Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам ҒҰмарбек дәукеев атындағЫ


Қазақстанда жер аударылған халықтар



бет2/4
Дата10.10.2022
өлшемі45,33 Kb.
#42239
1   2   3   4

1.Қазақстанда жер аударылған халықтар


Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар ішінде еліміздің кеңестік кезеңдегі тарихы туралы ақиқатты айтуға, оның әлі де толық зерттелмеген көлеңке беттерін ашу мүмкіндігіне қол жеткіздік. Тәуелсіздіктен кейінгі уақыт ағымында үлкен бетбұрыс жасалып, демократиялық құқықтық зайырлы мемлекет құрылды. Бүгінде Қазақстан көп ұлтты мемлекет ретінде оны мекендейтін 130-дай халықтар мен ұлттардың өз отанына айналып отыр. Кеңестік жаппай қуғын-сүргін тарихы көптеген зерттеулерге негіз болды. Бірақ тұтас халықтарды жер аудару тарихын зерттеу әлі де терең ізденістерді талап етеді. XX ғасырдың 30-шы жылдары мен 50-ші жылдарының басы КСРО-да көптеген адамдарды, тіпті тұтастай халықтарды күштеп жер аударудың орын алған кезеңі еді. Тоталитарлық жүйе миллиондаған азаматтардың тағдырын қиды. Сол жылдары ұлттық мүддені қорғаған зиялыларды, қарапайым еңбек адамдарын жазықсыз қудаласа, кейіннен бұл саясат шекаралық аймақтағы тұтастай халықтарды туған жерінен айырып, басқа аймаққа күшпен жер аудартты. Оларды қоныстандырған жердің негізгі қатарында Қазақстан да бар болатын. Осындай аласапыран заманда Қазақстандағы демографиялық ахуалдың күрт төмендеуін жер аударылғандар толықтырды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде гитлерлік әскер мен режимге жәрдемдесті деген сылтаумен Еділ бойындағы немістер, Солтүстік Кавказ, Қырым жағалауын мекендеуші біраз халықтар қудаланып, туған жерінен тыс, алыс жерлерге күшпен жер аударылды. Егер осындай адамдар немесе жеке бір топтар болған жағдайда тек соларға ғана заң жолымен шара қолданудың орнына кеңес үкіметі тұтастай халықтар мен этникалық топтарды жер аударды. Мұның өзі олардың соғыс жағдайында өздері аймақтарына әсерін тигізген ауыр да күрделі саяси мәселе болғандығы ақиқат. Мемлекеттің кең көлемде жүргізген осы заңсыз шаралары бүгінгі күнге дейін толық зерттелмей келе жатқан мәселе. Кеңестік жүйе тұсында саяси қуғын-сүргін бірнеше сатыдан өтті. Ол патшалық Ресей тұсындағы Сібірге жер аудару, каторгаға жіберу сияқты тәжірибені ұтымды пайдаланды. Әуелде депортация бұрынғы жүйеге қызмет еткен жеке адамдарға, одан кейін БК(б)П қарсыластарына, онан соң тұтас ұлттарға жайылды. Сүйтіп сталиндік қуғын-сүргін жылдары орын алған саясат жер аударылғандарды ұлттық болмысынан, ділінен, мәдениетінен айырып, негізсіз кінә тақты, қатал жазалады. Бұл кеңестік ұлт саясатының заңдылықты сақтамауының айқын көрінісі болды. Бірінен соң бірі жарыққа шығып жатқан сол кездегі заң актілері күшпен жер аударылған халықтардың жан-жақты дамуына, келешегіне түбегейлі кедергі келтірді. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында және соғыс жылдарында Қазақстанға жер аударылған корей, шешен, ингуш, түрік, болгар, Қырым татарлары және басқа халықтар мен этникалық топтар өкілдері соғыс кезінде және соғыстан кейінгі жылдары республика халық шаруашылығының барлық саласында еңбек етіп, оның өркендеуіне өз үлестерін қосты. 1957 ж. олардың елдеріне қайтуына, ұлттық-мемлекеттік құрылымдарының қалпына келтірілуіне байланысты КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлықтары мен КСРО үкіметінің қаулы-қарарларына қарамастан олардың негізгі бөлігі осында түпкілікті қалып қойды. Тек Кавказ түріктері, немістер мен Қырым татарларына еліне қайтуға жағдай жасалған жоқ. Бүгінде олардың бәрі Қазақстан Республикасының тең құқықты азаматтары. Олардың соғыстан кейінгі Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесі арнайы зерттеуді қажет ететіндігі айқын. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Сталиндік қуғын-сүргін тарихының құрамдас бөлігі ретінде депортацияның күрделі мәселелерін зерттеу қазіргі отандық тарих ғылымының басты міндеттерінің бірі. Саяси қуғын-сүргін тарихы, халықтарды жазықсыз жер аудару мәселесі кеңестік кезеңде құпия сақталып келді. Бұл проблемалар туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу түгілі оларды баспасөз бетінде атауға тыйым салынды. Тек XX ғ. 80-ші жылдарының соңында ғана КСРО көлеміндегі демократиялық процестердің нәтижесінде бұрын ақиқат тұрғысынан айтуға тыйым салынған тарихтағы «ақтаңдақтар» мәселесі көтеріле бастады. Солардың қатарында КСРО-ның бір аймағынан екінші жеріне күштеп жер аударылған халықтар мен олардың тағдыры туралы зерттеу жұмыстарын жүргізуге жол ашылды. Сөйтіп осы мәселеге байланысты бұрыннан құпия сақталған мұрағат құжаттары ашылып, араға 50-60 жыл салып барып кеңестік күштеп қоныс аудару саясатының орны толмас зардаптары туралы ғылыми конференцияларда баяндамалар жасалынып, алғашқы материалдар жарық көрді. Кеңестік биліктің халықтарды жер аудару туралы жоспарлары, олардың іске асырылуы, жер аударылған халықтардың қанқұйлы саясаттан күйреген тарихи атамекендері, тұрмыстық және құқықтық жағдайы жөнінде құжаттарды алғаш рет Ресей ғалымдары Н.Ф. Бугай, В.Н. Земсков, А.М. Некрич жариялады [1]. Қазақстанның тәуелсіздік алуы тек қазақ халқы тарихының ақтаңдақ беттерін ғана ашып қойған жоқ. 1990 жылдан бері атамекендерінен қуылып, күштеп қоныс аударылған, бүгінде екінші отанында тұрақтап қалған басқа да ұлт өкілдерінің өткен тарихының көлеңкелі тұстарының шынайы беттері ашылды. Айтулы мәселеге орай еліміздегі жер аударылған халықтар тарихын жазуға үлес қосқан көрнекті ғалым, академик М.Қ. Қозыбаев болды[2].Елімізге күштеп көшірілген халықтарды атамекендерінен жер аудару саясатының жасырын ұйымдастырылып, орындалу барысын қашан және қанша адамның Қазақстанға қалай орналасқанын, еңбек армиясына қатынасуын нақты деректермен талдау жасай отырып дәлелдеген Қ.С. Алдажұмановтың зерттеулерінің мазмұны мен маңызы тереңдігімен ерекшеленеді [3]. Ұлы Отан соғысының басталуы кеңестік немістердің қайғылы тағдырларының негізгі себебіне айналды.Қудалануы, кінәсіз айыптар тағылуы, олардың болашақтарына ауыр соққы болып тиді. Жалпы қудалаудың негізгі нысанасы болған немістердің тарихына орай А.Н. Кичихин, Г. Вормсбехер, Л.А. Бургарт, В.П. Емельянов, А.В. Фитц сияқты авторлардың еңбектері, құнды деректермен тарихнамаға қосылған үлес екені аян [4]. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тылдағы халықтан құрылған жүйе – Еңбек армиясы. Ол әскерге жарамсыз ер азаматтардан, соғыс жағдайында еңбек ресурстары ретінде кеңінен тартылған жас-өспірім ұл-қыздар, әйелдер мен егде адамдардан жасақталған. Ал осы құрылымның негізгі күші ретінде оған жер аударылғандардың ең алдымен жіберілгені бұрын айтылмайтын. Соғыс жылдары ауыр, қара жұмыстарға мыңдаған жер аударылған азаматтар айдалып, соның ішінде әсіресе кеңестік немістердің оған міндетті түрде қатыстырылуы қадағаланды. Бұл соғыстан кейін де жалғасты. Еңбек армиясын зерттегендер жер аударылғандар туралы көптеген нақтылы мәліметтерді жарияласа, аталған мәселенің мазмұнын М.Қ. Қозыбаев, Қ.С. Алдажұманов, М.Т. Баймаханов т.б. құнды еңбектері аша түседі [5]. Кеңестік қуғын-сүргін науқанының Қазақстанға жер аударылған Қырым, Кавказ және Еділ бойы халықтарына қолдану тәсілі, қуғындалу себептері Т.Омарбеков еңбектерінде жан-жақты талданып, көптеген мәліметтермен салыстырыла отырып, нақты дәлелдермен мәселенің шынайылығын көрсетеді [6]. Қазақстанға күштеп көшірілген халықтардың бірі корей халқы екені белгілі. Жер аударылғаннан кейінгі корейлердің Қазақстанның халық шарауашылығына атсалысуын және мәдени дамуын сипаттауға арналған Г.В. Кан, Г. Хан, Г.Н. Ким, Д. Мен сияқты ғалымдардың еңбектері бар [7]. Айтулы мәселеге байланысты Қазақстандағы тарихи демографиялық үрдістердің орны айрықша. Кеңестік тоталитарлық жүйе кезеңінде халықтың демографиялық құрамы өзгерістерге ұшырап отырды. Соғыс жылдарында және одан кейінгі кезеңде халықтардың лек-легімен республикамызға күштеп қоныстандырылуы, олардың тууы мен өлімі, шектеулері алынғаннан кейінгі атамекеніне оралу кезіндегі тарихи-демографиялық дамуы, олардың сандық, жыныстық көрсеткіші жөнінде ғылыми талдаулар жасалды. Бұл мәселе М.Х. Асылбеков пен А.Б. Галиевтің, А.Н. Алексеенконың, М. Тәтімовтің, Л.Т. Қожекееваның, М.Х. Асылбеков пен А.И. Құдайбергенованың бірлескен авторлықтағы зерттеулерінен көрініс тапты [8]. Тоталитарлық жүйенің тұсында арнайы жазалау орындары - еңбекпен түзеу колониялары үздіксіз жұмыс істеді. Түрлі себептермен тұтқындалғандар мен күштеп қоныс аударылған халықтардың «отанын сатқандар» ретінде лагерлерде, жазасын қалай өтегендігі туралы С.Д. Дильманов, Қ.С. Алдажұманов, Г. К. Бельгер, О. Дымов және т.б. еңбектерінде айтылады [ 9]. Қазақстанға жер аударылғандардың өмірі туралы деректер Т. Кульбаев, А. Хегайдың «Депортация» (Алматы, 2000) және А.Т. Орымбаевтың «Депортация чеченского и ингушского народов в Казахстан в годы Великой Отечественной войны и их положение в послевоенные годы» (Астана, 2006) атты еңбектерінен көрініс тапқан.
Зерттеліп отырған тақырыпқа тікелей қатысты күштеп қоныс аударылған халықтардың орналасқаннан кейінгі келген ортаға бейімделуі мен олардың келген жерлерінде жалпы еңбекке араласуы тарихын сипаттайтын кандидаттық диссертациялар бар. Батыс Қазақстанға күштеп қоныс аударылған халықтардың орналасу барысы және олардың сол аймақтарда соғыстан кейінгі атқарған жұмыстары, мұнай саласында еңбекке араласуы Ж. Қыдыралинаның «Депортированные народы в Казахстан» (А., 1999) монографиясында айтылған. Соғыстан кейінгі жылдары жер аударылып келген немістердің Қазақстанның ауылшаруашылығын қалпына келтіру, олардың тың және тыңайған жерлерді игеруге қатынасуы А.Н. Фризеннің кандидаттық диссертациясында тыңғылықты зерттелген. Сол сияқты М.Ч. Калыбекованың кандидаттық диссертациясында жер аударылғандардың Қазақстанға келуі, соғыстан кейінгі саяси-құқықтық жағдайы зерттелген. Алайда онда соғыстан кейінгі кезеңде олардың елдің экономикасын дамытуға қосқан елеулі еңбегі туралы мәселе айтылмаған [11]. Күштеп жер аударылған халықтар еңбек саласында ауыр жұмыстарда жүріп, қиын кезеңдерді басынан өткізді. Ол кезең соғыстан кейінгі жылдарда да жалғасты деуге болады. Бірақ олардың салада істеген еңбектері мен атқарған жұмыстары көбіне жалпы түрде баяндалады. Жоғарыдағы шолудан олардың ауыл шаруашылығында, өнеркәсіп пен транспорт саласында атқарған жұмыстары мен тұрмыстық жағдайлары мәселесін қарастырған еңбектер аз екен. 1946-1960 жж. арасында жер аударылғандар қандай жағдайда болды, қалай еңбек етті деген мәселені сол халықтардың өздерінің өкілдерінің естеліктерінен білуге болады. Бұл туралы Д.В. Шабаевтың, Т.А. Курдаевтың, Х.Х. Боковтің, Н. Нәдіровтің естеліктері мол мағлұмат береді [12]. Тағдыр тауқыметімен көп ұлт қоныстанған Қазақстанда олардың өзара және жергілікті халықпен қарым-қатынасының ерекше маңызы бар. Олардың қалай еңбек еткенін, қиын-қыстау кезеңдерінде қол ұшын берген қазақ халқына деген ризашылықтарын Ж. Балапановтың, Г.К. Бельгердің, В.А. Ауманның, Ш. Жарылғановтың кітаптары мен мақалаларынан көруге болады [13]. Мұрағат құжаттарының ашылуына байланысты жер аударылған халықтардың соғыстан кейінгі жағдайын, республика халық шаруашылығының әр саласында қалай еңбек еткенін көрсететін құжатты жинақтар жарық көрді. Сонымен бірге Ресейден шыққан «Сборник законодательных и нормативных актов о реаблитации жертв политических репрессий» (М., 1993) және 2 томнан тұратын «История Российских немцев в документах (1763-1992 жж.) (М., 1993), «История Российских немцев в документах (1965-1992 жж.) (М., 1994) атты жинақтарда да жер аударылған халықтарға қатысты құқықтық құжаттар жарияланды [14]. Зерттеліп отырған мәселе көптеген ғылыми конференцияларда, «дөңгелек столдарда» және семинарларда талқыланды. Олардың ішінде «Әділет» қоғамының «Формирование общественного сознания: освоение идей демократического плюрализма и гражданского общества (новые аспекты)» (А., 1998) және «Депортация народов и преступление тоталитарного режима» (А., 1996) жинақтарын айтуға болады [15]. Тақырыптың тарихнамасы жер аударылғандардың соғыстан кейінгі кезеңдегі тарихы, олардың Қазақстанның халық шаруашылығын дамытудағы үлесі әлі де арнайы зерттелгенін көрсетеді. Зерттеудің деректік негіздері. Жұмыстың деректік негізін өзінің мақсаты мен міндеттеріне сай мұрағаттық құжаттар, баспасөз материалдары мен құқықтық актілері, түрік, шешен-ингуш, татар, азербайжан және тағы басқа да ұлттық-мәдени орталықтарының мұрағат қорларында сақталған деректер құрайды. Онда тоталитарлық жүйеде қабылданған актілер, анықтамалар мен бұйрықтар, Ішкі Істер Министрлігі (НКВД, МВД), және басқа да ресми мекемелердің арнаулы мұрағаттарының құжаттары да бар. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің (ҚР ПМ)-708 қорының (ҚКП Орталық комитеті), Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатының (ҚР ОММ) 1137-қорының (Қазақ КСР Министрлер кеңесі), 1987-қорының, 1928-қордан (Қазақ республикасының банкінің ауылшаруашылығы құрылысына несие беру кеңесі), 1488-қорының (Қазақ КСР Жеңіл өнеркәсіп министрлігі) жер аударылғандарға үй құрылысына, тұрмысына қаражат бөлу, жәрдем ету туралы құжаттары мен деректері де жұмысқа арқау болды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Алматы облысының Мемлекеттік мұрағатының (ҚР АОММ) – 685-қорындағы (Облыстық атқару комитет), 1881-қорындағы (Қоныс аударту бөлімі), Қазақстан Республикасының Бас прокуратура жанындағы құқықтық статистика және ақпарат орталығының мұрағатының бұрын айрықша құпия 16-қорындағы деректер де алынды.

Қазақстандағы саяси жер аударылғандар
1825 жылғы көтеріліске дейін де бірқатар болашақ декабристер Қазақстанда қызмет бабымен болып, немесе жер аударылған еді. Мәселен, Г.Батеньков, А.Жемчужников, М.Муравьев, В.Вольховский, А.Янушкевич жергілікті ресми мекемелерде қызмет істеді. Орынбордағы декабристердін жасырын ұйымға мүше болған прапорщик Г.Карелин, Г.Батеньковтар көрнекті мемлекет қайраткері М.Сперанскийге Сібір қазақтарының Жарғысын дайындауға көмектесті.
Декабристер көтерілісінің жеңілуі азаттық қозғалыс өкілдерінің Ресей империясына қараған шеткі аймақтар өкілімен танысуына себепші болды. Декабристер ісі бойынша жауапқа тартылған 579 адамның 108-і Сібірге, сонын ішінде Ертіс бойындағы бекіністерге, Орынбор шебіне айдалды. 1826 -1828 жылдары Ертіс бекіністерінде П.Коновницин, М.Лаппа сияқты декабристер айдауда болды. Орынборда А.Горжанский, А.Жемчужников, А.Салтанов, И.Лушников, т.б. декабристер айдауда болды. Солтүстік Қазақстан қалаларына да декабристер жер ауып келді.Олар патша үкіметінің ұлт аймақтарындағы отаршылдық саясаты салдарын, әкімшілік қыспағында отырған жоқ жітік, ауыр тұрмыста өмір сүру жағдайының қиындықтарын өз көздерімен көрді. М.И.Муравьев Апостол Бұқтырма комендантынан жергілікті тұрғындарды емдеуге рұқсат алды. Өз естеліктерінде ол «Бұқтырмада көп емдеп, көп көмектестім», -деп жазады.Қазақстанға жер аударылған декабристерден ерекше көзге түскені С.Семенов болды. Мәскеу университетін бітірген, этикалық-саяси ғылымдар магистрі айдауда жүріп, Омбы облыстық басқарма шешімімен Өскеменде қызмет атқарды, кейіннен дәрігер болдып С.Семенов немістің атақты саяхатшы-ғалымдары Гумбольдт, Эрен-берг, Розе басқарған саяхатқа қатысып, қазак елін, жерін аралады, тұрғылықты халықтың өмірімен танысты. Патша үкіметі қанша кудаласа да жасырын революциялық үйірме құрылды. Бұл құпия үйірмеге П.Величко. майор А.Кучевский. Х.Старков, Г.Карелин, т.б. мүше болды. Олар Польша азаттық козғалысынын белгілі өкілдерімен байланыс орнатты. 1827 жылы үйірменің кұпиясы ашылып, оның мүшелері Сібірге айдалды.Карелин Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауларын зерттеуге арналған, В.Вольховский Бұхарға ұйымдастырылған экспедидияларға катысты. Вольховскийдің сол кезде жасаған «Кіші жүз руларының картасы» әлі күнге манызды дерек болып саналады. Орынбор қаласындағы тұңғыш мұражай тарихы да декабристер есімімен тығыз байланысты. 1831 жылы Орынбордағы Неплюев кадет корпусы жанынан ашылған бұл мұражай осы өлкенің тұрмысын, тарихын сипаттауға арналған. Мұражайды әр түрлі экспонаттармен жабдыктау ісіне қатысушылардың бірі Бөкей ханы Жәңгір болды.
Мұндай мұражай Орал қаласында да ұйымдастырылды. Онда Г.Карелин есімімен байланысты көрмеліктер бар. Декабристер ішінде қазақ халкы тарихымен айналыскан зерттеушілер де болды. И.Завалишиннің Мәскеуде 1867 жылы жарык көрген «Батыс Сібірді сипаттау» атты енбегінің бір бөлімі казақтарға арналды. Көптеген деректерге сүйеніп жазылған бұл еңбек әлі күнге дейін құндылығын жойған жок. А.Коровковтың «Іле бекінісіне бару” деген очеркінде қазак жері, оның шексіз даласы, байлығы туралы тамаша пікірлер айтылған. 1849 жылы М.Петрашевский ісі бойынша тұтқындалған орыстың ұлы жазушысы Ф.Достоевский «Белинскийдің идеясын» таратқаны үшін Сібірге жер аударылды. Омбыда каторгалык жұмыстың төрт жылдық мерзімі біткеннен кейін солдат болып Семейге ауыстырылды. Ф.М.Достоевскийдің Семейде болуы — оның жергілікті тұрғындармен карым-катынасы кейінгі жазушылық қызметінде белгілі із қалдырды. Жазушының археологиялык ескерткіштер жинаумен айналысуы жергілікті өлке тарихын зерттеуге көңіл бөлуінің көрінісі еді. Семейде Достоевский Шокан Уәлихановпен кездесті. Омбыда басталған таныстык одан әрі жалғасты. Ұлы орыс жазушысы сол кездегі Шоқан секілді кайраткерлердің Қазақстан тарихындағы рөлін дұрыс ұғынды. Достоевский қазак ғалымының максатының орындалуына жөн сілтеді.Қазакстанда болған петрашевшілердің бірқатары шығыстанумен айналысты. Ақындар А.Баласогло, Д.Ахшарумов Қазақстан тақырыбымен шұғылданды. Белгілі шығыс зерттеушісі А.Макшеев пен петрашевшіл Н.Момбеллидің хаттарынан қазақ елі туралы көптеген мәлімет алуға болады. Зерттеуші А.Макшеев А.Бутаковтың басшылығымен ұйымдастырылған Арал экспедициясында өлкенің тарихи-географиялық бейнесін сипаттаған еді. Райым бекінісінен Қосарал аралына дейінгі саяхаттын мән-жайын түсіндіре келе, А.Макшеев көшпелі казактардын ауыр жағдайын суреттеді. Петрашевшілдер казақ халқының озык ойлы ұлдарының орыс демократиялық козғалысы идеяларын түсінуіне септігін тигізді. Бұл жерде мына деректен дәлел келтірсек, қаралып отырған мәселе әлде-қайда түсінікті болары сезсіз. Аудандық ІІХК бастығы жеткізген хабарлама-сында: «Кеңес Одағының фашистік Германиямен соғысына байланысты әр түрлі элементтер кеңес өкіметіне қарсы арандатушылық қауесет таратып жүр. Аудан бойынша кеңес екіметіне қарсы пиғылдағы элементтер: бүрын-ғы банды көтерілісіне қатысушылардан 93 адам, 936 кәріс және неміс», -деп атап көрсетілген.Мысалы, КСРО-ныңХКК мен БКП(б) ОАК-ның 1937 жылғы 21 тамыздағы қаулысында Қиыр Шығыс кәрістерінің қоныстарын аудару «өлкеге жапон тыңшыларын еткізбеу мақсатында» жүрпзілгенін айтады. Қиыр Шығыста тұратын кәрістер түр-түсі мен көлбеті жағынан ұқсастығына байланысты «жапон тыңшылары» деген желеумен жер аударылып, сенімсіз халық деп танылды. 1941 жылғы 28 тамыздағы КСРО Жоғары Кеңесі тералқасының «Еділ бойында түратын немістердің қоныстарын аудару» туралы жарлықта: «Мыңдаған лаңкестер мен тыңшылар бар, олар Германиядан келетін хабар бойынша жарылыстар ұйымдастыруды көздейді», яғни КСРО-ға қарсы бағыт-талған әрекет жасауда деп керсетілген.КСРО-дағы жаппай қуғын-сүрпн жылдарында 3 млн астам адам жер аударылды. «Сенімсіз халықтар» қоныстанған арнайы аудандар - солтүстік облыстар, Сібір, Орал, Орта Азия және Қазақ жері болды. Бұл халықтардың ең көп белігі Қазақжері мен Сібірге қоныстандырылды. Қазақстан Республи-касының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халықтары ассамблеясының IV сессиясында жасаған баяндамасында жер аударылғандардың санының 1 миллион 200 мың екендігі туралы дерек келтірді.Қазақ жеріне немістердің 38%-ы, шешен мен ингуштардың 83%-ы, кәрістөрдің59%-ы, балқарлардың55%-ы, қарашайлардың 58%-ы, гректердің 76%-ы, курдтардың 62%-ы күшпен қоныс аударылды. Қоныстанушылар іс жүзінде Қазақстанның барлық облыстарына орналастырылды және ІІХК-нің мынадай нұсқауларын орындады: «құпия тапсырмалар бойынша шет мемлекеттің агенттерімен байланыс жасамау үшін «сенімсіз халықтарды» шегаралық аймақтарға орналастырмау»; «қашып кетпес үшін теміржолдардан алыс жерлерге орналастыру»; «бақылауға ыңғайлы болу үшін топтарымен орналастыру». Сонымен бірге олар әрдайым комендатураға барып, белгіленіп тұруы тиіс болды.
Күштеп қоныстандырудың зардабы өлшеусіз еді, оны басынан еткізгендер ешқашан ұмытпайды. Бұрын емір сүрген жерлерінде олар барлық дүние-мүлкін тастауға мәжбүр болды. Жүздеген мың «сенімсіз халықтарды», оның ішінде қарттар, әйелдер мен балаларды мал таситын немесе тауар таситын вагондармен әкелді. Егер жауапты адамдарға болмашы ғана наразылық білдірген жағдайда, сол жерде, тіпті пойыз жүріп келе жатып немесе аялдаған жерде, жазалайтын болған. Қазақстанда қоныстанушылар бос қалған мешіттерге, ат қораларға, шошқа қораларға, қоймаларға орналастырылып, мұндай орындар да жетпей қалғандары ашық аспан астында өздеріне жертөлелер қазып алды. Қоныстанушылар арасында эпидемиялық жұқпалы аурулар - іш аурулары, қызылша, дизентерия кең тарап, оба және тырысқақ аурулары, бит басу күшеиіп кетті.Зорлықпен кешірілген халықтар қиын заманда Қазақ өлкесінен пана тауып қана қойған жоқ, бастарынан қиыншылықтарды бастан өткізе отырып, өздері және ұрпақтары үшін екінші Отанын тапты. Олар ездерінің ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалды, кепұлтты Қазақ өлкесінен өзіне лайыкты орын тапты. Бұндай әрекеттерден шығындар да көбейді. Мысалы, 1950 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының игерілетін суармалы жерлерінде колхозшылды көбейту керек болды. Осының нәтижесінде бетпақ даланы игеруге 3 мың жер аударылғандар үгіттеліп жіберілді. Жағдайларының жақсаратына сенген олар көшуге келісім берді. Бірақ оларға жаңа жерлерде де жер аударылғандар екенін білдіретін құжаттарын өзгертуге құқы болмады. Барған жерлерде де олардың материалдық-тұрмыстық жағдайлары төмен болды. Өйткені иесіз далаға тез арада баспана, мектеп, аурухана сала қою оңайға түспеді. Олардың тұратын жерлері жертөлелер, қамыстан салынған үйлер немесе бір баспанаға бірнеше отбасылары тұратын барақтар еді. Кері қайтуға жол алыс, қаражат болмады және кетуге рұхсат та болған жоқ. Олардың орналасқан жерлерінде өткізілген заттары қайтарылып, үйлері жоқ қоныс аударылғандарға өкімет тарапынан үй-жай бөлінеді делінді. Бірақ соғыстан кейінгі тұралаған уақытта бұл жағдайлар орындалмады, керісінше оларға жергілікті халықтар көмектерін аяған жоқ. Күштеп қоныс аударылғандардың өмірін, тұрмыс-тіршілігін реттейтін арнаулы жеке құқықтық актілері мен нормалары болды. Мысалы, 1945 ж. 8 қаңтардағы бір қаулыда «Әдейі қоныс аударылғандар Кеңес Одағы азаматтары сияқты барлық жағдайларды пайдалана алады» - делінді. Бірақ бұл сөз жүзінде қоныс аударылғандардың өмірінде көптеген өзгешеліктер болды. Олар бақылаушы коменданттың рұхсатынсыз елді мекеннен ешқайда шыға алмайтын болды. Жер аударылғандардың тұрмыстық-тіршілігін жаңа қоныстанған жерлерінде халық комитетінің ішкі істерінің арнайы комендатуралары бақылауға алып, тәртіп бойынша жиі-жиі тексеріп отыруды әдетке айналдырды. Әрбір өзім білерлік тез арада ашылып отырды. Әрбір заң бұзушылық тез арада ашылды. Қоныс аударылғандар үш күн мерзім ішінде отбасындағы өзгерістерді баланың тууы, өлім, кеткен адамдар, ажырап қалған туысқандарымен табысу, емделу, тұрағының және жұмыс орнының ауысуы жайлы тағы басқа деректерді үнемі комендатураға хабарлауға тиіс болды. Олар өздері тұрған жерлеріндегі тәртіпке, күнделікті істелінетін істерге көңіл бөліп, қатаң бақылауға бағынулары керектін, өйтпеген жағдайда тәртіп бұзушы ретінде 100 сомға дейін айыппұл төлеп, 5 күнге дейін қамауға алынды. Жаңа жердің жағдайына, құқықтық ережелерге наразы болып, тұруға белгіленген елді мекендерді өз беттерінше тастап кеткен, немесе қашқан адамдар ұсталып, қатаң қылмыстық жазаға тартылып отырды. Мұндай адамдар бас бостандығынан айырылып, ауыр жұмыстарға жіберілді. Осындай заң режимі олардың тұрмыс жағдайларын ауырлата түсті. Оларды отанын сатқандар немесе халық жаулары ретінде қарап жекелеген басшы қызметкерлер әртүрлі сылтаулармен жұмысқа алмауға, жәрдем бермеуге тырысты. Кейде жұмыстың жоқтығынан күнделікті тіршіліктегі хал-ахуалдары нашар болды. Тұрмыстағы мұндай келеңсіздіктер олардың жаппай ауруларына себеп болды, қашу оқиғалары да көптеп етек алды. Арнайы жер аударылғандар үшін жеке құқықтық мәні бар заң актілері мен нормалары қатаң сақталып, ал керісінше олардың материалдық мұң-мұқтажына байланысты мәселелер толық шешімін тапқан жоқ. Соғыстан кейінгі шаруашылық күйзелісі, жалпы экономикалық қиындықтар барлық халыққа ауыр тигені мәлім. Сондықтан жер аударылғандарды орналастыру немесе республика көлемінде басқа жерге көшіру қосымша материалдық шығындарға әкеліп соқты. Дегенмен, жер аударылған халықтардың тұрмыс-тіршіліктерінде әртүрлі кедергілер мен келеңсіздіктер қысылтаяң уақытта жергілікті тұрғындардың да ауыр кезеңдердегі тұрмысына орайласып келіп тұрды. Себебі,бұл күштеп қоныс аударылып келген халықтарға жасалынып отырған азын-аулақ болса да көмектерді тұрғылықты халықтың аузынан жырып берумен бірдей болды. Алайда, ауыр болса да елімізде мемлекет тарапынан да олардың тұрмыс-тіршіліктеріне, мүмкіндігінше материалдық қолдау (мал, үй-жай, азық-түлік, киім-кешек) көрсетіліп тұрды. Дегенмен соғыстан кейінгі қиыншылық пен тапшылықты бүкілхалық басынан өткерген еді.
Семестрлік жұмыстың «Жер аударылған халықтардың 1946-1960 жылдарда халық шаруашылығын өркендетуге қосқан үлесі» атты екінші тарауда соғыстан кейінгі тұралаған халық шаруашылығын қалпына келтіру мен олардың осы кезеңдегі тарихы байланыстырыла қарастырылды. Соғыс кезіндегі қорғаныс өндірістеріне, жаңадан салынған теміржол құрылысына, тау-кен өндірісіне шұғыл жасақталған жүйе - Еңбек армиясы еді. Еңбек армиясының құрамында мыңдаған адамдар жіберілді. Ондағыларға жұмыстың ауырлығына қарамай кез-келген нормалар беріліп, олардан соны орындау талап етілді. Жер аударылған халықтардың ішінде әсіресе немістерге деген сенімсіздік күшті болды. Олар лагерлік типтегі Еңбек армиясының барлық этаптарынан өтті. Бұндағы жұмыстарға неміс ер азаматтарының 15-55 жас аралығындағы және неміс әйелдерінің 16-дан 45 жасқа дейінгілері тартылды. Еңбек армиясы 1946 жылдың соңына дейін ұйымдасқан түрде жасырын жұмыс істеді. 1946 ж. кейін Еңбек армиясы лагерлері мен колониалары таратылып, ондағылар күнделікті өмір статусына ауыстырылды. Алайда еңбек резервтерінің мобилизациялық жоспары бойынша 16 жастағылардан жоғарғылар ФЗО (ФЗУ) арқылы жұмысшы мамандықтарын алып, міндетті түрде жұмысқа жіберіліп отырды. Ендігі жерде оларды кейінгі жұмыстарға пайдалану әдістері халық шаруашылығындағы әрқилы еңбек түрлерімен жалғасты. Кеңес Одағы Министрлер кеңесінің 1946 ж. 9 шілдедегі №1480-650 қаулысымен «Халық шаруашылығын қалпына келтіру және өркендету туралы» мемлекеттік жоспар бойынша бұл жұмысқа жер аударылғандардан бірінші кезекте тартылды. Дегенмен олардың міндетті еңбек саласы халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңіне дәл келгенімен жер аударылған халықтарды алғашында еңбекке пайдалануда жұмысшылар мен басқарамалар арасында әртүрлі қақтығыстар да кездесіп тұрды. Мысалы, 1946 ж. Зырянов кен басқармасында өндіріс жоспарының қысқаруына байланысты жұмыстан бірінші кезекте жер аударылғандар шығарылған. Мамандықтары барлары мен ерекше цехтарда істейтін 178 адам жұмыссыз қалдырылды. Мұндай жағдайдан кейін олардың жағдайлары күрт төмендеп кетті. Кейіннен олар басқа жерге көшірілді. Қанша ауыр жұмыс, жағдайдың нашарлығына қарамастан жер аударылғандар арасында өз жұмыстарын жауапкершілікпен атқарып, бригадаларымен жақсы көрсеткіштерге жеткендер де аз емес. Осылай елдің экономикалық қуатын арттыру үшін бар күш-жігерімен аянбай еңбек еткен ел тұрғындарымен қоса жер аударылғандар да оған барынша атсалысты. Олар Қарағанды шахталарында (неміс, шешен, ингуш, корей, грек, болгар т.б. халықтардың өкілдері), Ақтөбе ферросплавл заводында, Ақтөбе химия комбинатында, Шығыс Қазақстандағы зауыттар мен рудниктерде, Шымкент қорғасын және цемент зайыттарында, темір жол транспорты мен оның жаңадан салынып жатқан линияларында, Петропавл, Қостанай, Орал, Жамбыл, Алматы, кәсіпорындарда, мұнай кәсіпшіліктерінде, тағы басқа да өндіріс салаларында еңбек етті. Жер аударылған Кавказ халықтары жеңіл өнеркәсіп саласында да көп болды. Мысалы, Қостанайдағы №185 «Большевичка» тігін фабрикасында, Семей тері комбинатында, былғары фабрикасында, былғары аяқ киім жасау тресінде, Алматы фурнитур зауытында, Жамбыл «Соскопедзауытында», жұмыс істеді. Оларға берілген жұмыстар көбінесе аяқ киім тігіншісі, шатмпшы, күзетші, еден жуушы, мал бағушы т.б. болды. Халық шаруашылығын өркендетуге байланысты жер аударылғандарды колхоз, совхоз және кәсіпорын жұмыстарына пайдалану, кең түрде жүргізілді. Оларды тұрақты тұрғын үймен және өз уақытында еңбек ақысымен қамтамасыз ету қиын болды. Олар жаппай қажет мамандық алу үшін оқытуға да жіберілді. Кейіннен олардың ішінен кәсіпорындардағы жұмыстарын, яғни мамандықтарын жақсы меңгергендерді білімдерін көтеруге мүмкіндік алды. Инженер, агроном мамандықтары бойынша жұмыс істегендер де болды. Біртіндеп халық шаруашылығында жұмысқа араласу көрсеткіші өсті. 1949 ж. жер аударылған халықтардың халық шаруашылығында жұмысқа араласудағы жалпы көрсеткіші былай болды: ауыл шаруашылығында 546 555 адам, оның ішінде совхоздарда 80 238 адам жұмыс істесе, көмір өнеркәсібінде 161 388 адам, орман және қағаз өнеркәсібінде 117 953 адам, жергілікті өнеркәсіптерде 59 001 адам еңбекке тартылды. Металлургиялық өнеркәсіптерінде 37 575 адам, алтын өндіретін өнеркәсіптер мен т.б. кәсіпорындарда, КСРО ІІМ құрылыстарында 99 872 адам, мұнай өнеркәсібінде 23 048 адам, тамақ өнеркәсібінде 21 095 адам, теміржол құрылыстарында 20 506 адам, ауыр индустиялық кәсіпорындар құрылысында 19 509 адам, жеңіл өнеркәсіп саласында 18 236 адам, машина жасау кәсіпорындарында 5 495 адам, балық өнеркәсібінде 12 486 адам, сауда мекемелерінде 8 201 адам, құрылыс материалдар өнеркәсібінде 10 955 адам, химия өнеркәсібінде 7 446 адам, халық шаруашылығының басқа салаларында 102 683 адам жұмыс істеді. Сөйтіп соғыстан кейін де халық шаруашылығының барлық салаларында күшпен қоныс аударылған халықтардан 1 282 004 адам еңбекке жұмылдырылды. Соғыстан кейінгі жылдары барлық күш жігер негізінен өнеркәсіп саласын дамытуға жұмсалып, ауыл шаруашылығы едәуір артта қалып қойды. Кәсіпорындар мен мекемелерде белгілі уақыттық жұмыс тәртіптері енгізіліп, қосымша демалыс уақыттары белгіленсе, ауыл шаруашылығындағылар үшін бұл мәселе назардан тыс қалып отырды. Оған себеп ауыл шаруашылығында техниканың жетіспеуі еңбек ресурстарының да жеткіліксіз екенін көрсетті. Ауыр жұмыстар қол еңбегімен орындалды. Барлық өнім мемлекетке өткізілді. Бұл республикамыздағы тұрғын халықтарды күнделікті азық-түлік өнімдерімен, қамтамасыз етуге әсер етті. Жер аударылғандар Қазақстанда тауар өнімдері мен азық-түліктің тапшылығын қиындатқаны аян. Соғыстан кейінгі жылдары соғыс салып кеткен қиыншылықтарына қарамастан Қазақстанның тұрғылықты халқы күштеп қоныстандырылғандарға барынша көмек көрсетті. Алыс орналасқан колхоздар мен совхоздардағы ұйымдастыру істері дұрыс жүргізілмеді. Мал шаруашылығында жем-шөптің жетіспеуі, оны дайындауға мүмкіндік болмай, мал шығынына әкеп соқтырды. Бұл жағдай 50-жылдардың басына дейін созылды. Соғыстың аяқталғанына біраз уақыт болса да ауыл шаруашылығы халықты азық-түлік өнімдерімен, өнеркәсіп шикізаттармен әлі де болса қамтамасыз ете алмады. Халық шаруашылығында, оның ішінде ауылдық әлеуметтік-мәдени ісін өркендету барысында біршама қиындықтармен қатар келеңсіз кедергілер де болып отырды. Бұны шешу қаржы мәселесіне келіп тірелді. Ал жер аударылған халықтардың негізгі бөлігі ауылдық жерлерге қоныстандырылғаны белгілі. Олардың колхоздарға орналастырылғандары көбінесе егіс жинауға, дәнді-дақылдарды, мақта, темекі егістігі күтіміне, мал шаруашылығында және басқа салада жұмыс істеді. Десекте халық тұрмыстық қиыншылықтарды көтере білді. 50-ші жылдардың басында ұсақ колхоздарды біріктіріп, ірілендіру іске асырылғаны мәлім. Сонымен қатар 1950 жылдың орта шенінде



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет