ет. М. Горький орыс мәдениетінің көрнекті өкілі болған. Павленко.
М.А. Горький.
2. Шаруашылықтың қандай да бір саласының не ақыл-ой әре-
кетінің даму деңгейі, дәрежесі. Жер өңдеу мәдениеті. Сөйлеу мәде-
ниеті. Жоғары еңбек мәдениеті үшін күрес.
3. Көзі ашық адамның қажеттіліктеріне сәйкес келетін жағдай-
дың болуы. Тұрмыс-тіршілік мәдениеті. (Жер иеленуші Гуделкин)
мәдениет орната бастады... Ол аурухана ашып, фельдшер жалда-
ды, мектеп салғызды. Эртель. «Записки степняка» («Далалықтың
жазбалары»).
4. Көзі ашық, білімді, оқымысты. Шынымен жас суретшінің та
ланты, кәсіби дағдылары, мәдениетке деген талғамы бар ма екен,
онда ол талабы мен табандылығының арқасында шынайы шебер-
лікке қол жеткізеді. В.Яковлев. Сурет өнері туралы (АС).
Осы берілген мағыналардың ішінде мәдениет сөзінің антрополо-
гиялық, этнографиялық мағынасына тек біріншісі ғана жақын.
Мәдениеттану турғысынан алғанда, белгілі бір көрнекті нәтижелердің
оң бағасын көрсететін жетістік сөзі дәл келмейді. Мәдениеттану бар-
лық іргелі ғылым саласы сияқты барынша әділ болуға тырысады және
баға беруден бойын аулақ салады. Сондықтан осы тұрғыдан алғанда,
«жетістіктер жиынтығы» деп алғаннан гөрі «әрекеттер нәтижесінің
жиынтығы» деген дұрыстау болар еді. Culture ағылшын сөзінің мағы-
насы:
Достарыңызбен бөлісу: