Коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет24/30
Дата09.05.2022
өлшемі0,87 Mb.
#33494
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Байланысты:
7uUpPsNxBvcAtQTOnYC8ELJGXzribM

Стратегияда айқындалған  сыбайлac жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылдың 

негізгі бағыттары мыналар болып табылады: 

-  мемлекеттік  қызмет  саласындағы  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-

қимыл; 

-  қоғамдық бақылау институтын енгізу; 

-  квазимемлекеттік  және  жеке  секторларда  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы іс-қимыл; 

-    сот    және    құқық    қорғау    органдарында    сыбайлас    жемқорлықты 

ескерту; 

-  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру; 

-    сыбайлас    жемқорлыққа    қарсы    іс-қимыл    мәселелері    бойынша 

халықаралық ынтымақтастықты дамыту. 

Осы  бағыттар  шеңберінде  2016  жылдың  қаңтарынан  бастап  жаңа 

заңдар  күшіне енді: «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  туралы» 2015 

жылғы  18  қарашадағы  №410,  «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 

қызметі  туралы»  2015  жылғы  23  қарашадағы,  «Қоғамдық    кеңестер  туралы» 

2015 жылғы 2 қарашадағы №383–V, «Ақпаратқа қол  жеткізу  туралы»  2015  

жылғы  16  қарашадағы  № 401-V Заң, олар «сыбайлас жемқорлық»  түсінігін 

анықтауға  және  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтар  арасындағы  ара-

жікті  айқын  ажыратуға,    сыбайлас    жемқорлық    қылмыс  және  құқық 

бұзушылықтың  екі  түрі  үшін  жауаптылықты:  қылмыстық  және  әкімшілік 

жауаптылықты қарастыруға,  мемлекеттік  қызметтің  барлық  субъектілерінің 

қызметіне  азаматтық  бақылау  жүйесін  енгізуге,    азаматтардың    жария  

ақпаратқа еркін қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.  



71 

 

Айта  кету  керек, бұрын  «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы» 



Заңның  мазмұнында  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтар  тізбесі 

қарастырылып,  олар  сыбайлас  жемқорлық  үшін  жағдай  туғызатын  құқық 

бұзушылықтар болып бөлінген болатын. Оларға мыналар жатқызылды: басқа  

да  мемлекеттік  органдардың немесе ұйымдардың  қызметіне заңсыз  араласу,  

аталған  адамдардың  не  олардың  жақын  туыстары  мен  жекжаттарының  

материалдық  мүдделерін қанағаттандырумен бaйланыcты  мәселелерін  шешу  

кезінде  өздерінің  қызметтік  өкілеттігін пайдалану,   мемлекеттік  қызметке 

және  мемлекеттік  ұйымдарға  кірген  кезде  және  ілгерілету  барысында  заңда 

көзделмеген  артықшылықтарды  (тамыр-таныстық,    сыбайластық)  ұсыну, 

шешімдер дайындау мен қабылдауда заңсыз  артықшылық  көрсету  және  өз  

өкілеттіктерін пайдалануға байланысты өзге де бұзушылықтар.  

2017 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілерге өз табыстарымен қатар 

шығыстарын  мәлімдеу  міндеті  жүктелетін  болды.  Мемлекеттік    сатып    алу  

жүйесін  одан  әрі  жаңғырту,  мемлекеттік органдар  мен  квазимемлекеттік  

және  жеке  cекторлардың  халыққа  қызмет  көрсетуі  кезінде  барынша 

ашықтықты қамтамасыз ету бойыншa жұмыстар жалғасатын болады. 

Сыбайлac  жемқорлыққа  қарсы  мәдениет  деңгейін  қалыптастыру, енді  

оқу  орындарында,  мемлекеттік  органдарда,  тұрғындар  арасында сыбайлас  

жемқорлыққа  қарсы  ауқымды  оқыту  курстарын  құру  және өткізу  арқылы,  

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  бойынша мемлекеттің қабылдайтын 

іс-шараларды  жариялауға  бұқаралық  ақпарат  құралдарын  тарту  арқылы 

жүзеге асырылатын болады. 

Жемқорлыққа 

қарсы 


іс-қимыл 

саласындағы 

халықаралық 

ынтымақтастықты  дамыту  халықаралық  қоғамдастықпен  өзара  іс-қимылды  

күшейтуге    жәрдемдесетін    болады,    соның    ішінде    сыбайлас  жемқорлыққа  

қарсы  іс-шараларды өткізу, беделді халықаралық ұйымдарға  қатысу,  сондай-

ақ осы саладағы  халықаралық  тәжірибенің үздік үлгілерін пайдалану арқылы 

ықпал етеді. 

Жазаның  бұлтартпастығы  қағидаты табысты іске асырылуда. Сыбайлас 

жемқорлық іс-әрекеттерімен ұсталған шенеуніктер атқарған лауазымдары мен 

дәрежелеріне қарамастан, заңның барлық қаталдығы бойынша жауап береді.  

Қылмыстық-құқықтық  саясат  лауазымды  тұлғалардың  сыбайлас 

жемқорлық қылмыстарды жасағаны  үшін  қатаң  жауапкершілікті қамтамасыз 

етеді. Осындай қағидаттық тәсіл жаңа Қылмыстық кодексте іске  асырылған.  

Мәселен,  сыбайлас  жемқорлық  қылмыс  жасаған адамдарға ескіру мерзімі 

қолданылмайды,  шартты  түрде  сотталуға  тыйым  салу  белгіленген,  

мемлекеттік  қызметте  лауазымға  орналасу  құқығына өмір бойы тыйым салу 

енгізілді. 

Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  заңнама  қылмыстық  жолмен табылған 

мүлікті  тәркілеу  жөніндегі,  басшылардың  дербес  сыбайлас  жемқорлыққа  

қарсы  іс-қимыл  үшін  жеке  жауапкершілігі  жөніндегі  нормалармен  

толықтырылды. Онда «мүдделер қақтығысы»  деген маңызды ұғым бекітілген. 




72 

 

Сонымен  қатар,  мемлекеттік  қызметшілердің  жауаптылығын    күшейте  



отырып,  олардың  әлеуметтік  кепілдіктері  де жетілдірілуде. 

Кезең-кезеңімен,  жүйелі  түрде  мемлекеттік  аппарат  қызметкерлерінің 

еңбекақысын    арттыру    мемлекеттік    қызметшілердің    әлеуметтік    хал-

жағдайын  көтеруге  және  адал  әрі  әділ  негізде  өз  міндеттерін  орындау 

үшін оларға жағдай жасауға арналған. 

Судьялар  корпусын  қалыптастыру  тетігін  жетілдіру,  электрондық  сот 

ісін  жүргізуді  дамыту,  оның  ашықтығы  мен  қолжетімділік  деңгейін  арттыру 

бойынша іс-шаралар қабылданды. Барлық  жерде  ақпаратқа  қол  жетімділік  

артты,    бұған    электрондық  үкіметті    қалыптастыру    жөніндегі    іс-шаралар,  

сондай-ақ    мемлекеттік  және  жеке  құрылымдардың  интернет-ресурстары 

ықпал етті. 

Азаматтардың  сыбайлас  жемқорлық  фактілері  туралы  еш  кедергісіз 

уәкілетті  органдарға  хабарлауына,  соның  ішінде  сенім  телефондары  мен 

мемлекеттік    органдардың    веб-сайттары    арқылы    хабарлауына    жағдай 

жасалды. Елдің  инвестициялық  тартымдылығын  күшейту,  оның  бәсекеге 

қабілеттілігін  арттыру  мақсатында  кәсіпкерлік  қызметті,  халықтың сапалы 

және  жылдам  мемлекеттік  қызмет  алуын  қиындататын  әкімшілік  кедергілер  

жойылды.  Мемлекеттік  қызметтер   көрсету  сапасын  сыртқы бақылау мен 

тиімділігін бағалау жүйесі қалыптастырылды. 

 

Бақылау сұрақтары: 



1)  Қазіргі    кезде    сыбайлас    жемқорлықтың    мәні    қандай?    Сыбайлас 

жемқорлық  қылмыстар  мен  құқық  бұзушылықтар  субъектілерінің қатарына 

кімдер кіреді?  

2)  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

конвенциясын ратификациялау дегеніміз нені білдіреді?  

3)  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбулдық іс-қимыл 

жоспарының  ұсынымдарын  іске  асырудағы  Қазақстанның  рөлі қандай?  

4)  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылдың  құқықтық  құралдары 

қандай? 

5)  Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы стратегиясының мәні мен маңызы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет