§5). Оның негізгі мәні - студенттер қандай да бір елдің атын есті-
генде, сол ел және оның халқы туралы ойына ең бірінші оралатын
алғашқы бес сөзді жазуы тиіс. Орыстілділер (орыстар, ресейлін- тер, біздікі- деп шұбыртқанша бұрынғы «советтік» деген ыңғайлы
еді, оған көп мағына енетін) жайында студенттер Ресей туралы айта
отырып, мәнділігі жағынан екінші орынға Отан және патриотизм сөзін жазатын. Бірінші орында үлы, алып, ушы-қиырсыз кең неме-
се ағылшынша great, huge, large сөздері жазылған. Мағынасы бой-
ынша, Отан - Ресей жайындағы ассоциация. Сөйтіп, тіпті отандары
туралы қатал әрі әділетсіз сынды көп естіп өскен бүгінгі жастардың
өзі бірінші, екінші орынға патриотизмді, саясаткерлер мен журна-
листердің жиі сынына ұшыраған отанға деген махаббатты белгілеп
отыр.
Орыс тілі - орыс ұлтының отанға деген шексіз махаббаты мен па-
триотизмін білдіретін бірден-бір құрал. Оның бұл қасиеті орыс тілін
ағылшын тілімен салыстырған кезде айқын көрінеді. Қалай дегенмен
де орыс тілі адам дүниеге келген ел, өлке, туған жерді сипаттайтын
көркем, тебіреністі сөздерге аса бай: отан, туған ел (жақ/бұрыш), ата-
мекен, атажұрт. Бұл сөздер және сөз тіркестері жағымды коннотация-
fa ие әрі әңгімені эмоцияға, жоғары рухқа айналдырып жібереді.
Ресейдің шетсіз-шексіз кең-байтақ жері әлемнің әр түкпіріндегі
шапцыншылардың көзін алартқаны белгілі, тек ақ аюдан өзге еш-