Uшығ, Iшығ - жүктеме кедергісінің өзгерісіне қатысты күшейткіштің шығысындағы кернеу мен ток мәндерінің өсімшесі.
кернеу күшейткіштері үшін кіріс кедергісі Rкір сигнал көзінің ішкі кедергісінен Rг әлдеқайда үлкен, ал шығыс Rшығ кедергісі жүктеме кедергісінен Rж әлдеқайда кіші.
ток күшейткіштері үшін кіріс кедергісі Rкір сигнал көзінің ішкі кедергісінен Rг әлдеқайда кіші, ал шығыс кедергісі Rшығ жүктеме кедергісінен Rж әлдеқайда үлкен.
қуат күшейткіштері үшін шығыс кедергісі Rшығ жүктеме кедергісіне Rж шамамен тең.
Сурет 96. Күшейткіш каскадтың құрылымдық схемасы.
Күшейткіштердің негізгі сипаттамаларына амплитудалық сипаттамасы, амплитуда-жиілікітік сипаттамалары жатады. Күшейткіштің амплитудалық сипаттамасы – шығыс кернеу (ток) амплитудасының кіріс кернеу (ток) амплитудасына тәуелділігін атайды.
Сурет 97. Күшейткіштің идеальды амплитудалық сипаттамасы
Сурет 98. Күшейткіштің реальды амплитудалық сипаттамасы
Жалпы күшейткіштер бұрмаланусыз күшейтуі керек болғанмен, кіріс және шығыс тербелістері ешқашан дәл келмейді. Бұл бұрмаланулар сызықты және бейсызықтық болып бөлінеді. Бұны - амплитуда-жиілікітік сипаттамаларынан көруге болады (98 сурет).
Сипаттамадан көрініп тұрғандай күшейткіш жоғарғы fЖ және төменгі fТ жиілікке жақын аймақта күшейтілетін сигналға қосымша бұрмалау енгізеді. Ол кедергілері жиілікке қатысты реактивті элементтердің: индуктивтілік, сыйымдылықтың болуына байланысты. fР – жиілік аймағында бұрмалану минимум болады.
Сурет 98. Күшейткіштің амплитуда-жиілікітік сипаттамасы
Жиіліктік бұрмалау - бұрмалау коэффициентімен анықталады
. жиілігінде реактивті элементтер параметрлері өзара теңгеріледі де, ортаңғы жиілік аймағында бұрмалану – сызықтық түрде, ал шекаралық аймаққа жақын жерде бейсызықтық бұрмалану жүреді.
Кіріс сигналының деңгейі үлкен болғанда кіріс және шығыс сигналының пропорциональдығы ондағы транзисторлардың кіріс және шығыс сипаттамаларындағы бейсызық аймақтарының болуына байланысты. Кіріс және шығыс сипаттамаларының бейсызықтығымен байланысты бұрмалану - бейсызықтық бұрмалану деп аталады.
10.2 Дифференциалдық күшейткіш
Жоғарыда қарастырылған күшейткіш каскадтардың электрлік сұлбаларында кірмелік сигнал С1 конденсаторы арқылы, ал шықпалық сигнал С2 конденсаторы арқылы өтуі керек. Конденсаторлың кедергісі жиілікке тәуелді екені белгілі. Олай болса төменгі жиіліктік сигналдардың шамасы да, пішіні де өзгеріске ұшырайды. Сондықтан құрамына конденсатор кіретін күшейткіштер тұрақты токты күшейтуге жарамайды (жиілігі бірер герц немесе герц үлесіне тең айнымалы токтарды жуықтап тұрақты ток деп қарастыруға болады). Басқа сөзбен айтқанда, тұрақты ток күшейткіштері тұрақты және өте ақырын (жәй) өзгеретін кернеулерді күшейтеді. Тұрақты ток күшейткішінің амплитудалық-жиіліктік сипаттамасы 99 суретте көрсетілген.
Тұрақты ток күшейткіштері автоматтық реттеу және басқару жүйелерінде, өлшеуіш приборлардың датчик сигналдарын күшейту және электрлік емес шамаларды түрлендіру көп қолданылады. Тұрақты ток күшейткіштері жұмыс әрекетіне қарай тікелей күшейту ТТК және тұрлендіру арқылы күшейту ТТК болып бөлінеді. Тікелей күшейту тұрақты ток күшейткішінің сұлбасы 100 суретте көрсетілген.
Сурет 99. Тұрақты ток күшейткішінің амплитудалық-жиіліктік сипаттамасы
Сурет 100. Тұрақты ток күшейткішінің сұлбасы
Тұрақты ток күшейткішінде кіріс сигналының айнымалы құрамында, тұрақты құрамында күшейтуі тиіс. Сондықтан каскад аралық элементтері ретінде тек резисторлар, стабилитрондар, диодтар ғана қолданылады. Кіріс сигналы тікелей VT1 базасына беріледі. VT1 транзисторының қалыпты жұмысын қамтамассыз ету үшін, кернеудің бір бөлігін Uб2 – эмиттерге жалғанған RЭ2 резисторымен теңгереді және IЭ2 тогы өтеді:
Uб2 = (Uк1 + Uэ1) – Uэ2 . VT1 және VT2 транзисторларының тізбегіндегі кедергілерді келесі шартпен таңдайды:
Тұрақты ток күшейткіштеріндегі негізгі кемшілік - зиянды құбылыс – нольдік дрейф. Нольдік дрейф деп кіріске сигнал берілмегенде немесе кіріс сигналы өзгермегенде, шығыс кернеуінің өзінен-өзі өзгеруі. Нольдік дрейфтің негізгі себептері: күшейткіш құрамындағы транзистордың өз параметрлерін - сыртқы орта температурасы әсерінен, қорек көзі кернеуінің өзгерісі әсерінен, схема құрамындағы активті және пассивті эементтердің ескіру әсерінен өзгертуі. Мұндай зиянды құбылыстарды болдырмау үшін екі кірісті дифференциалдық күшейткіш дүниеге келген еді.
Қазіргі дифференциалдық күшейткіштер – шығыс кернеуі екі кіріс кернеуінің айырмасын бірнеше есе арттырғанға тең электронды құрылғы.
Дифференциалдық күшейткіштер белгілі бір нүктеге қатысты кернеудің абсолютті мәнін көрсетпейді, екі нүкте арасындағы потенциал айырмасын көрсетеді. Мысалы: тірі организмнің нақты нүктелері арасындағы электрлік потенциалдарды өлшеу (электрокардиограмма, электроэнцефалографии және тағы басқа зерттеу әдістері)
Достарыңызбен бөлісу: |