Дәріс 12. Генераторлар және автогенераторлар
12.1 Тәуелсіз қоздырылатын генераторлар
Электронды генераторлар - бұл тұрақты токты қорек көзі энергиясын белгілі бір жиілік пен пішінді электрлік тербеліс энергиясына түрлендіретін құрылғы. Электрлік тербеліс пішіні әр түрлі болуы мүмкін. Синусоидалы тербеліс өңдейтін генераторлар синусодалық немесе гармоникалық тербеліс генераторы деп аталады. Егер тербеліс пішіні синусоидалы емес (тік бұрышты, үшбұрышты, ара тісі тәріздес және т.б.) болса, онда мұндай тербеліс өңдейтін генераторлар импульстік немесе релаксациялық деп аталады.
Басқару әдісі байланысты генераторлар екі түрге бөлінеді: өзіндік қоздырылатын генераторлар (автогенереторлар) және тәуелсіз (сырттан) қоздырылатын генераторлар. Тәуелсіз қоздырылатын генераторлар -резонансты жүктемеде жұмыс істейтін жоғары жиіліктегі қуат күшейткіші.
Тәуелсіз қоздырылатын генераторлар құрамына басқарылатын кіріс сигналы көзі және жиілігі кедергіге тәуелді қуат күшейткіші кіреді. Күшейткіш В немесе С класында жұмыс істейді, ал жиліктің кедергі тәуелділігін бірінші гармоникаға бапталған LC контуры атқарады. Шығыс кернеуі тербелмелі контурға параллель қысқыштардан алынады.
Суре 114. Тәуелсіз қоздырылатын генераторлар
Шығыс кернеуі Uшығ = A*sin ωt өрнектеледі.
12.2 Өзіндік қоздырылатын генераторлар (автогенереторлар)
Автогенератор құрамында кері байланыспен қамтылған күшейткіш бар. Синусоидалы тербеліс алу үшін мынадай екі типті күшейткіш схемасы қолданылады: резонанстық (тербелістік) контурлы және резистивті-сыйымдылықтық тізбекті. Резонанстық (тербелістік) контурлы схемада жасалған автогенераторды - LC-типті генератор деп, ал резистивті-сыйымдылықтық тізбекті схемада жасалған RC-типті генератор деп аталады немесе LC- типті және RC- типті автогенераторлар деп аталады.
Сурет 115. Өзіндік қоздырылатын генераторлар (автогенереторлар) схемасы
Автотербелістің өрбуі әрқашан күшейткіш кірісіндегі кері байланыс сигналын күшейтуден басталады.
Uвых = k*Uвх
Сурет 116. Күшейткіштің амплитулалық исипаттамасы, А-нүктесінде қанығу аймағы
Сурет 117. Тербелістің өрбуі және тұрақты режимге енуі
β – кері байланыс тізбегінің түзуі.
Бастапқы кіріс кернеуі Uкір0 қуат кшейткіші арқылы күшейтіліп, оң кері байланыс тізбегі арқылы күшейткіш кірісіне қайта беріледі. Бұл кернеу Uкір амплитуда бойынша Uкір0 –дан үлкен. Ары қарай осыған ұксас. А нүктесіне дейін β*К >1 теңдігі орындалады. Яғни автотербелістің дамуы жүреді. Әрбір келесі кіріске қайта келген кернеу мәні алдыңғы мәнінен үлкен болады. А нүктесінен бастап автотербеліс стационар режимге енеді, яғни тұрақтанады. А нүктесінде нүктеде β*К = 1 шарты орындалады. Бұл автотербелістің орнығу шарты
Uкб = Uкір = β*Uшығ
β және К мәндері комплексті сандар
және ,
Мұндағы φβ – кері байланыстағы фазалық ығысу; φК - күшейту каналындағы фазалық ығысу.
= 1 шарты φК + φβ = 0;2π фазасында ғана орындалады.
= 1 – амплитудалық баланс шарты;
φК + φβ = 0;2π –фазалық баланс шарты;
Бұл шартта күшейткіштің өзіндік қозу шарты болып табылады.
Амплитудалық баланс шарты кері байланыс тізбегіндегі сигнал бәсеңдеуін автогенератор күшейткіші орнын толтырады.
Фазалық баланс шарты кері байланыс арқылы толық бір шеңберінен өткен соң, сигналдың күшейюіне себепкер болады.
Берілген жиіліктегі сигнал алу үшін амплитудалық баланс шарты және фазалық баланс шарты осы жиілікте орындалуы тиіс.Тербелістің өрбуі және тұрақты режимге енуі 117 суретте көрсетілген.
12.3 Синусоидалдық сигналдар генераторлары
Синусоидалдық сигналдар генераторлар синусоидалы пішінді кернеу өңдеп шығарады. Олар құрамындағы жиілік беретін компоненттеріне сәйкес үш түрге бөлінеді:
|