Шегергіштің, яғни кірмеге берілген сигналдардың айырымын табуға мүмкіндік беретін операциялық күшейткіштің сұлбасы 108 суретте келтірілген.
Егер шықпалық кернеуді беттестіру әдісіне сүйене отырып табатын болса, онда.
мұндағы - бірінші және екінші кірмелік кернеулер (Uкір1, Uкір2), тудыратын жекеше шықпалық кернеулер.
Сурет 108. Шегергіш сұлбалсы
Жекеше шықпалық кернеулер мына өрнектермен анықталады:
Жекеше шықпалық керңеулердің осы мәндерін шықпалық кернеу өрнегіне қойса және R1=R3, R2=R4 деп алса, онда шықпалық кернеу
Бұл өрнек қарастырып отырған тізбектің азайту амальш орындайтынын көрсетеді. Мұнда тура кірмеге берілген сигналдан төнкергіш кірмеге берілген сигнал алынып қалып отырады.
Интеграторда операциялық күшейткіштегі кері байланыс конденсатор арқылы іске асырылады.
Сурет 109. Интегратор сұлбалсы
Операциялық күшейткіштің кірмелік кедергісі өте үлкен болатындықтан кері байланыс тогы шамамен кірмелік токқа тең деп алуға болады, яғни
Ал кірмелердің арасындағы кернеу өте аз болатындықтан оны ескермесе, шықпалық кернеуді конденсатордың кернеуіне тең деп алуға болады, яғни Uшығ=Uс. Ендеше шықпалық кернеу
Бұл өрнек қарастырып отырған операциялық күшейткіштің интегралдау амалын орындауға мүмкіндік беретін көрсетеді.
11.3. Операциалық күшейткіштегі шешуші құрылғылар
Операциялық күшейткіштен керек қасиеттерін алу үшін бұрыс керібайланыс енгізеді. Бұрыс кері байланысы бар ОК-те күшейту коэффициенті кері байланыс тізбегінің параметрлеріне ғана тәуелді және күшейіткіштің өзінің параметрлеріне байланысты емес. Қарапайым жағдайда кері байланыс тізбегі кернеубөлгіш болып табылады. Бұл жағдайда ОК сызызтық күшейткіш болып жұмыс істейді. Кері байланыс тізбегімен қамтылған ОК-ті қосудың екі негізгі сұлбасы қолданылады: инвертеуші және инвертемейтін. Инверттеуші сұлбаны (110 сурет) аналогты электронды қондырғылардың көбісінде қолданады.
Сурет 110. Операциялық күшейткшітің инвертеуші сұлбасы
ОК-тің бұлай қосылуы ара тістері тәрізді формалы немесе үшбұрышша формалы генераторлар жасағанда жиі қолданылады.
Таңдаулы күшейіткіштер (немесе активті фильтрлер) деп, қабылданатын сигналдар жинағынан тек синусоидалы сигналдардың белгіленген жиілік спекторының аймағын ғана таңдап алатын және күшейтетін күшейіткіштерді атайды. Көбіне пассивті RC –тізбекті және активті элемент ретінде ОК-ті пайдалана отырып активті сүзгі жасайды.
Сурет 111. Компаратордың сұлбасы және сипаттамасы
Мұндай құрылғылардың таңдаулы (селективті) қасиеттері (яғни пайдалы сигналды таңдау және бөгеуіл сигналдарды әлсіретуі) оның амплитудалы-жиіліктік сипаттамасымен суреттеледі. Таңдаулы күшейіткіштердің амплитудалы-жиіліктік сипаттамасының формасы ерекше.
Кері байланысы ажыратылған ОК-тің қарапайым сұлбасы және сипаттамасы 111 суретте көрсетілген, оны компаратор деп атайды. Кіріс сигналы берілген мәннен жоғары немесе төмен болғанда, компаратор шығыс сигналының төңкеріліп түсуін қамтамассыз етеді.
Мұндай компаратор кері байланыссыз ОК болып табылады және бір полярлы сигналдарды салыстыруға арналған.
Егер Ubх1 > U bх2 болса компаратордың шығыс кернеуі Uвыхх = Uвыхmin тең, егер Uвх1, < Uвх2 болса Uвых = Uвыхмах .
Күшейту коэффициентінің жоғары болу себепті (UBX1 -UBX2) айырмасы аз болғанына қарамастан сұлба UBЫXmax күйінен UBЫXmin күйіне төңкеріліп түседі. Сол себепті, компаратор аналогтық кернеу сигналын эталондықпен жоғары дәлдікпен салыстырады.
Әр түрлі полярлық сигналдарды салыстыру үшін компаратордың бір кірісті сұлбасы қолданылады (112 сурет). Компаратор кірісіне синусоидалы сигнал Uвх1 және оң тұрақты кернеу UвП беріліп, Uвх1 < UвП шарты орындалса, шығыстағы сигнал оң болады, егер Uвх1> UвП щарты орындалса теріс болады. (113 сурет). Шығыстағы тік бұрышты импульс ұзақтығы кірістегі тұрақты кернеу UОП мәніне тәуелді.
Сурет 112. Бір кірісті компаратор сұлбасы
Сурет 113. Бір кірісті компаратордың уақыттық диаграммалары
Компараторлар әр түрлі полярлы сигнал датчигі ретінде, сандық сұлбаларды басқару үшін, аналогтық сигналдар көьегімен кілтті басқару үшін, аналогтық кернеулер көзі ретінде және арнайы формадағы генераторларда қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
Кері байланысты электрлік сұлбада қалай көрсетеміз?
Операциялық күшейткіштердің қосылу сұлбалары.
Операциялық күшейткіштер негізінде жасалған қосындылағыш сұлбасы, жұмыс істеу принципі.
Операциялық күшейткіштер негізінде жасалған шегергіш сұлбасы, жұмыс істеу принципі.
Достарыңызбен бөлісу: |