Коммерциялық емес акционерлік қоғамы


  дәріс.  Мемлекеттік  қызметті  реформалаудың  сыбайлас



Pdf көрінісі
бет26/30
Дата09.05.2022
өлшемі0,87 Mb.
#33494
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
14  дәріс.  Мемлекеттік  қызметті  реформалаудың  сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы аспектісі 

 

1. Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін реформалау. 

2. Мемлекеттік қызметті жетілдіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын 

алу.   


3. Реформалау  шеңберінде  құрылған  мемлекеттік  қызметтің  жаңа 

моделі. 


 

Дәрістің  мақсаты:  қазіргі  жағдайда  кез  келген  мемлекет  үшін  ортақ 

мәселе – елдің ұзақ мерзімді  даму  мақсаттарына  қол  жеткізудің  маңызды  

факторы  ретінде мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құру болып отыр. 

 

Дәрістің мазмұны: мемлекеттік  қызмет  көрсетудің сапасын арттыру, 

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  жүргізу,  халықтың  және  жеке  тұлғаның 

тарапынан билікке деген сенімін нығайту маңызы баяндалады.   

 

1. Әлемдік    қаржы-экономикалық    дағдарыс    көптеген    елдерде 

экономикалық    және    саяси    сипаттағы      бірқатар    проблемалардың 

туындауына    әкелді,    саясаткерлер    мен    ғалымдардан    қоғам    мен    әрбір 

адамның  өміріндегі  мемлекеттік  басқарудың  рөлін  жаңаша  бағалауды  қажет 

етті. 


Қазіргі  жағдайда  кез  келген  мемлекет  үшін  ортақ  мәселе  –  елдің  ұзақ 

мерзімді    даму    мақсаттарына    қол    жеткізудің    маңызды    факторы    ретінде 

мемлекеттік  басқарудың  тиімді  жүйесін  құру  болып  отыр.  Әкімшілік 

реформалар жүргізу  бойынша  шетелдік  тәжірибе  көрсеткендей, мемлекеттік 

басқару жүйесін жетілдіру басқару әдістері мен нысандарын өзгерту, басқару 

деңгейлері 

арасындағы 

функцияларды 

бөлу, 

сондай-ақ 



ұйымдық  

құрылымдарды   жаңғырту  және  оларды  жаңа  міндеттермен сәйкестендіру  

арқылы    жүргізіледі.    Қазіргі  заман  талабына  жауап  беру  үшін  мемлекет 

болып    жатқан    өзгерістерді  негізге  ала  отырып,  әкімшілік  жүйесін 

реформалауға, саясаттың басымдықтарын айқындауға мәжбүр. 

Қазақстандағы    мемлекеттік    басқару    жүйесін    реформалау    бірнеше 

кезеңдерден өтті, олардың әр қайсысының өз ерекшеліктері болды және олар  

сол  кезеңде  мемлекеттік  шешуі  тиіс  міндеттермен  айқындалады.  



Бұл  кезеңде  ауқымы  үлкен  командалық-салалық  басқару құрылымы  

айтарлықтай қысқартылып, оңтайландырылды және нарықтық  экономиканың  

талаптары    мен    жаңа    caяcи    процестерге  бейімделген  мемлекеттік  басқару 

жүйесі қалыптасты.  

Қайта  құру  жұмыстарының  жүргізілгеніне  қарамастан,  мемлекеттік 

органдардың қызметінде шешімін таппаған мынадай мәселелер болды: 

–  мемлекеттік аппарат үлкен күйінде қалды; 

–    мемлекеттік    басқарудың    горизонтальдық    және    вертикальдық 

деңгейлерінде функциялардың қайталануы сақталды; 



81 

 

–  бюджетаралық қатынастар саласында өзгеріс енгізу талап етілді



–  жекелеген  мемлекеттік  органдардың  жұмысы  ашық  болмай қалды. 

2004  жылдың  17  қыркүйегінде  әкімшілік  реформаны  өткізу  бойынша 

өткен кеңесте Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев  

елімізде кең ауқымды әкімшілік  реформаның  басталғаны туралы  жариялады.  

Ол  мемлекеттің  дамуының  жаңа  кезеңінде мемлекеттік  басқару  жүйесін  

реформалаудың  негізгі  бағыттарын айқындап берді, атап айтқанда: 

- орталық деңгейдегі мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру; 

-  мемлекеттік  басқару  деңгейлері  арасындағы  өкілеттіктердің  аражігін 

ажырату және жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын реформалау.  

Бұл    мемлекеттік    басқаруды    орталықтандыруды,    жергілікті    билік 

органдарына  жалпы  мемлекеттік  саясат  шеңберінде  жергілікті  даму 

мәселелерін  дербес  шешуді  ұсынуды,  жергілікті  өзін-өзі  басқару  жүйесін 

қалыптастыруды көздейді; 

–  мемлекеттік    басқаруды    қағазбастылықтан    aрылту.    Шаруашылық 

субьектілерін    тіркеу    рәсімін    жеңілдету,    «бір    терезе»    тиімді    қағидатын 

енгізу,  электрондық  үкіметті  қалыптастыру  бойынша  іс-шаралар  кешені 

ұсынылды; 

– мемлекеттік қызметті жетілдіру, ұлттық және шетелдік оқу орындары 

негізінде  мемлекеттік  қызметшілерді  даярлау,  қайта  даярлау,  біліктілігін 

арттыру. 



2. Мемлекеттік  қызметті  жетілдіру  және  сыбайлас  жемқорлықтың 

алдын  алу.    Мемлекет    басшысы    мемлекеттік    қызметті    жетілдіруге, 

мемлекеттік  аппарат  жұмысына  ерекше  нaзaр  аударды.  

Қазақстан  Республикасының  Президенті  әкімшілік  реформаның  басым 

бағыттарын  анықтады  және  Үкіметке  мынадай  шараларды  жүзеге  асыруды 

тапсырды: 

–  мемлекеттік  органдардың  құрылымы,  басқару  шешімдерін  қабылдау 

кезінде мемлекеттік оргaндардың жұмысын жетілдіру; 

–  мемлекеттік    қызметшілердің    еңбегінің    нақты    нәтижесі    негізінде 

олардың жалақыларын арттыру; 

–мемлекет тік көрсетілетін қызмет тердің жоғары caпaсына қол жеткізу; 

–  мемлекеттік    органдар    қызметінің    рейтингін    және    бюджеттік 

процеске жаңа тәсілдерді енгізу

–  мемлекеттік    аппараттың    басқарушылығын,    тұрақтылығы    мен 

орнықтылығын арттыру; 

–сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету

–мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту. 

Мемлекеттік  қызмет  саяси  институт  ретінде  мемлекеттің  маңызды 

негізі  болып  табылады.  Мемлекеттік  қызметсіз  кез  келген  мемлекет  бола 

алмайды.  Сондықтан,  қоғамның  саяси  институты  ретінде  пайда  болысымен 

барлық  мемлекеттер  өз  мемлекеттік  қызметін  қалыптастыруды  бастайды. 

Қазақстан    Республикасы    да    тәуелсіздігін    алғаннан    сәттен    бастап    өз 

мемлекеттік    қызметін    белсенді    құра    бастады.    Мемлекет    құрылысының 




82 

 

бастапқы  кезеңінде  мемлекеттік  қызметтің  негізін  бұрынғы  партиялық-



кеңестік    мемлекеттік    аппарат    атқарды.    Әрине,    тәуелсіздік    жағдайында 

егемен    мемлекеттің    жаңа    болмысына    сәйкес    бұл    аппараттың    түрі 

өзгертілді,  сонымен  қатар  өзінің  қазақстандық  мемлекеттік  қызметін құру 

бойынша жұмыстар жүргізілді. 

Мемлекет  пен  қоғам  өмірінде  мемлекеттік  қызметтің  қажеттілігі  мен 

маңыздылығы  аталған  институтты  конституцияландыруға  негіз  болды.  

1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 

33-бабы  4-тармағында,    азаматтардың    мемлекеттік    қызметке    кіруге  тең  

құқығы  бекітілген.  Бұл  тармақ,  атап  айтқанда,  мемлекеттік  қызмет 

қалыптастырудың  маңыздылығын  –  аталған  институттың  ерекше  қызметін 

сипаттайды.  

Әрине,    сыбайлac    жемқорлыққа    қарсы    күрес    мемлекеттің    негізгі 

функцияларының    бірі    болып    табылады,    1999    жылдың    23    шілдесінен 

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  қызметінің  құрылуының  саяси-

айқындаушы кезеңінен бастап жүзеге асырылды, оның құқықтық базасы және  

жеке  уәкілетті  орган  –  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік қызмет 

істері агенттігі құрылды. 

Мемлекеттік  қызметтің  қазақстандық  жеке  моделін  құру  бойынша 

белсенді    жұмыс    атқарылумен    қатар,    сыбайлас    жемқорлыққа    қарсы  іс-

қимыл  тетіктерін  қалыптастыру  бойынша  жұмыстар  да  жүргізілді.  

Жұмыстың  жүйелік  сипатын  қамтамасыз  ету  үшін,  бірқатар 

нормативтік-құқықтық    және    ұйымдастырушылық-практикалық    іс-шаралар 

қабылданды,  атап  айтқанда  сыбайлac  жемқорлыққа  қарсы  күрес  жүйесін 

жетілдіру  және  оның  алдын  алуға  бағытталған,  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің мынадай бірнеше Жарлықтары шықты: 

- 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 377 «Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы күрес жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»;  

-  2002  жылғы  2  сәуірдегі  №  839  «Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  жанынан  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  мәселелері 

жөніндегі комиссия құру туралы»; 

-  2005  жылғы  14  сәуірдегі  №  1550  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

күресті  күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды  адамдар қызметiндегi  

тәртiп  пен  реттiліктi  нығайту  жөнiндегі  шаралар  туралы» және басқалар. 

Осы    және    өзге    де    нормативтік    құқықтық    актілерге    негізделген 

шаралар  сол  уақытта  кең  ауқымды  сипатқа  ие  болған  (өкінішке  орай, осы 

күнге  дейін  жойылмаса)  сыбайлас  жемқорлық  деңгейін  төмендетуге 

бағытталды. 

Жергілікті  деңгейде,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  органы  –  

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері  агенттігінің тәртіптік  

кеңестері  болып  табылады,  ол  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  

жоғарыда    аталған    Жарлығына    сәйкес,    2005    жылы  мемлекеттік  органдар 

мен  лауазымды  тұлғалар  қызметіндегі  тәртіп  пен  реттілікті  нығайту  үшін 

құрылды.  Бұл  органдар  өз  қызметтін  жүзеге  асыру  кезінде    жариялылық,  



83 

 

жүйелілік  және  өз  қызметінің  профилактикалық бағыттылық  қағидаттарын,  



жұртшылық  өкілдерін  және  бұқаралық  aқпaрат  құралдарын  жұмыс  

отырыстарын дaйындауғa  және  өткізуге кеңінен тартуды басшылыққа алады. 

Бұдан    әрі    мемлекеттік    қызметті    реформалау    мәселесі    Қазақстан 

Республикасы  Президентінің  2006  жылғы  1  қыркүйекте  Қазақстан 

Республикасының    Парламенті    палаталарының    пленарлық    отырысында 

«Мемлекеттік басқаруды корпоративтік басқару, транспаренттілік және қоғам  

алдындағы есептілік қағидаттары негізінде жаңғырту»  туралы бағдарламалық 

баяндамасында белгіленді. 

Баяндамада    айтылған    әкімшілік    реформаның    басым    бағыттарының 

бірі    ретінде    сыбайлас    жемқорлық    деңгейін    азайту    және    мемлекеттік 

қызметтің    оң    имиджін    қалыптacтыру    және    нығайту    секілді    бағыттар 

ерекше атап көрсетілді.  



3. Мемлекеттік басқару  жүйесінде  ауқымды  өзгерістер,  меритократия, 

адалдық  және  тиімділік  қағидаттарына  негізделген  мемлекеттік  қызметтің 

жаңа  моделін  қалыптастыру  міндетін  жүзеге  асыру  басталды.  Бұл 

қағидаттарды  2008  жылдың  17  маусымында  Қазақстан  Республикасының 

Президенті  халықаралық  ғылыми-практикалық  конференцияда жариялады.  

2011  жылғы  21  шілдеде  Қазақстан  Республикасы  Президентінің № 

119  Жарлығымен,  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  қызметі  жаңа 

моделінің  тұжырымдамасы  бекітілді.  Бұл  тұжырымдаманы  толық  жүзеге 

асыру    үшін      2012    жылы    желтоқсанда    «Мемлекеттік    қызмет    туралы» 

Қазақстан  Республикасының  Заңына  түзетулер  мен  толықтырулар енгізілді, 

ол 2013 жылғы 26 наурыздан бастап күшіне енді.  

Реформалау  шеңберінде  құрылған  мемлекеттік  қызметтің  жаңа  моделі 

мемлекеттік  қызметті  ұйымдастыруға  қатысты  жаңа  тәсілдерді  талап  етті. 

Осыған  байланысты  мемлекеттік  қызмет  туралы  қолданыстағы  заңнамаға 

тиісті  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізілді.  Мемлекеттік  қызметтің  жаңа 

институттары құрылды және мемлекеттік қызметке дарынды жастарды тарту  

үшін   жаңа  тетіктер  енгізілді.  Сондай-ақ,  мемлекеттік  қызмет тиімділігін 

қамтамасыз ететін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы компонент күшейтілді.  

Сонымен  бірге  жаңа  моделді  қалыптастыру  бойынша   практикалық 

шаралар  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2013  жылғы  наурыздағы 

жарлықтарында    регламенттелді.    Осылайша,    2013    жылдың    наурызында 

мемлекеттік  қызметті  реформалаудың  күшті  саяси  және  құқықтық  базасы 

құрылған болатын.  

2014    жылдың    тамыз    айында    атқарушы    органдарды    оңтайландыру 

шеңберінде    Қазақстан    Республикасының    Мемлекеттік    қызмет    істері 

агенттігі  мен  Қазақстан  Республикасының  Экономикалық  қылмысқа және  

сыбайлас    жемқорлыққа    қарсы    агенттігінің    (қаржы    полициясы)  бірігуі 

арқылы  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  қызмет  істері  және 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды. 

Жаңа    Агенттіктің    практикалық    қызметі    сыбайлас    жемқорлықтың 

алдын    алуға    бағытталды.    Мемлекеттік    органның    жаңа    міндеттері    2014 



84 

 

жылдың  26  желтоқсанында  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  №986 



Жарлығымен  бекітілген,  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  стратегияда 

белгіленді.  

Қазақстан  Республикасының  қабылдаған  қадамдары  әр  мемлекеттің 

алдына    мемлекеттілікті    нығайту    міндетін    қойған    жаһандық    тегеурінді 

талаптары    мен    қазіргі    әлемнің    сын-қатерлеріне    сәйкес    болды.    Осыған 

байланысты,    Қазақстан    Республикасының    Президенті    Н.    Назарбаев  2015 

жылы 11 наурызда «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде, жалпы мемлекетті 

жаңғырту  жөніндегі  бес  институттық  реформаны  ұсынды.  Осы  негізде,  ол 

«Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» 

Ұлт жоспары (бұдан әрi – Жоспар) әзірленді. Мемлекет басшысының бірінші 

институционалдық 

реформасы 

кәсіби  мемлекеттік 

аппарат 


құруға 

бағытталған.  

Ол    жоғарыда    аталған    реформаны    жүзеге    асыру    үшін    15    нақты 

қадамды  қамтиды: мемлекеттік  қызметте  кіру рәсімдерін  жаңғырту, төменгі 

лауазымдарға кандидаттарды іріктеу және оларды құзыреттілік тәсіл негізінде 

одан  әрі  ілгерілетуді  жүзеге  асыру,  мемлекеттік  қызметке  алғаш  кіргендер 

үшін міндетті сынақ мерзімін енгізу.  

Сондай-ақ,  Жоспарда  еңбек  нәтижелері  бойынша  мемлекеттік 

қызметшілерге    еңбекақы    төлеудің    жаңа    жүйесін    енгізу,    лауазымдық 

жалақыға  өңірлік  түзету  коэффициенттерін  енгізу  көзделген.  Мемлекеттік  

қызметті    жаңғырту    шеңберінде    мемлекеттік  қызметшілердің    мансаптық  

өсуі    үшін    конкурстық    іріктеуге    көшу,  меритократия  қағидатын  күшейту, 

тұрақты  оқыту  жүйесін  құру,  сондай-ақ  жұмыс  істеп  жүрген  мемлекеттік 

қызметшілерді  кешендік  аттестаттау  жүргізу  жұмыстарына  ерекше  назар 

аударылатын болады.  

Мемлекеттік  қызметтің  жаңа  моделін  институттандыру  және 

мемлекеттік   аппарат    қалыптастыру    бойынша   барлық   теориялық  тәсілдер 

мен  негіздер,  сондай-ақ  практикалық  шаралар  аталған  Жоспар  шеңберінде 

қабылдау көзделген, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңда бекітіледі. 

Жоспар    қазақстандық    қоғамда    оң    қабылданды.    Тек    бірлескен    іс-

шаралар  векторы  және  қоғам  мен  мемлекеттің  өзара  түсіністігі  сыбайлас 

жемқорлыққа    қарсы    ымырасыз    күрес    алаңын    жасай    алады.    Сыбайлас 

жемқорлықтың  алдын  алу  үшін  мақсаттар  мен   іс-шаралар  кешенді болуы 

керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жартылай шараларды, таңдамалы  

немесе    азаматтардың    жекелеген    санаттарына    төзбейді.    Тек  заң    алдында  

азаматтардың    теңдігінің    конституциялық    қағидаты    толық  іске  асырылса, 

мемлекеттің мақсаттарына деген сенім арта түседі.  

Сыбайлac 

жемқорлыққа 

қарсы 


күресті 

күшейту 


Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  басқару  мен  мемлекеттік  қызметінің 

тиімділігін арттырудың маңызды бағыты болып табылады.  Бұған мемлекеттік  

органдардың,    квазимемлекеттік    сектордың,    монополия  субъектілерінің 

қызметінің  ашықтығын, айқындығын, қоғам  алдындағы есептілігін   арттыру,  



85 

 

жергілікті    өзін-өзі    басқару    органдарының  өкілеттіктерін  кеңейту  септігін 



тигізуі тиіс. 

Сыбайлac жемқорлыққа қарсы күрес  іс-шараларын  іске  асыру аясында  

мына  заңдар  қабылданды:  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  туралы,  

мемлекеттік  бақылау   және  аудит  туралы,  мемлекеттік сатып алу туралы, 

қоғамдық  кеңестер  туралы,  ақпаратқа  қол  жетімділік  туралы  және  т.б. 

Енгізілген  жаңашылдыққа  сәйкес,  2017  жылдан  бастап  Қазақстан 

Республикасының  барлық  азаматтары  өз  табысын  ғана  емес,  сонымен  қатар 

шығындарын да жариялаулары керек.  

Осылайша,    Қазақстанда    халықаралық    тәжірибе    мен    ел    дамуының 

ұлттық  ерекшеліктерінің  негізінде  мемлекеттік  басқару  және  мемлекеттік 

қызмет    саласында   реформалар   жүргізуде    өз   тәжірибесін   жинақтады деп 

қорытынды  жасауға  болады.  Орталық  және  жергілікті  мемлекеттік  басқару  

органдары    жүйесінде    функционалдық    және    құрылымдық  өзгерістер  өтті, 

мемлекеттік  қызметтің  жаңа  моделі  құрылды.  Қоғамдық  өмірдің  әр  түрлі 

бағыттары мен салаларында қойылған мақсатқа сәйкес, реформа кезеңді түрде 

жүзеге  асты.  Бұрын  қойылған  көптеген  міндеттер  орындалды  немесе 

орындалуға жақын қалды десе де болады, олардың кейбіреулері мемлекеттік 

басқару  мен  мемлекеттік  қызметті  жаңғыртуға  бағытталған  әкімшілік 

реформаның жаңа кезеңінде өзекті болып отыр. 

 

Бақылау сұрақтары: 

1)  Әкімшілік реформаның ерекшелігі неде? 

2) Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда мемлекеттік қызметтің 

рөлі қандай? 

3)  Қазақстан    Республикасында    сыбайлас    жемқорлықтың    алдын    алу  

қалай атқарылады?  

4)  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  қызмет  қағидаттарын  іске 

асыру мәселелері қандай? 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет