

Дәріс мақсаты: асимметриялық шифрлеудің принциптерін оқу.

 

9.1 Ашық кілті бар криптожүйелердің концепциясы



Асимметриялық  криптожүйелер тағы да ашық кілті бар криптожүйелер деп аталатын шифрлеудің симметриялық жүйелерінен принципиалды өзгеше. Осындай жүйелерде ақпаратты шифрлеуге және соңынан оның шифрын ашуға әртүрлі кілттер қолданылады:              

         - ақпаратты шифрлеуге К ашық кілті қолданылады;

         - жасырынды k кілті оған жұп болатын К кілтімен шифрленген ақпараттың шифрін ашуға қолданылады.

         Жасырын және ашық кілттер бірге генерацияланады. Жасырын кілт оның иесінде қалады. Ашық кілттің көшірмесі жасырын кілттің иесімен ақпаратпен алмасатын әр абонентерге беріледі.

Ашық кілт негізінде  мәліметтердің шифрын ашу мүмкін емес. Әрине, шифрлеу кілт негізінде шифрды ашу кілтін анықтау мүмкін емес.

  Ашық кілті бар асимметриялық криптожүйенің жалпы сұлбасы 9.1 суретте көрсетілген. Бұл криптожүйеде В абоненті екі әртүрлі кілттерді генерациялайды: КВ – ашық кілт; kB – жасырын кілт. КВ және kB кілттердің мәндері кілт генераторының бастапқы күйінен тәуелді.



 

 

9.1 Сурет -  Асимметриялық шифрлеудің сұлбасы



 

 

 Белгілі ашық КB кілт негізінде жасырын kB кілтті табу шешілмейтін есеп болуы керек.



         Асимметриялық криптографиялық жүйеде ақпаратты беру процесі:

1) дайындалу қадамы:

         - В абоненті кілттердің жұбын өндіреді: жасырынды kB  және ашық КВ;

          - ашық КВ  кілті  А абонентке және басқа да абоненттерге беріледі (немесе жалпы ресурс бойынша оған қол жеткізу орнатылады);

         2) қолдану қадамы – А мен В абоненттер арасында ақпаратпен алмасу:

         - А абоненті М хабарын ашық КВ кілтпен шифрлеп, В абонентіне С  криптограммасын жібереді;

         - В абоненті хабарды өзінің жасырын kB  кілті көмегімен оқиды (шифрын ашады).

         Ешкім, сонымен бірге А абонентіде, шифрмәтінді аша алмайды (әрине, жіберуші А оның мазмұнын біледі).

Асимметриялық криптожүйелердің сипатты ерекшеліктері:

1) ашық КВ кілті және С криптограммасы қорғалмаған каналдармен тасымалдануы мүмкін, яғни жауға КВ мен С белгілі болуы мүмкін;

2) шифрлеу  және шифрды ашу              алгоритмдері ашық болып табылады.

         Асимметриялық криптожүйеде ақпаратты қорғау kкілттің жасырынды болғанында негізделген.

У.Диффи және М.Хеллман асимметриялық криптожүйенің қауіпсіздігін қамтитын талаптарды тұжырымдаған:  

1) бастапқы шарттар негізінде алушы В абонентімен В, kB)  кілттер жұпын есептеуі қарапайым болуы керек;

2) жіберуші А абоненті ашық КВ кілтін және М хабарын біле отырып, келесі криптограмманы

                   

жеңіл есептейді;                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

3) В алушысы, жасырынды kB кілт пен С криптограммасын қолданып, бастапқы хабарын жеңіл қалпына келтіреді   



                                                                                                                                                                                                                                                                  

4) қаскүнем ашық КВ кілтін біле отырып, жасырынды kB кілтін есептеуге талаптанған кезде жеңе алмайтын есептеу мәселесімен кездеседі;

5) қаскүнем В, С) жұпын біле отырып, бастапқы М хабарын есептеуге талаптанған кезде жеңе алмайтын есептеу мәселесімен кездеседі.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет