Коммуникация



Pdf көрінісі
бет175/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   246
Байланысты:
1 тер-минасова

41 И. 
Ильин.
  Указ, соч., 
186 б.
42И. 
Ильин.
  Указ, соч., 
187 б.
43Там же.
44 Мудрое слово. 
Древней  Руси.
М„  1989,  50,163, 
203-204, 353-355 бб.
214
лардан «жаңа орыстардың» айырмашылығы неде? Бұл «байшыкеш- 
тер» ақшасының санымен, банкідегі есеп-шотымен емес, ақшаға де­
ген  қарым-цатынасымен, ақшаны бетіне қарамай жаратумен, сөйтіп 
байлығынан тез арада мақұрым қалуымен ерекшеленеді.
Ильиннің  пікірі  бойынша,  байлыққа  деген  мұндай  салғырі 
көзқарастың түбін жалпы  сананың инстинктінен  іздеу керек:  «Жеке 
адам, Иван немесе Петр-бай емес; бүкіл халқымызауқатты. Кеңісті- 
гімізбен  әрі  жерімізбен,  орманымызбен  және  даламызбен,  гүл- 
дерімізбен  әрі  сол  гүлге  қонақтаған  араларымызбен,  аң-құсымыз- 
бен,  өзен-көлдерімізбен,  ондағы  тайдай  тулаған  балығымызбен 
баймыз; жер қойнауы  байлыққа толы.  Егер орыс «бізде сүт пен  бал 
өзен  болып  ағып  жатыр»  десе,  «ол  жұрттың  бәріне  жетеді  әрі  ар- 
тылып  қалады» -  бұл халык, даналығының өзегі».41
Ильин «солай  болуы мүмкін, менің ойымша солай, ңалай деген- 
мен»  секілді  сөздермен  өрнектелген  «орыс  санасындағы  салғырт- 
тық,  иллюзиялық  және  жеңілтек  сенім,  негізсіз  қамсыздықтың 
бәрінің  өзегі  -   дәл  осы  «көңіл  түкпіріндегі  байлык,»,42  -   дейді. 
Ильиннің  пікірінше,  «осы  бір  халықтың  санасындағы  игілік  бай 
орыстардың  оңай  к,ол  жеткізген,  әлде  мүлде  түгесілмес  ірі  бай- 
лығын оңды-солды  шашуына  негіз болуы  мүмкін».43
Орыс  тілінде  ежелден  байлықтың  өткінші  дүние  екенін  паш 
ететін,  оның  адам  санасына  кері  ықпалы  мен  зияны  жайында 
мақал-мәтелдер,  нақыл сөздер өте көп.  Мәселен:
Байлык, пен даңк, сізге ешқандай  абырой  әпермейді, одан  аулақ 
жүрсең,  бұ дүниенің азабынан  қутыласың (Когда  провидишь  богат­
ство  и  славу,  вспомни,  что тленно  все,  и тем  избежишь крючка  жиз­
ни  сей);
Бай  мен  бағланның  күнәсін  жу,  әйтпесе  оған  о  дуниеде  алмас 
қылыш сермеледі (Оплачь же, грешница,  в богатстве живущего, ибо 
судный меч  на  него  готовится  («Изборник»  1076  года);
О,  жаратқан  ием!  Дана  адамнын,  нанынан  айыра  корме,  ак,ы- 
мақ  байды  талтаңдатпа.  Кедей  батпақтың  ішінде  жалтыраған  ал­
тын  секілді  -  дана,  байдың  сырты  жылтыр  болғанымен,  қамыспен 
толтырылған  жібек  жастық секілді -  ақымак,.  («Моление» Даниила 
Заточника, XIII  или XIV  вв.).
Шіріген  байлықтан,  бір  шайнам  ақыл  артық  (Лучше капля ума, 
чем вдоволь богатства);
Байлықтан кітаптағы даналық артық (Из богатств выше золо­
та -  книги) («Мудрость Менандра Мудрого», XIV в.);
Байдың ақыры қараңғы көр, пақырдың (диуананың) ақыры -  шат- 
тық (Богат ждет пакости, а убог радости);
Байдың арманы -  алтын, пақырдың арманы -  батпақ (Богат 
мыслит о злате, а убог о блате (блато-грязь),-44


Байлық менмендікке бастайды (Богатство спеси сродни);
Байлық (ақша)-қолдың кірі (Богатство -  вода, пришла и ушла);
Әкенің байлыгы ақылсыз үлды қутқара алмайды (Глупому сыну 
не в помощь богатство);
Байлық адамға дос болмайды (Нес богатством жить,  с чело­
веком);
Тозақтан  қорықсаң,  байлықтан  ада  бол  (В  аду  не  быть,  бо­
гатства не нажить);
Сараңдық  пақырлықтан  (диуаналықтан)  емес,  байлықтан 
пайда  болеан  (Не  от  скудости  (убожества)  скупость  вы­
шла,  от  богатства);
Бай адам мүйізді бүқа секілді (есер) (Мужик богатый,  что бык 
рогатый (зазнается);
Бай жігіт  басын қорғайды,  кедей -  киімін  (төбелесте)  (Бога­
тый мужик бережет рожу (в драке),  а бедный одежу);
Жыланға  тук  біткен  сайын,  адамға  дүние  біткен  сайын  қал- 
тырауық (Чем  богатее (богаче),  тем скупее);
Байдан пақырым  артық  (На  что мне  (не надо мне)  богатого, 
подай тороватого);
Байды шайтан азгырады ( У богатого черт детей качает);
Бай  адамға  мал  қайғы;  бай  урыдан  қорқады  (Богатому  не 
спится: богатый вора боится);
Суңқар  шашып  жейді,  қузғын  басып  жейді  (Богатому  черти 
деньги куют);
Байлық -  сараңдық бастауы (Будешь богат,  будешь и скуп);
Бай -  мерез,  кедей -  кербез  (Богачи -  пузачи,  голяки -  голена- 
стики).АЪ
Орыстілділер  мен  ағылшынтілділердің  байлыққа  деген  қа- 
рым-қатынасының  айырмашылығы  ағылшынның  poor  but  honest 
[кедей,  бірак,  адал]  тұрақты  сөз  тіркесінде  айқын  көрініс  тапқан. 
Америкалықтар «Морозко» ертегісін қабылдамағаны секілді, орыс- 
тар  мұндағы  but (бірақ)  шылауын түсінбейді.  Шынында да,  осы  сөз 
тіркесіндегі but (бірақ) шылауы жалпы ережеге қайшы келіп тұр: бар- 
лык,  кедей  адал  емес,  бірақ  бул  кедей -  адал.  Мұндай  қарама-қай- 
шылық  орыс  халқының  менталитетіне  қайшы,  орыстарда  арам 
пиғыл  (адал емес)  кедейлікпен емес, байлықпен  қатар жүреді: өйт- 
кені адал жолмен байи алмайсың (қараңыз. Даль сөздігінде: «Байға 
шайтан  көмектеседі»), сол себепті де орыстілінде бірақ адал тіркесі 
кедей  сөзімен  емес,  бай  сөзімен  келуі  керек  еді.  Кедей  сөзі  орыс 
тілінде  паң,  менмен  сөздерімен  шендестіріледі.  Біз  «кедей,  бірақ 
менмен» дейміз. Айтпағымыз, кедейдің кеудесін  керіп  паңданатын 
түгі  жоқ,  бірақ бұл  адам  кедей  болса  да,  паң деген  жалпы  ережеге 
ңайшы  пайым жасаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет