Коммерциялық емес акционерлік қоғам


Дәріс. Интегралданған басқару жүйелерін жасау  программа кешендері



бет10/17
Дата07.01.2022
өлшемі408,86 Kb.
#19973
түріПрограмма
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
Автоматтандыру

4 Дәріс. Интегралданған басқару жүйелерін жасау  программа кешендері

 

Дәрiстiң мақсаты: қазiргi интеграцияланған басқару жүйелерiнiң программалық кешендерiнiң құрамы, тағайындауы, жобалауы ерекшелiктер туралы  негiзгi ережелер ашылып берілген.

 

4.1           SCADA жүйелердің енгізу-шығару драйверлері

 

Енгізу-шығару драйверлеріне байланысты орындалатын программа бірліктері бар. Толық жүйенің сипаттамасы осы программалардың иiлгiштiгіне, жылдамдығына, әмбепаптығына тәуелді. Сондықтан осы жағдайға назар аударайық. SCADA жүйелері үшін драйверлерді дайындаудың екі жолы бар: стандартты технологияларды қолдану және инвариантты компиляторды шығару.



Инвариантты компилятор – қосылатын құрылғының интерфейсіне сәйкес компиляция кодын өздігінен табатын компилятор.

Стандартты технологияда DDE технологиясы, OLE (Object Lincing and Embedding for Prozess Control); OPC Toolkits: OPC Server Toolkit және OPC Client Toolkit жүреді. COM технологиясы (Component Object Model) операциялық жүйе элементтерінің арасында мәлімет алмасуға арналған; RTX - Real Time Extension технологиялары нақты уақытта жұмыс істеу жылдамдығын үдетеді. Мысалы, RTX 4.1 нақты уақытта бірнеше процесті қатар орындауды қамтамасыз етеді.

Технология COM-Component Object Model технологиясы – ол операционды жүйе элементтерінің арасында мәліметтерді алмасуын жүзеге асырады. Операционды жүйенің элементтері ретінде SCADA пакеттің  активті  Active X моделдері қолданылады. Active X моделдері толықтырылып тұрады, оны бір жағынан операционды жүйенің шығарушылары, екінші жағынан  SCADA пакет шығарушылар толтырып тұрады. Сондықтан  SCADA программасын жасайтын фирмалар Active X нысандардың және драйверлердің түрлерін толтырып тұрады. Осы программа бірліктерінің ерекшелігі олар нақты уақытта жұмыс істей алады. Нақты уақытқа жақындаған операционды жүйе - Windows NT операционды жүйесі болып табылады.

Сонымен қатар операционды жүйелердің жылдамдығын нақты уақытта өсіретін қосымша программалар болады. Ол мысалы,  RTX - Real Time Extension программа қосымшасы. Мысалы, осы программаның бір түрі RTX4.1, ол программа 128 деңгейлі маңыздылығы бар нақты уақытта бірнеше технологиялық процесті бақылауға арналған.

SCADA жүйенің тағы да бір ерекшелігі – әр түрлі контроллерлерді қосу мүмкіндігі. Осы жағдайда аппаратты драйверлер жасау мәселесі туындайды. Бұл мәселе инвариантты драйверлерді қолданумен байланысты.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет