қылыгы емес.
Феминизм әлі жете қоймаған орыс тілі «әйел мәселесіне» кел-
генде әлі күнге дейін «еркек шовинизмі» позициясында: орыс тілін-
де еркектер үйленеді немесе әйелді алады, ал әйелдер - күйеуге
шығады, яғни күйеуініц артына тығылады.
Посткеңестік орыс идеологияның өзгеруіне байланысты (келесі
бөлімді қараңыз), түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Алайда «саяси
сыпайылық» тілдің ірі қозғалысы ретінде енді ғана көрініс беріп, әзір-
ше эвфемизмдер тұрғысынан дамуда. Мәселен, «аборт» «жүктілікті
тоқтату» деп жарнамалануда. Горький қаңғыбастарын (Горьковские
IK 264
2715
босяки) 20-30 жылдары үйсіздер мен панасыздар ығыстырып таста-
ды. Кейін бұл сөздер үйсіздер мен панасыздардыңжоғалуымен бірге
айналыстан шығып қалды, ал посткеңестік Ресейде олардың қайта
пайда болуына байланысты қолданысқа бомж деген милициялық
термин (тұратын жері жоқ сөзінің қысқартылған түрі - без опреде
ленного места жительства) енді. Одан бомжиха, бомжевать т.т. сөз-
дері туындады. Сонымен екі тілді салыстыра келе, ағылшын тілінің
адамға деген қарым-қатынасы сыпайы, қамқор, сезімтал екенін ай-
қын байқаймыз, керісінше орыс тілі қарама-қайшы идеология әсері-
нен мұндай сыпайылық пен әдептілікті көзге ілмейді.
Алайда ағылшын тілінің кең қолданыстағы материалын үйрену
тілдің шынайы тамыры мен идеологиясын және тілдің оған сай ре-
акциясын айқындайды. Негізінен ағылшын тілінің сыпайылығы
коммерциялық мотивтен туындаған. Батыс идеологиясының не-
гізінде жекелеген адам болашақта оның клиенті, сатып алушысы,
абоненті немесе жолаушысы болуы мүмкін деген идея жатыр. Сол
себепті осы клиентті (сатып алушыны, т.т.) дүкеніңе, компанияң мен
үйымыңа тарту үшін қорқытпау, үркітпеу керек, өзіне тартып,
жақындату, мәпелеу керек, қажет болса оған бірдеңе сатып не одан
бірдеңе сатып алу керек.
Бүл адам-клиентке арналған коммерциялық сыпайылык, және
коммерциялық қамқорлық. Бұл мәселеде ағылшын тілі жоғары ше-
берлік деңгейіне жетіп отыр. Мәселен, көліктің әр түрінің жолау-
шылары 1) first class [бірінші дәреже] - бүл үлкен бедел, бірінші
дәреже адамның беделін өзінің және өзгенің алдында көтереді; 2)
business (club) class [бизнес-дәреже (клуб)] - бұл да таңдаулылар,
бірақ дәрежесі алдыңғымен салыстырғанда сәл төмен, соған сай
билеттер де арзандау; 3) қалғандары, бірак, екінші дәреже емес.
Екінші дәреже деген мүлдем болған емес. Клиент екінші дәреже-
нің немесе екінші сорттың адамы болғысы келмейді. Сол себепті
де бірінші немесе бизнес-класстан тыс қалған ушак, жолаушылары,
economy class [эконом класс] жолаушылары аталады (үнемді болу
уят емес, керісінше мақтаныш), ал темір жол көлігінің жолаушыла
ры үшін - standard class [стандарт класс] жолаушылары аталады.
Standard - дегеніміз де жақсы, барлығы стандартты. Алайда ушақта
бірінші дәрежелі емес жолаушылардың намысына тимес үшін әрі
клиенттерден айырылып қалмас үшін, бірінші дәрежелі салонда:
First cabin customers [бірінші кабина жолаушылары] деп жазылады
(аталады).
Iрі денелі (толық адам) сатып алушыларды тарту үшін, дуры-
сыра™, олардан айырылып қалмас үшін дүкендердің иелері мен
директорлары маңдайшадағы жазуларына жағымды, комплимент-
ті, унамды сөздерді ойлап табуда шеберлік танытқан: BIB - Big Is
274
Beautiful [Ipi бояу дегеніміз - ғажап қой] сөзінен қысқартылған;
Renoir Collection [ренуар коллекциясы]. Бәрі нақты ойластырылған:
ренуар әйелдері - қызғылт, нәзік, томпак,. «Рубенс коллекциясы»
бұдан гөрі нашарлау естілер еді.
Телефон тарифі де клиенттердің «сезіміне» орай бөлінеді. Ол
cheap [арзан] болуы мүмкін. Бул клиент үшін тиімді, клиент риза.
Келесі разряд - қымбаттау - тағы да сол бейтарап standard [стан
дарт] сөзімен әрленген. Ақыры, қымбаттығы жағынан ең жоғары
разряд cheap [арзан] сөзінің антонимі expensive [қымбат] болуы
керек қой, бірақ бул коммерциялык, турғыдан әдептілік болмайды,
қымбат деп жазса «маңдайға» соққыдай тиген болар еді. Сөйтіп, ең
қымбат телефон уақыты peak [пик] деп аталды.
Kip жуу унтақтары үш түрлі дорбада сатылады: small [кішкен-
тай], medium [орта], бірақ адамды үркітетін large [улкен] с өзінің
орнына одан гөрі әдептілеу әрі жағымды family [отбасылык,] неме-
се мультипликациялық кейіпкер сүйкімді піл баласының атымен
Jumbo [Джамбо] деп атайды.
Тіпті тіс щеткаларының өзі өте сыпайылықпен сатылады: for small
teeth - сүт тістер үшін, for standard teeth - стандарт тістер үшін, бірақ
ағылшын тілінде ірі (үлкен) тістер мүлдем болмайды, бул бет әл-
петінің сулулығы жайында түсінікке қайшы келеді, сол себепті соңғы
размер - for regular teeth - қарапайым, нормал, дұрыс (regular сөзі
тура осылай аударылады) тістерге арналған деп аталады.
Сигареттер де big те, large де - улкен де, ірі де өлшем болмайды.
Булай деу мулдем тура мағынада болар еді. Сондықтан сигареттер
King size - король өлшемі деп аталады.
Сатып алушыны тарту мақсатында тауарды сипаттауда шынайы
тері - real, genuine, natural leather сөздерін қолданады. Аяқ киімді
немесе киімдерді сипаттауда міндетті түрде ескертілуі тиіс. Алай-
да шынайы емес, жасанды тері орыс тілінде ғана жасанды, син-
тетикалық, теріні алмастырушы сөздерімен берілуі мүмкін. Бірақ
ағылшын тілі ешуақытта artificia сөзіне де, synthetic сөзіне де жол
бермейді. Шынайы терінің антонимі man-made - сөзбе-сөз «адам
қолымен жасалған» - орыс тіліне аударуға келмейді.
Орыс өнімдерін маркалаудың өзі ешқандай коммерциялық
әдептілікті ескермейді: дейін жарамды әрі қарай мерзімі жазыла-
ды. Демек, одан кейін жарамсыз деген ойды береді. Сөйтіп, сатып
алушы бул өнімді жарамдылық мерзімі өткен күннен бастап сатып
алмайды. Ағылшын тілі бул турғыдан аса уқыпты усыныс жасайды
әрі узілді-кесілді болмайды демейді: Best before [осы уақытқа дей-
ін қолданған абзал] - сосын мерзімі көрсетіледі. Бірақ бул - best,
жарамдылық мерзімін жоққа шығармайтын керемет дәреже. Егер
better [артық] салыстырмалы шырайды беретін болса, біраз уақыт-
27
тан кейін жай ғана жағымды шырайды танытатын good [жақсы] сөзі
қолданылуы мүмкін.
Сонымен, ағылшын тілінің тым сыпайылығы, оның индиви-
дуумға әдепті әрі қамқор қарым-қатынасы төмендегі факторларға
негізделген:
1) әлеуметтік мәдениет пен қоғамдык, тәртіп деңгейінің жоға-
рылығы;
2) халықтың, ужымның жалпы мүддесіне негізделген Кеңестік
Ресей идеологиясына қарама-қайшы батыс қоғамының жеке тұлға
культін жоғары қоюы мен оның жеке әлемінің (privacy) негізіне
бағытталған идеологиясы мен менталитеті;
3) адамды болашақ клиент ретінде қарастыратын коммерция-
лык, мүдде.
Шет тілін үйренушілердің әлеуметтік-мәдени, идеологиялык,
білім компонент! тілдік коммуникацияның дурыс және тиімді бо-
луы үшін аса маңызды фактор. Мәселен, орыс адамына адамдарға
деген қалыпты қарым-қатынас, белгілі дәрежедегі реакцияның
шынайылығы, эмоциялық пен сезімталдық тән.
Қарым-қатынастағы кең таралған: How are you? [Қалыңыз қа-
лай?] сауалына ағылшын тілін үйренуші орыстілді адам өз денсау-
лығын, отбасылық жағдайын, жумыстағы жетістіктері мен жайсыз-
дықтарын санамалап, жан-жақты ең жиі таралған жауапты берері
хак,, ал ағылшын тіліндегі мәдениеттің, ұлттық мінез-құлық пен мен-
талитеттіңталаптарына сай тек бір жауап ғана беріледі: «Fine, thank
you (Рахмет, жақсы]», тіпті өлім аузында жатқан бақытсыздың өзінің
берер жауабы осы. How are you? - қарым-қатынастың құрғак, форму-
ласы, оның соңында әңгімелесушінің жеке тұлғасына деген шынайы
қызығушылықтұрған жоқ, бұл қатынастағы жай ғана қалыпты үрдіс.
Әр халықтың, әр тілдің мәдени-тілдік салтын білмейінше, мә-
дениетаралык, коммуникация жүзеге аспайды, керісінше, мәде-
ниеттер қақтығысына жол беріледі. Шетелдіктер орыстардың
жан-жақты толық берген жауабын түсінбейді, орыстар олардың
елемегеніне ренжиді. Бул сәйкессіздікті А.В. Павловская былай тү-
сіндіреді: «Ағайынгершілік және ұжымдық сезім орыстардың ұлт-
тық мінез-құлқындағы көптеген өзгешеліктердің тууына себепші
болды. Адамдар арасындағы қарым-қатынас Ресейде бейресми
сипатқа ие, достықтүсінігі өте жоғары бағаланады. Әдеттегі «қалың
қалай?» сауалына орыс танысыңнан толық әрі жан-жақты жауап
алуға дайын болыңыз. Шетелдіктердің бұл жағдайдағы ресмилігі
орыстарды жиі ренжітеді. Мәскеудің «Современник» театрының
белгілі режиссері Г. Волчек Америкада болған кезінде өзінше экс
перимент жүргізгендігі туралы баяндайды. «How are you?» деген
сауалға ол асығыс «Менің күйеуім суға кетіп қалды» деп жауап бе-
276
реді. Оған әдеттегідей «Естігенілле қуаныштымын» деген жауап ала-
ды. Мәселе жағдайдың шындыңқа сәйкестігінде емес, шетелдерге
көп саяхаттайтын, оқыған, білімді, бірақ жағдайға орыс салт-дәстү-
рінің ерекшелігімен маңыз беретін белгілі адамның ренішінде22.
Орыс тілі турашылдығымен, үзілді-кесілді нақтылығымен ерек-
шеленеді, сол себепті ағылшын тілін үйренуші адам әдетте of course
[әрине] сөзін жиі қолдану арқылы әлеуметтік-мәдени қателікке бой
ұрады. Орыс тілінде бұл сөз сауалға, өтінішке жауап ретінде толық-
тай дұрыс әрі сергек естіледі. Ағылшынтілді қоғам үшін of course
сөзінің дәл, бұлжымайтын нацты мағынасы бар ол әрі ренішті де
білдіреді: бұл белгілі дүние ғой, сіз шынымен осыны түсінбей отыр-
сыз ба, әлде соған ақылыңыз бен сауатыңыз жетпей отыр ма деген
мағынаны береді. Сол себепті, of course сөзін қолданғанда өте абай
болған жөн: естеріңізге салайын, әлеуметтік-мәдени қателіктер тіл-
дік ағаттықтардан гөрі жанға қаттырақ батады.
Ресми (формалды) сыпайылық-ағылшынтілді қоғамның айқын
ерекшелігі. «Tea or coffee? [Шай ма, кофе ме?]» сауалына жай ғана
«Теа [Шай]» дел жауап бермеу керек, міндетті түрде please сөзін
қосу ләзім: «Tea, please [«Мархабат, шай»]. «Black or white? [Қара
ма, әлде сүт қатқаны ма?]» - «Black, please [Мархабат, қарасын]».
Бас тартқан жағдайда thank you [рақметті] қосу керек, алайда не
үшін бас тартқаныңызды түсіндіріп жатудың қажеті жоқ. Мәселен,
«Sugar? [Қантпен?]» деген сауалға: «No, thank you [Жоқ, рақмет]»
деп жауап берген дұрыс болар. Бұл нак, ағылшын тіліндегі жауап:
қысқа, анык, әрі сыпайы. «Thank you, but I don't eat sugar. They say, it
is harmful [Рахмет, мен қантсыз ішемін. Ол денсаулыққа зиян дейді
ғой]» деген жауап грамматикалық және лексикалық тұрғыдан дұ-
рыстығына қарамастан, мәдениет пен менталитеттурғысынан онша
жарасымды емес.
Мәдениетаралык, қарым-қатынас проблемаларында ұсак, мәсе-
ле жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |