Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Алматы энергетика және байланыс институты Электр станциялары, тораптары мен жүйелері кафедрасы электр станциялары және қосалқы станциялар


Екі жүйелі жинақтаушы шиналар сұлбалары



бет19/28
Дата19.12.2022
өлшемі1,3 Mb.
#58128
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
Байланысты:
дарис жинагы

9.3 Екі жүйелі жинақтаушы шиналар сұлбалары 
Әрбір элемент екі шина айырғышының жол айырғы арқылы қосылады,
бұл жұмысты бір шиналар жүйесінде сияқты, екінші шиналар жүйесінде 9.3 суретінде көрсеткендей іске асыруға мүмкіндік береді. Шинаның жұмысшы жүйесі QB ажыратқышымен секцияланған. Екінші шиналар жүйесі А2 резервті болып табылады, қалыпты жағдайда ол кернеусіз болады. Қос шина жүйесіде шинақосқыш ажыратқыштармен QA1 және QA2 қосылуы мүмкін, олар қалыпты жағдайда өшірілген болады.
Бұл сұлбаның екінші жұмыс режімі болуы мүмкін, мұнда қос шина жүйесіде кернеуде болады және барлық қосылыстар олардың арасында біркелкі таралады. Мұндай режім тізбектегі қосылыстардың бекітілген жұмысы деп аталады.

9.3 Сурет – Екі жүйелі жинақтаушы шиналар сұлбасы
Екі  жүйелі  шиналар  сұлбасы, барлық  қосылыстарды  жұмыс  қалпында  сақтап, бір  жүйелі шиналарда жөндеу жұмысын жасауға  мүмкіндік  береді.
Қарастырылған  сұлба икемді және  жеткілікті  түрде  сенімді  болып  табылады. Кемшілігі– айырғыштардың, оқшаулатқыштардың, тоқ өткізгіштік  материялдардың және ажыратқыштардың  көптігі, ТҚ  неғұрлым  күрделі  құралымы. Тағыда кемшілігі айырғыштарды  оперативті  аппарат  ретінде 
қолдану, ол жүктеме тоқтарын қате өшіруге соқтыруы мүмкін. 
9.4 ТҚ жеңілдетілген сұлбалары
Ажыратқыштар  саны  аз  немесе  мүлдем  жоқ  жеңілдетілген  сұлбалар
қосалқы стацияларда кеңінен қолданыс тапты.  Бұл алдымен  электрқондырғылар  элементтері басқа  блоктармен  көлденең  байланыссыз тізбектей  қосылған  блокты  сұлбалар.
Қосалқы  станцияда жоғарғы  кернеу  жағынан трансформатор – желі блогында ажыратқыштар сияқты   айырғыштарды QR және  қысқа тұйықтағыштарды QN  9.4 а,б суретінде  көрсетілгендей  қолдануға  болады. Сұлбаның негізгі құндылығы   үнемділігі болып табылады, бұл
құндылықтары осы сұлбаны, транзитті желіге терең дәнекерленіп қосылатын бір трансформа­торлы қосалқы станцияда қолдануға мүмкіндік береді.

а) ажыратқышты  трансформатор -желі  блогы; б) айырғышты  трансформатор -желі  блогы; в) айырғыштармен және  автоматы  емес  жалғамасы  бар екі блок; г) ажыратқышты  көпір
9.4 Сурет– ТҚ-дың ЖК жағынан жеңілдетілген сұлбасы
Кернеуі 35 – 220 кВ екі трансформаторлы қосалқы станцияда трансформатор – желі 9.4 в суретінде көрсетілгендей екі блокты сұлба қолданылады, олар неғұрлым икемді болуы үшін, QS3, QS4 екі айырғыштан тұратын автоматты емес жалғамамен қосылады . ЖК жағында 9.4.г суретінде келтірілгендей көпір сұлбасын қолдану мүмкіндігі бар.
10 дәріс.Тарату құрылғыларының сұлбалары (9 дәрістің жалғасы)
Дәрістің мазмұны:
тарату құрылғыларының сұлбалары.
Дәрістің мақсаты:
- ТҚ сақиналы сұлбаларын, жинақтама шинасының айналма жүйелі
сұлбасын және бөліктік сұлбаларды меңгерту 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет