Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті «коммерциялық емес акционерлік қоғамы»
Орындаған Дулатов Е.Ж.
Тексерген Зайнеттинова Д.Б.
Тарихи деректерАуруды алғаш анықтап жазған 1921 жылы американ ғалымы С.Р. Дойль болды. Алғашқы деректер жарияланғаннан кейінгі 50 жыл ішінде бұл аурудың негізгі қоздырушысы анықталмағандықтан, баспа бетінде әр түрлі атпен (вибриоз, балантидиоз, спирохетоз, т.б.) аталып келді.
Қоздырушысы- Borrelia hyodysenteria - Treponemataceae тұқымдастығының Borrelia туыстастығына жатады. Ұзындығы 6-9 мкм, көлденеңі 0,3- 0,4 мкм, грамтеріс, ауасыбағасыз спирохета, сұйық ортада жылан сияқты қозғалады. Анилин бояуларымен, соның ішінде генцианвиолетпен жақсы боялады. Микроб тек қана ауасыз ортада өседі. Өсіру үшін триптикалык соя қосылған агар мен сорпа пайдаланылады.
Төзімділігі. Микроб сыртқы орта жағдайына төзімсіз. Шошқаның қиында 18°С-та 6 тәулікке, 4°С-та 3 апта сақталады. Мұздатылған зардапты материалда 2 айға дейін уыттылығын жоймайды. Дезинфектанттардан 2-3% күйдіргіш натрий, 2% формалин, 20% жаңа сөндірілген әктің тұнбасы қолданылады.
Індеттік ерекшеліктері. Дизентерияға шошқа жасына, тұқымына қарамастан бейім келеді. Бірақ, қалыпты жағдайда көбінесе 1-6 айлық торайлар жиірек ауырады. Ауру жылдың кез келген уақытында шығуы мүмкін болғанмен, көбінесе күзгі-қысқы уақытта жиірек кездеседі
Дерттенуі. Боррелийлер шошқа организміне қоректік жолмен енгесін тоқ ішекке жетіп, оның кілегейлі қабығына жабысады. Бактериялардың белгілі бір бөлігі өліп, олардан кілегейлі қабықты тітіркендіретін аллергендер бөлініп шығады. Оның әсерінен кілегейлі қабық қабынып, өткізгіш қабілеті өзгеріп, қоздырушылар көптеген мөлшерде ішектің терең қабаттарына еніп, ол жерде морфологиялық өзгерістер туғызады. Әсіресе бокал тәрізді торшалар көбейіп, ішек секрециясы бұзылып, дисбактериоз қалыптасады. Осылардың әсерінен пайда болған улы заттар қан арқылы ішкі мүшелерге еніп, оларда дистрофиялық және функциялық өзгерістер өрбиді