4 Дәріс. Интегралданған басқару жүйелерін жасау программа кешендері
Дәрiстiң мақсаты: қазiргi интеграцияланған басқару жүйелерiнiң программалық кешендерiнiң құрамы, тағайындауы, жобалауы ерекшелiктер туралы негiзгi ережелер ашылып берілген.
4.1 SCADA жүйелердің енгізу-шығару драйверлері
Енгізу-шығару драйверлеріне байланысты орындалатын программа бірліктері бар. Толық жүйенің сипаттамасы осы программалардың иiлгiштiгіне, жылдамдығына, әмбепаптығына тәуелді. Сондықтан осы жағдайға назар аударайық. SCADA жүйелері үшін драйверлерді дайындаудың екі жолы бар: стандартты технологияларды қолдану және инвариантты компиляторды шығару.
Инвариантты компилятор – қосылатын құрылғының интерфейсіне сәйкес компиляция кодын өздігінен табатын компилятор.
Стандартты технологияда DDE технологиясы, OLE (Object Lincing and Embedding for Prozess Control); OPC Toolkits: OPC Server Toolkit және OPC Client Toolkit жүреді. COM технологиясы (Component Object Model) операциялық жүйе элементтерінің арасында мәлімет алмасуға арналған; RTX - Real Time Extension технологиялары нақты уақытта жұмыс істеу жылдамдығын үдетеді. Мысалы, RTX 4.1 нақты уақытта бірнеше процесті қатар орындауды қамтамасыз етеді.
Технология COM-Component Object Model технологиясы – ол операционды жүйе элементтерінің арасында мәліметтерді алмасуын жүзеге асырады. Операционды жүйенің элементтері ретінде SCADA пакеттің активті Active X моделдері қолданылады. Active X моделдері толықтырылып тұрады, оны бір жағынан операционды жүйенің шығарушылары, екінші жағынан SCADA пакет шығарушылар толтырып тұрады. Сондықтан SCADA программасын жасайтын фирмалар Active X нысандардың және драйверлердің түрлерін толтырып тұрады. Осы программа бірліктерінің ерекшелігі олар нақты уақытта жұмыс істей алады. Нақты уақытқа жақындаған операционды жүйе - Windows NT операционды жүйесі болып табылады.
Сонымен қатар операционды жүйелердің жылдамдығын нақты уақытта өсіретін қосымша программалар болады. Ол мысалы, RTX - Real Time Extension программа қосымшасы. Мысалы, осы программаның бір түрі RTX4.1, ол программа 128 деңгейлі маңыздылығы бар нақты уақытта бірнеше технологиялық процесті бақылауға арналған.
SCADA жүйенің тағы да бір ерекшелігі – әр түрлі контроллерлерді қосу мүмкіндігі. Осы жағдайда аппаратты драйверлер жасау мәселесі туындайды. Бұл мәселе инвариантты драйверлерді қолданумен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |