Коммуникация


§  5.  Ағылшынтілді  әлем мәдениетінің хабарландырулар  мен



Pdf көрінісі
бет6/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   246
§  5.  Ағылшынтілді  әлем мәдениетінің хабарландырулар  мен
үгіт-насихаттағы  ерекшелігі........................................................................................................ 302
§  6.  Орыстілді  әлем  мәдениетінің хабарландырулар
мен үгіт-насихаттағы  ерекш елігі............................................................................................... 310
Қ оры ты нд ы ............................................................................................................................................................317


Алғы сөз
Осыдан  мың жыл  бұрын  Ежелгі  Грекияда талай  жазушының әңгімесіне  арқау болған 
мысал-әңгімелердің авторы  Эзоптай дана  адам өмір сүрген екен.  Ол  философ  Ксанфтың 
құлы  болыпты  (франциялық Лафонтен  мен  ресейлік  Крылов  мысалдарының  сюжеттері 
осы  Эзоптан  бастау  алады  деседі).  Бірде  Ксанф  өз  оқушыларына  арнап  салтанатты  дас- 
тарқан жаймақ болады. Сөйтіп, Эзопқа дүниедегі ең дәмді тағамды әзірлеуді  бұйырады. 
Эзоп  қожайынның  бұйрығына  бойсұнып,  базарға  барып  «тіл»  сатып  әкеледі.  Кешкісін 
салтанатты  кеште  қонақтарды  «тілден» жасалған  әртүрлі тағаммен  сыйлапты,  Оның бұл 
қылығына  қатты  назаланған  Ксанф:  «Сен  бізді мазақ етіп тұрсың ба?  Мен  саған  әлемдегі 
ең дәмді тағамды  әзірлеуді  бұйырдым. Ал  сен тек тіл  сатып әкеліп, тілден ғана жасалған 
ас әзірлепсің.  Сол  қылығың үшін  саған дүре соғуды  буйырамын», -  дейді.
Сонда  Эзоп:  «Тілден  маңызды,  тілден  артық  ештеңе  жоқ.  Тілсіз  күнің  қараң,  сөйлей 
алмайсың, бұйыра алмайсың, алу да, беру де, сату да, сатып алу да  қолыңнан келмес еді. 
Онсыз  сен  мемлекет  құра  алмайсың,  оны  устап  тұратын  заңдарды  да  жаза  алмайсың. 
Тілдің арқасында  сен  бәріне  қол  жеткізесің, тіпті  сенің философияң да  тілдің арқасында 
жүзеге асып тур,  Ксанф», -  деген  екен.
Келесі  күні  Ксанф  Эзопқа  әлемдегі ең дәмсіз тағамды  әзірлеуді  бұйырады.  Эзоп тағы 
да  тіл  сатып  алып,  тілден  түрлі  тағам  әзірлеген  екен.  Бұл  қылығы  Ксанфты  бұрынғыдан 
бетер  ашуландырыпты:  «Жексұрын,  сен  бізді тәлкек  еткеніңді  қашан  қоясың?  Кеше  сен 
тілді  әлемдегі ең дәмді тағам  ретінде ұсынып едің, бүгін  ең дәмсіз деп әкеп тұрсың.  Сені 
жартастан лақтыруды  бұйырамын!» -  депті  ызаға  булығып.  Эзоп: «Тілден жаман  не бар? 
Дал  сол  тіл  ұрысқа  себепкер  болады,  күмән  тудырады,  қызғаныштың  көрігін  қызды- 
рып,  қорлап  мазақ етеді.  Бұның соңы жанжалға  ұласып,  адамдарды  өлімге душар етеді. 
Ксанф,  мені  де  қазір  тілдің  арқасында  жерден  алып,  жерге  салып  турсың  ғой»,  -   деп 
жауап  береді.
Ғасырлар қойнауынан  бізге жеткен осы бір шағын аңызда тілдің мәні мен маңызы әрі 
қысқа, әрі  нақты,  әрі  анық берілген. Тіл -  қарым-қатынас,  яғни  коммуникацияның басты 
қуралы.  Адамның  оны  қандай  қажетіне  жарататынына  орай,  жақсылықтың  да,  жаман- 
дықтыңда  жаршысы  бола  алады.
Құдіретті  Жаратушымыз  күллі тіршілік  иелерінің  ішіндегі  ең  естісі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет