риялайды. Болгарлықтар болса «Болгарский слоненок - младший
брат русского слона» (Болгардағы піл баласы - орыс пілінің інісі)
атты брошюраны усынады. Осы анекдоттың норвегше нусқасын-
да халықаралык, байцауға немістер «150
способов использования
слонов в военных целях» (Әскери мақсатта пілді пайдаланудың 150
тәсілі), француздар «Сексуальная жизнь у слонов» (Пілдердің сексу-
алдык, өмірі), ал америкалықтар «Самый большой слон, которого я
когда-либо видел» (Мен көрген ең үлкен піл), шведтер «Политичес
кая и социальная
организация общества слонов» (Пілдердің саяси
және әлеуметтік қоғамы), дат халқы «150 трапез из слона» (Пілден
жасалған 150 тамақ), норвегтер «Норвегия және біз, норвегтер»
деп аталатын еңбектерін усынады.
Анекдоттан тағы бір мысал. Ғалымдар қай ұлт өкілінің аязға
төзімді екенін тексеру үшін эксперимент жүргізеді. Тоңазытқыш ор-
натылған камераға өзімен бірге қалаған затын алып кіруге, шыдай
алмаған жағдайда есікті қағуға рүқсат беріледі. Ағылшын азаматы
темекі, бір бөтелке шарап және өзін-өзі жақсы ұстай алатын әйелді
алып кіреді. Бір сағаттан соң, есік қағылады. Камерадан қалтыраған
ағылшынды алып шығады. Келесі кезекте орыс өзімен бірге бөтел-
келес досын, бір шелек арак, пен екі шелек тұздалған қияр алып
кіреді. Үш сағат өткен соң, олардыңтірі қалғандарына күмәнданған
ғалымдар камераның есігін ашады. Арғы жақтан жуан жұдырық
шығып: «Ой, шошқа! Онсыз да суық, ал бұл есікті ашады», - деген
дауыс естіліп, есік таре жабылады.
Мундай әзілдерді көптеп келтіре беруге болады, бұдан әрбір
ұлттың мінез-құлқына байланысты қалыптасқан стереотип айқын
аңтарылады. Ағылшын анекдоттарында сараң шотландтар мен
араққұмар ирландиялыңтар туралы көп айтылады. Мына бір әзіл
әңгімеден еуропалықтар туралы қалыптасқан стереотип аңғары-
лады:
Paradise is where cooks are French, mechanics are German,
policemen are British, lovers are Italian and it is all organized by the
Swiss. Hell is where cooks British, policemen are German, lovers are the
Swiss, mechanics are French, and it is all organized by Italians [Аспаз -
француз, механик - неміс, полиция сақшысы
- ағылшын, көңілдес,
ашына - италиялық, барлығын ұйымдастыра білетін швейцариялық
болған жерде ғана жұмақ болады, ал тамұк, аспаз - ағылшын, поли
ция сақшысы - неміс, көңілдес, ашына - швейцариялық, механик -
француз, барлығын уйымдастыра білетін италиялық болған жерде
ғана болады].
Үлгілі еуропалықтың ерекше қасиетгері юморлык, тұрғыдан қа-
рама-қайшылыққа негізделгені берілген мәтіннен көрінеді: ол фин
сияқты әңгімешіл, бельгиялық сияқты қолжетімді, португал сияқты
техникалық жақтан қабілетті, испан сияқты ұялшақ, австриялык,
сияқты шыдамды, люксембургтіктер сияқты танымал, грек сияқты
жинақы, ирландиялык, тәрізді парасатты, даттар сияқты қарапай-
ым, италиялықтар тәрізді салмақты болуы тиіс, сондай-ак, француз
сияқты көлік айдап, ағылшын тәрізді тамақ дайындай алуы қажет.
Иса пайғамбардың қай ұлттың өкілі екеніне байланысты құ-
рылған әзіл әңгімеден әрбір мәдениетке және сол мәдениеттің
өкілдеріне тән стереотиптер көрініс тапқан:
Достарыңызбен бөлісу: