Коммуникация


§2.  Т\л,  мэдениет жэне мэдениет



Pdf көрінісі
бет21/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   246
Байланысты:
1 тер-минасова

§2.  Т\л,  мэдениет жэне мэдениет 
антропологиясы
Ал енді, сөздер мен ұғымдардың жұмысына тікелей  қатысы  бар 
маңызды  екі  ұғым  -   тіл  мен  мәдениеттің  өзара  байланысын  алып 
қарастыралық.  Олардың өзара  тығыз  қарым-қатынаста  екені  бесе- 
неден  белгілі.
Тіл  -   мэдениет  айнасы,  онда  адам  айналасындағы  шынайы 
өмір  мен  оның өмірінің  шынайы  шарттары  ғана  емес,  сонымен  қа- 
тар  халықтың  қоғамдық  санасы  мен  менталитеті,  өмір  сүру  салты, 
дәстүр-салты,  мораль,  құндылықтар  жүйесі,  әлемді  сезінуі  және 
түйсінуі  қамтылған.
Тіл -  мәдениеттің алтын сандығы,  яки  баға жетпес қоймасы.  Ол 
-лексика  мен  грамматикада,  идиоматика  мен  мақал-мәтелдерде, 
фольклорда,  ауызша  және  жазбаша  түрдегі  көркем  және  ғылыми 
әдебиетте  мәдени  құндылықтарды  сақтайды.
Тіл  -   тасымал  құралы,  мәдениетті  жеткізуші,  ол  ұрпақтан-ұр- 
паққа  сақталып  келген  ұлттық  мәдениеттің  жауьарларын  та- 
сымалдайды.  Балалар  ана  тілін  меңгере  отырып,  онымен  бірге 
ата-бабаларының  бүгінге  дейін  жинақталған  мәдени  бай  тәжіри- 
бесін де  игереді.
Тіл -  қару, мәдениеттің қүралы. Адамның, сол тілде сөйлеушінің 
түлғалық  сипаты  тіл  арқылы  дарыған,  тіл  арқылы  әлемді  тануы,
19




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет