- Жоқ, Незалежность алаңына, - дейміз біз оның алаңның
бұрынғы атауын айтып тұрғанын ескермей.
- Ондайды білмейді екенмін, - деді ол.
Рязань, көктем, 2000 жыл.
Көше, алаң атауларының жиі ауыстырылуы және қалалық би-
ліктің өзгеруі - қалада бір-біріне қабаттасқан атаулар жазылған тақ-
тайшалардың пайда болуына алып келді: пл. Ленина/Соборная пл.
Атауларды өзгерту процесі интернационалдық сипатқа ие, ол
тек Ресейге ғана тән құбылыс емес. Салоникиде өткен лингвисти-
каға арналған конференцияға қатысқан едік. Онда Грецияның жеке
республика ретінде жарияланғанынан кейінгі өзгертілген атауларын
төмендегі материалда ұсынып отырмыз. Салоникидің орталық кө-
шелері: Ethnikis aminis
- Ұлттык, қорғаныс (бұрынғы Софья Королева
көшесі), Ethnikis anoistasseos - Ұлттык, көтеріліс, Angelaki - әскери ге-
нералдың аты, Nikis - Жеңіс, Tritis Septemvriou - Үшінші қыркүйек,
Leoforos Stratou - Армия даңғылы. Толықтай алғанда, Салоникидегі
көше атаулары Ежелгі Греция мен Византияның киелі атаулары мен
қайраткерлерінің, батырларының, Грецияның тәуелсіздігі үшін кү-
рескен батырларының есімдерімен және осыған қатысы бар оқиға-
ларды мәңгілік есте қалдыру мақсатында қойылған.
АҚШ-тағы көше атауларының да тарихы цызыц. Тарихы да, ел ре-
тінде қалыптасуы да ерекше бұл ел тарих сахнасына соңғы 200 жылда
ғана пайда болды. Еуропалық, азиялық және өзге елдердің соғыста,
басқыншылықта, жоқшылықта өсті, сол себепті де стихия, бейбере-
кеттік олардың басында да бар. АҚШ басқалармен салыстырғанда,
Америкаға жарқын өмірді іздеп, туған отанын артңа тастаған адамдар
арңылы тұрғызылды. Әлдекімнен көңілі қалған, әлдекімге ренжіген,
әлдебіреуден
жүрегі жараланған адамдар «америка арманын» із-
деп, онда ақылды, мейрімді, әділ және әсем әлем жасау үшін барды.
Сондықтан Америкадағы көшелер атаулары: 1) арнайы рационалды
әрі прагматикалық тұрғыдан ойластырылған: параллельдер мен ме
ридиан секілді нөмірленген «стриттер» мен «авенюлер», мегаполис-
тегі елдімекенді көрсетеді; немесе 2) құлаққа жағымды, поэтикалық
тартымды: Cherry Creek [Жүзім цайнары]; Cherry Hill [Жүзімді қырат];
Birch Grove [Қайынды тоғай]; Myrtle Ave [Мирт авенюі]; Cliffside Park
[Жартасты бақша]; Sunset Boulevard [Кунбатыс бульвары] тағы басқа
атауларға толы.
Осы ретте, бір оқиға есіме түсіп отыр. Новосибирскінің жа-
нынан ғалымдардың, зиялы қауым мен интеллектуалдардың
(жаратылыстану, нақты және техникалық ғылымдар өкілі) шаьа-
рын, Академиялық қалашықты тұрғызды. Арманы асқак, романтик-
тер мен идеалистер өздеріне еркіндік берілді деп ойлап, Акаде-
миялық қалашықтың бас көшесін әдемі әрі ерекше атпен «Алтын
алқап» Золотая Долина деп атайды (Америкадағы «Күңгейлі ал
кал» (Солнечная Долина), серенадалары есіме түсіп кетті). Бірақ
бұл қатал идеологиялы, өз құндылықтар жүйесі бар кеңестік ке-
зең болатын. Сондықтан бас көшені қалыптасқан тәртіп бойынша,
Лениннің атына алмастыру туралы нұсқау келеді. Үлкен дау туын-
дайды. Физиктер мен математиктер бүған түбегейлі қарсылык, та-
нытып, «Золотая Долина» (Алтын алқап) атауын, бірақ аздап өз-
герген атауды қалдыруды табандап түрып талап етеді. Новосібір
қаласының ресми өкілдері мен Академқалашықтың түрғындары
өзара келісімге келіп, көше атауын Золотодолинская дел атауды
жөн көреді. Бұл атау естір қүлаққа жағымсыз әрі оралымсыз еді
(қараңыз: Красноармейская, Крестовоздвиженская).
Достарыңызбен бөлісу: