Коммерциялық емес акционерлік қоғамы


  дәріс.  Сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтар  үшін



Pdf көрінісі
бет25/30
Дата09.05.2022
өлшемі0,87 Mb.
#33494
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
7uUpPsNxBvcAtQTOnYC8ELJGXzribM

 

13  дәріс.  Сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтар  үшін 

құқықтық жауапкершілік 

 

1. Сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтар сипаттамасы. 



2. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық құрамы. 

3. Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық құрамы. 

4. Сыбайлас  жемқорлық  фактісі  туралы  хабарлаған  немесе  оған  қарсы 

іс-қимылда  өзге  де  жолмен  жәрдемдесетін  адамдарға  біржолғы  ақшалай 

сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу. 

 



73 

 

Дәрістің мақсаты: сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар құрамы, 

олардың сипаттамасы және өзге де ұқсас қылмыстық құқық бұзушылықтардан 

ажырату критерийін анықтау.  



 

Дәрістің мазмұны: сыбайлас  жемқорлық  әкімшілік  құқық бұзушылық  

пен  сыбайлас  жемқорлық  қылмыстық  құқық  бұзушылық  арасындағы 

салдардың  ауырлық  дәрежесі бойынша нақты бағытты талқыланады. 

 

1. Соңғы    онжылдық    мемлекетіміздің    «ұлттық    қауіпсіздігіне    тікелей 

қауіп  төндіретін»  негізгі  көздердің  бірін  білдіретін  сыбайлас  жемқорлық 

мәселелерін  зерттеуге  және  жемқорлыққа  қарсы  күрестің  құқықтық 

шараларын жетілдіруге деген жоғары қызығушылықпен сипатталады. 

Мемлекеттік  билік  оргaндарында  сыбайлac  жемқорлық  азаматтардың 

конституциялық    құқықтaры    мен    мүдделеріне    нұқсан    келтіреді,    демок-

ратиялық  ұстанымдары  мен  құқықтық  тәртіпті  бұзады,  мемлекеттік 

аппараттың қызметін төмендетеді, мемлекеттік реформаларды өткізуге кедергі 

келтіреді, сайып келгенде, aзaмaттaрдың билікке сенімін жояды.  

Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  кодексте  көзделген  әкімшілік 

сыбайлас  жемқорлық    құқық    бұзушылықтар    құрамын    ескере    отырып, 

әкімшілік  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық  деп  мемлекеттік 

функцияларды  орындауға  уәкілетті  тұлғаның  немесе  оған  теңестірілген 

тұлғаның  қоғамға  әдейі  қауіпті  әрекеті,  өзінің  өкілеттігіне  кіретін  іс-әрекет 

(әрекетсіздік)  үшін  сол  тұлғаның  пайдасына  материалдық  игіліктерді жеке  

өзі  немесе  делдал  арқылы  заңсыз  алудан  көрінуі,  сондай-ақ егер  бұл  іс-

әрекеттерде  қылмыстық  жазаланатын  іс-әрекет  белгілері болмаса, сыйақы 

ұсыну бойынша жеке тұлғаның қасақана іс-әрекеттері түсіндіріледі. 

Бұл  ұғым  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтың  материалдық 

мазмұнын,    заңдық    табиғаты    мен    әлеуметтік    мәнін    ашады    және    сол 

арқылы  қоғамдық  қауіптілік,  құқыққа  қайшылық,  жазалану,  кінәлілік пен  

қол  сұғушылық  объектісі  ретіндегі  оның   белгілерін  айқындайды. 

Әкімшілік  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық  үшін  әкімшілік 

жаза  тағайындау  қағидасы  ҚР  ӘҚБтК-нің  7-тарауымен  реттеледі.  Оларға 

сәйкес әкімшілік жаза: 

–  ҚР ӘҚБтК-нің 676–681 баптарында белгіленген санкциялар шегінде  

сот қолданады; 

–  әкімшілік  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық  сипатына,  оның 

жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке тұлғасына сәйкес, әділ болуы 

тиіс; 

–  жеке    тұлғаға    әкімшілік    сыбайлас    жемқорлық    құқық    бұзушылық 



жасаған адамның сипатын, айыпталушының жеке басын, ескере отырып, оның  

ішінде  құқық  бұзушылық  жасағанға  дейінгі  және  кейінгі  мінез-құлқын, 

мүліктік  жағдайын,  мән-жайларын  ескере  отырып,  жеңілдететін  және 

ауырлататын жауапкершілік жүктеледі; 




74 

 

– заңды  тұлғаға  әкімшілік  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық 



сипатын 

ескере 


отырып, 

ұйымдық-құқықтық 

нысанындағы 

жаза 


қолданылады; 

– бір  тұлға  екі  немесе  одан  да  көп  әкімшілік  сыбайлас  жемқорлық 

құқық бұзушылық жасаған жағдайда әрбір құқық бұзушылық үшін жеке-жеке 

қолданылады; 

– егер  адам  бір  мезгілде  бір  судья  қарастыратын  бірнеше  әкімшілік 

сыбайлас    жемқорлық    құқық    бұзушылық    жасаған    болса,    Кодекстің    44-

бабы  2-бөлігінде  көзделген  әкімшілік  айыппұлдың  үш  мәрте  мөлшерінен 

аспауы тиіс; 

– әкімшілік  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық  жасаған  жеке 

тұлға, егер оны жасау күнінен бастап бір жыл өтсе, ал заңды тұлға – егер оны  

жасау    күнінен    бастап    үш    жыл    өтсе,    жауаптылыққа    тартылмайды  [  62-

баптың    2-бөлігі].    Қылмыстық    істі    тоқтатқан    жағдайда,    егер    тұлға 

әрекеттерінде  әкімшілік  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық  белгілері 

болса, бұл тұлға қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шыққан күннен бастап  

үш  айдан  кешіктірмей,  әкімшілік  жауапкершілікке  тартылуы мүмкін.  

2. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық құрамы Кодекстің  

34-тарауында баяндалған және алты бапта тіркелген: 

– жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі (676-бап); 

–  мемлекеттік    функцияларды    атқаруға    уәкілетті    тұлғаның    не    оған 

теңестірілген тұлғаның зaңcыз материалдық сыйaқы алуы (677-бап); 

– заңды тұлғалардың зaңcыз материалдық сыйaқы беруі (678-бап); 

–  мемлекеттік  органдар  мен  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарының 

заңсыз  кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге  асыруы  және  заңсыз  кірістер  алуы 

(679-бап); 

– мемлекеттік  органдар  басшыларының  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы 

күрес бойынша шара қолданбауы (680-бап); 

– бұрын  сыбайлас  жемқорлық  қылмыс  жасаған  тұлғалардың жұмысқа 

қабылдануы (681-бап). 

Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар құрамы. 

Осындай  құқық  бұзушылықтардың  құрамы  өзара  негізделген  және 

өзара  байланысты  төрт  элементтен  тұрады:  субъект,  объект,  объективті 

жағы және субъективті жағы. 

Субъект  –  бұл  құқық  бұзушылық  жасаған  және  заңда  белгіленген 

белгілері бар құқықтық жауапкершілікті атқаруға қабілетті адам [8, 26, 28, 30-

34 баптар]. 

Барлық  сыбайлас  жемқорлық  әрекеттер  оларды  арнайы  субъектінің – 

мемлекет  функцияларын  орындауға  уәкілеттік  берілген  тұлғаның  және  оған 

теңестірілген тұлғаның жасауын болжайды.  

Сыбайлас  жемқорлық    құқық    бұзушылық    субъектiлерiне    лауазымды 

және мемлекеттiк мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға 

теңестiрiлген  адамдарды  сатып  алуды  жүзеге  acыpушы,  сол  сияқты  оларға 



75 

 

заңға қайшы мүліктік игiліктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды 



тұлғалар да жатады. 

ҚР ӘҚБтК 28-бабына сәйкес, әкiмшiлiк жауаптылыққа: әкімшілік құқық 

бұзушылық аяқталған немесе оның жолын кескен кезде он алты жасқа толған, 

ақыл-есi дұрыс жеке тұлға, сондай-ақ заңды тұлға жатады. Бұл ереже негізінен 

сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық  субъектілеріне  де    қолданылады.  

Сыйақы    берушінің    мүддесі    үшін    құқыққа    қарсы  іс-әрекеттер  жасағаны 

үшін лауазымды адамға сыйақы беретін субъект 16 жасқа толған жеке тұлға, 

сондай-ақ  заңды  тұлға  болуы  мүмкін.  Заңды  тұлғаның  әкімшілік 

жауапкершілігінің  ерекшелігі  заңды  тұлғаның  атынан  құқыққа  қарсы 

сыйақыны заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы не заңды тұлғаның 

атқарушы органы атынан өзге жеке тұлғаның ұсынуын білдіреді.  

ҚР ӘҚБтК 29-бабына сәйкес, осы Кодексте көзделген құқыққа қарсы іс-

әрекет    жасаған    кезде    ақыл-есi    дұрыс    емес    жағдайда    болған,    яғни  өз  

әрекеттерiнiң    (әрекетсiздiгiнiң)    нақты    сипаты    мен    қауiптiлiгiн    сезіне 

алмаған  немесе  оларды  созылмалы  психикалық  ауруының,  психикасының 

уақытша  бұзылуының,  ақыл-есі  кемдiгiнің  немесе  психикасының  өзге  де 

сырқатты  жай-күйiнiң  салдарынан  басқара  алмаған  жеке  тұлға  әкiмшiлiк 

жауаптылыққа жатпайды. 

Сыбайлac  жемқорлық  құқық  бұзушылық  жасаған  тұлғаны  әкімшілік 

және  өзге  де  заңмен  көзделген  жауапкершіліктен  оның  есі  дұрыс  емес 

болуына  байланысты  босату  үшін  негіз  ретінде  тек  сот-психиатриялық 

сараптаманың    қорытындысы    болуы    мүмкін.    Егер    әкімшілік    сыбайлас 

жемқорлық    құқық    бұзушылық    жасаған    оның    адамның    есі    дұрыс    емес 

екендігі    белгілі    болған    жaғдайда  іс  бойынша  іс  жүргізуді    бастауға 

болмайды, ал басталған іс құқық бұзушылық  құрамы  болмауына байланысты 

қысқартылуға жатады. 

Барлық  сыбайлac  жемқорлық  құқық  бұзушылықтaрдың  объектілері 

мемлекет    функцияларын    орындауға    уәкілетті    тұлғалардың    қызметтік 

өкілеттігін  жүзеге  асыруының  белгіленген  тәртібі  болып  табылады. 

Сонымен қатар, әрбір нақты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа 

уәкілетті  тұлғалардың  мемлекет  функцияларын  орындауына  байланысты 

оның тікелей объектісі болады. Мысалы,  мемлекет  функцияларын орындауға 

уәкілетті  тұлғалардың  заңды  және  жеке  тұлғаларға  ақпаратты  ұсынуының  

белгіленген  тәртібі;  осы  адамдардың  өзге  де  тұлғалардың  кәсіпкерлік  

қызметті жүзеге асыру кезінде жәрдемдесуінің  белгіленген тәртібі және т. б. 

Барлық    сыбайлас    жемқорлық    құқық    бұзушылықтардың    объективті 

жағы    әрекет    етуімен    (мысалы,    заңсыз    кәсіпкерлік    қызметті    жүзеге 

асыруы;    мемлекеттік    органдар    мен    жергілікті    өзін-өзі    басқару    заңсыз 

кірістер    алуы)    немесе    әрекетсіздігімен    (сыбайлас    жемқорлыққа    қарсы 

күрес  бойынша  мемлекеттік  органдар  басшыларының  шара  қолданбауы) 

сипатталады. 

Сыбайлас    жемқорлық    құқық    бұзушылықтардың    субъективті    жағы 

тікелей  ниетпен  сипатталады:  кінәлі  адам  өзінің  қоғамға  қауіптілігін және  



76 

 

өзі  жасаған  әрекеті   немесе  әрекетсіздігінің  және  оны  жасағысы келетін  



істің заңға қайшы екенін сезінеді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың  

кейбір құрамдарына мақсат және  мотив  тән.  Бірде-бір  сыбайлас  жемқорлық  

құқық  бұзушылық  абайсызда  жасалмайды. Мемлекеттік  қызметте  мүдделер  

қақтығысының  аса  қауіпті нысандары  болып  табылатын,  ең  көп  таралған  

құқық бұзушылық қатарына мемлекеттік қызметкерлердің заңсыз  кәсіпкерлік  

қызметті  жүзеге  асыруын,  мемлекеттік  функцияларды  атқаруға  уәкілетті 

тұлғаның  не  оған  теңестірілген  тұлғаның  жеке  немесе  заңды  тұлғалардан 

заңсыз материалдық сыйақы алуын жатқызуға болады. 

Әкімшілік  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылыққа  қатысты  ұзаққа 

созылған  немесе  жалғасқан  әкімшілік  құқық  бұзушылық  үшін  есептелетін 

әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімі қолданылмайды. 

Егер  бұрын  жасалған  әрекет  үшін  әкімшілік  жаза  қолданылған  күннен 

бастап  бір  жыл  ішінде  жаңа  іс-әрекет  жасалса,  тұлға  әкімшілік  сыбайлас 

жемқорлық  құқық  бұзушылықты  қайтадан  жасаған  болып  саналады.  

Әкімшілік  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық  жасағаны  үшін 

әкімшілік   жауапкершілікке    тарту    туралы    қаулыны    судья    шығарған   күн 

құқықтық мәннің қайталану белгісін білдіреді.  

Осы  адамды  әкімшілік  айыппұл  түрінде  әкімшілік  жауапкершілікке 

тарту    туралы    судьяның   қаулысы    толық   орындалған   күннен   бастап   бір 

жыл  ішінде  тұлға  әкімшілік  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықты 

жасаған    болып    caнaлaды.    Қаулы    әкімшілік    жауапкершілікке    тартылған 

тұлғаның  ерікті  түрде  немесе  мәжбүрлеу  тәртібімен  орындалуы  мүмкін,  ол 

жалақысынан әкімшілік айыппұл сомасын ұстап қалу жолымен немесе жеке,  

үлестік    немесе    бірлескен    меншік    құқығындағы    құқық    бұзушыға  тиесілі 

мүлікті өндіріп алу арқылы жүзеге асырылады. 

ҚР    ӘҚБтК-де    қосымша    әкімшілік    жаза    ретінде    әкімшілік    құқық 

бұзушылықты    жасау    құралы    болған    затты,    сондай-ақ    әкімшілік    құқық 

бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу қарастырылған, бірақ  

әкімшілік  жазаның  сол  түрі  үшін  Кодекстің  тиісті  баптарымен санкция 

көзделген жағдайда жүзеге асырылады [8, 41-баптың 1-бөлігі 3) тармағы, 45-

бап]. 

Алайда, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін сыйақы 



мәні (негізсіз баю) болып табылатын мүлікті тәркілеу көзделмеген. 

3. Қазіргі  заман  жағдайында  сыбайлас  жемқорлық  қылмыс  жаһандық 

жалпы  адамзаттық  проблемаға  айналды,  осыған  бaйланыcты,  оған  қарсы  іс-

қимылдың жаңа ережелерін әзірлеудің өткір қажеттілігі туындап отыр. 

1997  жылы  қабылданған  және  2014  жылдың  соңына  дейін  қолданыста 

болған  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексі    393    баптан,    2015  

жылғы    1    қаңтардан    бастап    күшіне    енген  жаңа  Қылмыстық  кодекс  467 

баптан тұрады. 

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы  бойынша сыбайлас 

жемқорлық  қылмыстар  жүйесі.  Сыбайлac  жемқорлықтың  ең  қауіпті 

нысандары қылмыс ретінде сараланады. 




77 

 

Қолданыстағы    ҚР    Қылмыстық    кодексінде    сыбайлас    жемқорлық 



қылмысқа  21  қылмыс  құрамы  жатқызылған,  Қылмыстық  кодекстің 1997 

жылғы  редакциясында  17  құрамы  болды.  15-тарауда  «Мемлекеттік  қызмет  

және  мемлекеттік  басқару  мүдделеріне  қарсы  сыбайлас жемқорлық  және  

өзге  де  қылмыстар»  11  қылмыс  құрамының 9-ы  сыбайлас  жемқорлыққа  

жатқызылған.    Бұл    тарауда    сыбайлас  жемқорлық    қылмысқа    ҚР    ҚК-нің  

363-бабында  «Лауазымды  адамның өкілеттіктерін  иемденіп  алу»  және  371-

бабында  «Салғырттық»  көзделген қылмыстар жатқызылмайды. 

6-тарауда    «Меншікке    қарсы    қылмыстық    құқық    бұзушылықтар» 

сыбайлас жемқорлыққа екі қылмыс жатқызылған:  

1)  Сеніп  тапсырылған  бөтен  мүлікті  иеленіп  алу  немесе  талан-таражға 

салу (ҚР ҚК 189-бабының 1-бөлігі 2-тармағы).  

2) Алаяқтық (ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі 2-тармағы).  

Екі  жағдайда  да  сыбайлас  жемқорлық  қылмыс  құрамы  үшін: 

«мемлекеттiк  функцияларды  орындауға  уәкiлеттiк  берілген  адам  не  оған 

теңестiрiлген  адам  не  лауазымды  адам  не  жауапты  мемлекеттік  лауазымды 

атқаратын  адам    жасаған    алаяқтық,    егер    ол    өзінің    қызмет    бабын  

пайдалануымен ұштасса» деген міндетті саралау белгісі бар.  

8-тарау    «Экономикалық    қызмет    саласындағы    қылмыстық    құқық 

бұзушылықтар» алты сыбайлас жемқорлық қылмыс құрамын қамтиды:  

1)  Жалған  кәсіпкерлік  (ҚР  ҚК  215-бабының  2-бөлігі  3-тармағы).   

2)  Іс  жүзінде    жұмыстар    орындалмай,    қызметтер    көрсетілмей,  

тауарлар  тиеп-жөнелтілмей    шот-фактура    жазу    бойынша    әрекеттер    жасау 

(ҚР  ҚК  216-бабы  2-бөлігі  4-тармағы).   

3)  Қаржылық    (инвестициялық)  пирамиданы    құру    және    оған  

басшылық  ету  (ҚР  ҚК  217-бабы  3-бөлігі 1-тармағы). 

4)  Қылмыстық  жолмен  алынған  ақшаны  және  (немесе)  өзге  мүлікті  

заңдастыру  (жылыстату)  (ҚР  ҚК  218-бабы  3-бөлігі  1-тармағы).  

5)  Экономикалық  контрабанда  (ҚР  ҚК  209-бабы  3-бөлігі  1-тармағы). 

6) Рейдерлік (ҚР ҚК 249-бабы 3-бөлігі 2-тармағы).  

Барлық  жағдайларда  да  сыбайлас  жемқорлық  қылмыс  құрамы  үшін: 

«мемлекеттiк  функцияларды орындауға    уәкiлеттiк    берілген    адам    не    оған  

теңестiрiлген    адам    не  лауазымды    адам    не    жауапты    мемлекеттік  

лауазымды  атқаратын  адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын 

пайдалануымен ұштасса» деген міндетті саралау белгісі бар.  

11-тарауда «Халық денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық 

құқық  бұзушылықтар»  сыбайлас  жемқорлыққа  бір  қылмыс  жатқызылған: 

«мемлекеттiк  функцияларды  орындауға  уәкiлеттiк  берiлген  адамның  не  оған 

теңестiрiлген  адамның  заңсыз  ойын  бизнесін  ұйымдастыруы,  егер  ол  өзінің 

қызмет  бабын  пайдалануымен,  жеңiлдiктер  мен  артықшылықтар  берумен 

ұштасса» (ҚР ҚК 307-бабы 3-бөлігі 3-тармағы). 

16-тарауда    «Әскери    қылмыстық    құқық    бұзушылықтар»    сыбайлас 

жемқорлыққа  үш  қылмыс  жатқызылған:   

-  билікті  теріс  пайдалану;  



78 

 

- билікті асыра пайдалану;  



- биліктің әрекетсіздігі (ҚР ҚК 450, 451-баптары, 452-баптың 2-бөлігі 2-

тармағы). 

Қазақстан    Республикасы    Қылмыстық    кодексінің    3-бабы    3-тармағы 

сыбайлас жемқорлық қылмыстардың толық тізбесін айқындайды. 

Парақорлықтың жалпы сипаттамасы. 

Сыбайлас    жемқорлық    –    бұл    жеке    мақсаттарда    пайда    көру    үшін 

мемлекеттік билікті асыра пайдалану. Парақорлық  сыбайлас  жемқорлықтың  

қауіпті    және    көп    тараған  көріністерінің  бірі  болып  табылады.  ҚР  ҚК  366-

бабының  1-бөлігіне  сәйкес,  пара    алудың    объективтік    жағы    мемлекеттiк  

функцияларды    орындауға  уәкiлеттiк    берілген    адамның    не    оған  

теңестiрiлген  адамның  немесе жауапты  мемлекеттік  лауазымды  атқаратын  

адамның    не    лауазымды  адамның,    сол    сияқты    шет    мемлекеттің    немесе  

халықаралық  ұйымның лауазымды  адамының  пара  берушiнiң  немесе  оның  

өкiлi    болған  адамдардың    пайдасына    жасаған    әрекеттері    (әрекетсiздiгi)  

үшiн,    егер  мұндай  әрекеттер  (әрекетсiздiк)  осы  адамның  қызметтiк 

өкiлеттiктеріне  кiретін    болса    не    ол    лауазымдық    жағдайына    байланысты  

осындай  әрекеттерге    (әрекетсiздiкке)    ықпал    жасай    алатын    болса,    сол  

сияқты  жалпы    қамқорлығы    немесе    жол    берушілігі    үшін    өзіне    немесе  

басқа  адамдарға  ақша,  бағалы  қағаздар,  өзге  мүлiк,  мүлiкке  құқық  немесе 

мүлiк  сипатындағы  пайда  түрiнде  жеке  өзi  немесе  делдал  арқылы  пара  алуы 

болып табылады.  

Қарастырылатын 

қылмыстың 

объектісі 

қалыпты, 

заңмен 


регламенттелген    мемлекеттік    билік    қызметі    және    онымен    байланысты 

мемлекеттік  қызмет  және  мемлекеттік  басқару  мүдделері  болып табылады.  

Қосымша  объект  –  азаматтар  мен  ұйымдардың  заңды мүдделері. 

Пара  алу  түрлері:  ашық  (шамамен  75  %  қолдан  қолға  немесе  делдал 

арқылы)    және    жасырылған    (25%-ға    жуығы    заңды    іс-әрекеттер    сияқты, 

қарызын қайтару, құмар ойындар және т. б.)  

Қорқытып  алу  тәсілдері:  1)  пара  берушінің  заңды  мүдделеріне  зиян 

келтіре алатын іс-әрекеттерді жасау қаупін төндіріп, пара талап ету; 2) оның 

құқықпен  қорғалатын  мүдделері  үшін  зиянды  салдарын  болдырмау 

мақсатында  ол  пара  беруге  мәжбүр  болатын  жағдайда  соңғының  әдейі 

жеткізуі  (рұқсат  құжаттарын,  виза  және  және  т.б.  беруді  әдейі  созу,  қалыс 

қалу). 


Пара  беруші  өзінің  заңды  мүдделерін  қорғап,  пара  беруге  мәжбүр 

болған  жағдайда,  яғни  пара  беруге  мәжбүрлеу  белгісі  болған  жағдайда 

жауапкершіліктен босатылады.  

4.  Сыбайлас  жемқорлық  фактісі  туралы  хабарлаған  немесе  оған  қарсы 

іс-қимылда  өзге  де  жолмен  жәрдемдесетін  адамдарға  біржолғы  ақшалай 

сыйақы  түрінде  жүзеге  асырылатын  көтермелеу  белгіленіп  отыр.  Ақшалай 

сыйақы түріндегі көтермелеу келесідей мөлшерде белгіленеді:  

-  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтар  туралы  әкімшілік  істер 

бойынша хабарлаған тұлғаға - 30 айлық есептік көрсеткіш (72150 теңге),  




79 

 

-  онша  ауыр  емес  сыбайлас  жемқорлық  қылмыстар  туралы  қылмыстық 



істер бойынша — 40 АЕК (96200 теңге),  

-  ауырлығы  орташа  сыбайлас  жемқорлық  қылмыстар  туралы 

қылмыстық істер бойынша — 50 АЕК (120250 теңге),  

-  ауыр  сыбайлас  жемқорлық  қылмыстар  туралы  қылмыстық  істер 

бойынша - 70 АЕК (168350 теңге),  

-  аса  ауыр  сыбайлас  жемқорлық  қылмыстар  туралы  қылмыстық  істер 

бойынша - 100 АЕК (240500 теңге). 

Грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі көтермелеулер  

белгіленуі  мүмкін.  Көтермелеуді  қаржыландыру  республикалық  бюджет 

қаражаты есебінен жүргізіледі.  

Сыбайлac жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесу: 

-    сыбайлac    жемқорлық    құқық    бұзушылық    жасау    фактісі    туралы 

хабарлауды; 

-  сыбайлac  жемқорлық  құқық  бұзушылық  жасаған  іздеудегі адамның 

тұрған жері туралы ақпарат беруді; 

-  сыбайлac жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу 

және тергеу үшін кейіннен маңызы болған өзге де жәрдем беруді қамтиды. 

Адамды  көтермелеу  туралы  материалдар  көтермелеуге  құқығы  пайда 

болған    күннен    бастап    10    жұмыс    күн    ішінде    қалыптастырылады    және 

уәкілетті    органдарға    жіберіледі,    көтермелеу    туралы    бұйрық    шыққан 

күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде төлем жүргізіледі.  

Жалған    ақпаратты    хабарлаған    адам    Қазақстан    Республикасының 

заңдарына сәйкес белгіленген тәртіппен жауап береді. 

ҚР  ҚПК  615-бабының  1-бөлігіне  сәйкес,  кiнәнi  мойындау  туралы 

процестiк  келiсiм  жасасу  туралы  өтiнiш  қылмыстық  iс  бойынша  сотқа 

дейінгі  iс  жүргiзудiң  кез  келген  сатысында  жасалады.  Процестік  келісім 

прокурордың  бастамасы  бойынша  да  жасалуы  мүмкін.   

 

Бақылау сұрақтары: 

1) Әкімшілік 

құқық 


бұзушылық 

туралы 


заңнаманың 

негізгі 


міндеттерінің мәні неде? 

2) «Әкімшілік құқық бұзушылық» және «әкімшілік сыбайлас жемқорлық 

құқық бұзушылық құрамы» ұғымдарының анықтамасы. 

3) ҚР  ӘҚБтК-ке  сәйкес,  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық 

құрамы, олардың сипаттамасы. 

4) Пара алудың (ҚР ҚК 366-бабы) қызмет өкілеттігін теріс пайдаланудан 

айырмашылығы қандай (ҚР ҚК 361-бабы)? 

5) Пара  алу  (ҚР  ҚК  366-бабы)  мен  заңсыз  сыйақы  алуды  (ҚР  ҚК  247-

бабы) ажырату ерекшелігі неде? 

 

 



 


80 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет