LC генераторлар,
кварцтық генераторлар,
RC генераторлар.
LC генератордың құрамына тізбектей немесе параллель жалғанған конденсатор мен индуктивтілік шарғыдан тұратын тербелмелі контур кіреді. Оның параметрлері синусоидалдық сигнал жиілігін анықтайды.
Кварцтық генераторлар LC генераторға ұқсас, бірақ тербелістің өте жоғары тұрақтылығын қамтамассыз етеді.
RC генераторлар тек төменгі жиілікте қолданылады. Онда жиілік кедергі мен сыйымдылықтан тұратын тізбек көмегімен беріледі.
Синусоидалы пішінді кернеу өңдеп шығаратын сұлбасы 118 суретте берілген. Кері байланыс шамасы L1 катушканың орамдарына байланысты. Шығыс сигналы L2 катушканың орамдарынан алынады.
Сурет 118. Ара тісті импульстар генераторы
RC генераторлар негізінде жасалған синусоидалы тербеліс генераторы сұлбасы 119 суретте (а) көрсетілген. Мұндағы кері байланыс ретінде жолақтық RC- сүзгі қолданылады. RC- сүзгінің жиіліктік сипаттамасы 119 суретте (б) берілген. Мұнда салыстырмалы жиілік W = wRC болғанда, орташа жиілік 1-ге тең.
Сурет 119. RC генераторлар негізінде жасалған синусоидалы тербеліс генераторы
Фаза балансының шарты орындалуы үшін кері байланыс тізбегі инверттеуші емес кіріске қосылады. Амплитудалық баланс орындалу үшін операциялық күшейткіштің инверттеуші емес кірісіде күшейту коэффициенті К=3 болуы керек. Сондықтан R1=2R2 деп алынады. Жалпы операциялық күшейткіш тізбегіне қосылатын жолақтық сүзгі мен R1R2 бөлгіші - Вин-Робинсон көпірін құрайды.
Бірақ барлық схемалар жоғары тұрақтылық пен минимальды бұрмалануды қамтамассыз ете алмайды. Сондықтан көбіне синусоидалы тербеліс алу үшін функциональдық генераторлар қолданылады. Функциональдық генераторлардың блок-схемасы төмендекөрсетілген.
Сурет 120. Функциональдық генераторлардың блок-схемасы
Бұл генераторлар төменгі және инфратөменгі жиілікте тербеліс амплитудасының жоғарғы тұрақтылығын және оны басқаруға мүмкіндік береді.
12.4. LC және RC -автогенераторлар сұбалары, жұмыс істеу принциптері
Автогенератор құрамында кері байланыспен қамтылған күшейткіш бар. Синусоидалы тербеліс алу үшін мынадай екі типті күшейткіш схемасы қолданылады: резонанстық (тербелістік) контурлы және резистивті-сыйымдылықтық тізбекті. Резонанстық (тербелістік) контурлы схемада жасалған автогенераторды - LC-типті генератор деп, ал резистивті-сыйымдылықтық тізбекті схемада жасалған RC-типті генератор деп аталады немесе LC- типті және RC- типті автогенераторлар деп аталады.
Резонанстық LC контур көмегімен 15 – 20 кГц жиіліктен төмен диапазонда тербеліс алу олардың көлемінің үлкендігінен өте қиын. Ол жиілікте RC-типті генератор қолданылады. Олар 0,1-ден 100 кГц дейінгі жиілік диапазонында тұрақты синусоидалы тербеліс генерациялайды және салмағы мен габариті кіші. Әсіресе, төменгі жиілікте жұмыс істейтін RC-типті генератордың артықшылықтары ерекше.
LC – генераторлар жолақтық аймақта жұмыс істейтін, яғни жиілікке тәуелді күшейткіші және жиілікке тәуелсіз емес кері байланысы бар құрылғы.
Сурет 121. LC – генераторының сұлбасы
Тербелмелі контур тең жиілікте таза активті кедергі береді.
, мұндағы rk – тербелмелі контурдың активті кедергі шығыны (суретте көрсетілмеген). Демек, осы жиілікте күшейткіш кернеудің 180о ығысуын қамтамассыз етеді. Басқа жиіліктерде контурда реактивті кедергі және ≠ 180о фазалық ығысу болады.
Резонанстық жиілікте кері байланыс тізбегі 180о фазалық ығысу берсе, ортақ эмиттерлі транзисторлық сұлба шығыстағы кернеуге кіріс кернеуі қатысты тағы 180о фазалық ығысу береді. Нәтижесінде кері байланыс тізбегіндегі қосынды ығысу мәні = 2π.
Яғни фазалық баланс шарты мұндай генераторда тек резонанстық жиілікте ғана орындалады, ал амплитудалық баланс шарты орындалу үшін күшейткіш коэффициенті өте жоғары транзистор таңдалады.
LC – генераторларды төменгі жиілік диапазонында пайдалану тиімсіз, себебі LK және СК параметрлері жарамайтын үлкен мәнді болып, габариті өседі. Сондықтан төменгі жиілікте RC – генераторлар қолданылады.
12.5. RC – параллель. CR – параллель
RC -автогенераторларында фаза ығысу шарты Г - тәрізді біріне-бірі ілесе жалғасқан RC және CR сүзгілер сатысын қосу арқылы алынады. Оларды RC RC – параллель, CR – параллель деп аталады. RC – параллель, CR – параллель буыны үш немесе одан артық болуы тиіс.
Сурет 122. RC – параллель
Сурет 123. CR – параллель
Олар квазирезонанстық жиілікте ωо сигнал өңдеп шығарады. Ол үшін генератор құрамында фазалық ығысуы = π тең күшейткіш болуы керек және фазалық ығысу шарты ωо жиілігінде орындалуы тиіс. Үш буынды сүзгі үшін күшейту коэффициенті ≥ 29 жоғары, төрт буын үшін күшейту коэффициенті ≥ 18,4 жоғары күшейткіш қолданылады. Көбіне ортақ эмиттерлі сұлба қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Автогенераторлардың жұмыс режимдері, жұмыс режимдерінің ерекшеліктері.
2. Синусоидаль сигналдар генераторындағы кері байланыстың маңызы қандай?
3. ВИН көпірлі RC генератор сұлбасы
4. Операцилық күшейткіш негізіндегі генераторлар
5. Жиілікке тәуелді және жиілікке тәуелсіз LC – генератор
Достарыңызбен бөлісу: |