Коммуникация


  Сөздерді  құбылту, әзіл, уйқас, сөздерді әдейі  қате жазу



Pdf көрінісі
бет239/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   246
Байланысты:
1 тер-минасова

4.  Сөздерді  құбылту, әзіл, уйқас, сөздерді әдейі  қате жазу
Хабарландыру  мәтінінде  жоғарыда  аталған  тәсілдердің  бірден 
бірнешеуі үйлесім табады.
Мәдениеттану тұрғысынан  алғанда,  қандай  өтініш-талаптар  қо- 
сымша  күш  салуды  қажет  етеді,  қандай  жағдайлар  қоғамды  бей- 
жай  қалдырмай,  адамдардың ақыл-парасатын,  ақшасын тиімді  ха- 
барландыруларға жұмсайтыны маңызды.
Мынаү жол  ақысын және  көлікті  қоюға  ақы төлеуді өтіну екен:
Pay and  display 
Төлеңіз де түбіртегіңізді  көрсетіңіз.
(Ұлыбритания).
Be fair — pay fare 
Адал болы ң ы з- пойызға ақы төлеңіз.
(Сиднейдегі паром, Австралия).
Екінші  мысалда  ұйқас  тәсілімен  бірге  сөздерді  қубылту  қатар 
қолданылған  (Есімізге  Ресейдегі мына  бір ескерту түседі:  Жолаушы 
жолдастар!  Жол  ақысын уақытылы төлеңіздер!).
Сақ болуды, ұрыға  жем боп  қалмауды таза  ағылшынша  әзілмен 
былай  жеткізген:
Don't forget: thieves are not on holidays this Christmas [Рождество- 
да ұрылардың демалмайтынын ұмытпаңыз].
Жоғарыдағы ескертуді  бейтарап ескертумен салыстырыңыз:
Beware:  thieves  operate  in  this  building  [Осы  ғимаратта  ұрылар 
жүр, сақ болыңыз].
Екі  ескерту  де  Ұлыбританиядағы  Ноттингем  университетінде 
ілініп тур.  Робин  Гуд дәуірінен  қалған дәстүр ме,  қалай?
Лондон  кинотеатрындағы  дәл  осындай  ескертудің сипаты  мүл- 
де  басқа,  айыптау,  кінә  тағу  сипатында  жазылған  (арғы  жағынан 
көрінген  полиция  қызметкерінің  жүзінен  «өздеріңіз  кінәлісіздер!» 
дегенді аңғару ңиын  емес):
Please  do  not  invite  crime  by  leaving  the  handbags  and  valuables 
on your seat unattended  [Өтінеміз, қылмыскерлердің көзін қызыцты- 
рып,  сөмкелеріңіз  бен  құнды  заттарыңызды  орындықта  қалдыр- 
маңыздар].
Англиядағы  жиьаз  тасымалдау  туралы  хабарландыру  сөздерді 
құбылтуға  негізделген:
Careful  movers  [Ұқыпты  жиьаз тасымалдаушылар].
Салыстырыңыз.:  to  move  furniture  «жиьаз тасымалдау,  mover -  
«жетекші, идея, жоспар авторы» (БАРС), «person who formally moves 
a proposal [ресми ұсыныс жасайтын адам]» (OALD), «an active person 
who  changes  things,  gets  them  moving  [заттарды  ауыстыратын,  бір 
орыннан  бір  орынға  қоятын  белсенді  адам]»  (сол  тілде  сөйлеуші 
адам берген  анықтама).
Сөзді әдейі  қате жазу -  назар аударту тәсілдерінің бірі:
297


For the  best Chinese food  in  London WOK THIS WAY!  [Лондондағы 
ең жақсы  қытай тағамы үшін  мунда  келіңіз!  (walk «барудың» орны- 
на wok  қытай тағамдарын дайындауға арналған ерекше таба)].
While-u-wait  [Әзірге сіз  күте турыңыз (you  орнына  и)].
Омофондарды  қолдану арқылы да мақсатқа жетуге болады. Мы- 
салы, жүкті әйелдерге арналған киім секциясында ілініп турған жазу:
Mothers 2  be  [Болашак, аналарға  (to орнына two)].
Саналуан  хабарландырулар  арасынан  ұшқыр  қиялдан  туған 
ескертулер  мен  мундалап  кезге  түседі.  Ағылшынтілді  әлемде  жол- 
көлік  оқиғалары  аса  өзекті  мәселе  болғандықтан,  жүргізушілердің 
жылдамдықты  басуына,  ішімдік  ішпеуіне,  рульде  қалғымауына, 
барлык,  жол  ережелерін  сақтауына  мүмкіндігінше  барлық  шара, 
тіпті тілдік  әрекеттер де  қолданылады:
көлігіңізді
 абайлап жүргізіңіз де, бізгетыныштық беріңіз. 
Drive with care, give  us a  brake
(Денвер,  Колорадо)].
Drive  with  caution  [Көлігіңізді  абайлап  жүргізіңіз]  біршама 
жағымдырақ.  Сөз  құбылту:  brake  «тежегіш»  және  break «үзіліс, ты- 
ным».
Баланы емес, жылдамдықты басыңыз. 
Kill 
yOUT Speed,  not a child
(Лондон).
Жоғары  жылдамдықты  сезіп  қойып,  бірден  компьютерге  жі- 
беретін,  сөйтіп  жүргізушіге  біраз  келеңсіздіктер  келтіретін  радар 
аппаратының  қосылып  тұрғанын  лондондық  әзілқойлар  еш  қа- 
мықпастан  (үлкен  әріптермен)  былай хабарлайды:
SMILE YOU ARE  ON  CAMERA [Суретке түсіреді,  жымиыңыз].
Ал  кішкентай әріптермен:
Cctv recording in operation  [мунда бейнекамералар қосылып тур].
Camera  сөзі  фотоаппарат  деген  мағына  да  беретіндіктен,  сон- 
дай-ақ  әдетте  фотосуретке  түсірерде  «Жымиыңыз!»  деп  айтыла- 
тындықтан,  мұны  әзілге айналдыру оңай.
Шаршауөлтіреді. демалыңыз. 
Tiredness is killing. Take  a  break
(Англия тас жолы).
Сиднеймен  Мельбурн  (Hume  Highway) арасын жалғайтын тамаша 
автожолда жүргізушілер психологиясына мәтіннің көркемдігі  арңылы 
ықпал ететін жоғары  кәсіби деңгейде жасалған ескертулер көп:
Stop.
Тоқта.
Демал.
Өз өміріңді  сақта.
Көзіне үйқы тығылған жүргізушілер апатқа үшырайды. 
Көзің ілініп бара жатса, демал.
Көлік жүргізгенде уйықтама.
Тоқта да,  аман  қал.
Revive.
Survive
Drowsy drivers die 
Rest if sleepy 
Don't sleep and  drive 
Break the drive, stay alive
2 9 8


Англияда  көлік  бамперінде  немесе  артқы  әйнегінде  аяғын  не 
басын  таңып  алған  мысыңтың,  иттің суреті  салынған  мынадай  жазу 
бар:
Slow down for our sake  [Біз үшін жылдамдығыңды ақырындат].
Автобус  басшылығы  өз  жүргіншілерімен  мүлде  басқа  жанрда 
сөйлеседі.  Қатты жылдамдықпен жүйткіп  келе жатқан,  басқа жаққа 
мойын  бұруға  мүмкіндігі  жоқ  жүргізушіге  айтылар  сөз  қысқа  әрі 
нұсца  болмаса, оны  ешкімнің оқымасы  анық. Ал  автобус жолаушы- 
сы  -   бұл  басқа  әңгіме.  Ешқандай  шаруасы  жоқ,  бос  отырған  оны 
қоғамдықтәртіпке  шақыру оңай:
Passengers must not
1. Stand  forward  of this notice
2. Speak to the driver without good cause
3.  Leave  luggage  in any gangway
(Бат,  №18 автобус)
Consideration for fellow passengers.
Please  help  us to  keep this  bus  clean  and 
to  maintain  a  friendly  environment  on  board 
by showing consideration for others
Personal stereos.
Please think of those around you and keep 
your  personal  stereos  personal,  by  keeping 
the volume down
Passengers and  luggage.
You  are  asked  to  keep  any  luggage  close 
by  you  at  all  times  when  traveling  and  to 
avoid  putting  your  baggage  on  seats  or  in 
gangways.
Please  offer your seat to elderly or disabli 
babies or young children
Жолаушылардың:
1. хабарландыруды қалқалауына;
2. жүргізушімен мақсатсыз сөйлесулеріне;
3.  кіреберісте жүктерін  қалдыруларына  болмайды.
Жолаушы бауырлар назарына.
Автобус  ішінде  тазалық  сақтап,  өзара  сыйластық  пен  достық 
қарым-қатынас орнатуға  көмектесулеріңізді өтінеміз.
Жеке стереомагнитофондар.
Сіз  жалғыз  емессіз.  Магнитофонның  дауысын  басыңыз, 
маңайыңыздағыларды мазаламаңыз.
Жолаушылар мен жүк.
Жүктеріңізді жол бойы өз  қастарыңызға қойып, орындықты не 
жолды иеленбеулеріңізді  сураймыз.
Қарттарға, мүгедектерге және баласы бар адамдарға орын бе- 
рулеріңізді өтінеміз.
і  people  or anyone with
Eating.  Drinking and  Litter.
Please  finish  any  food  and  drink  and 
dispose of it in a bin before boarding the bus -  
otherwise litter ends up on the floor and  seat 
and  can  be  dangerous  as  well  as  unpleasant 
for other passengers
Тамақ. Сусын.  Қоқыс.
Автобусқа  мінгеннен  кейін  ішіп-жеуді  тоқтатуларыңызды  өті- 
неміз.  Автобусқа  мінгенге  дейін  қоқыстарыңызды  шелекке 
тастаңыздар,  өйтпеген  жағдайда  еденге,  орындықтарға түсіп, 
қауіп төндіреді  әрі  жолаушыларға жағымсыз.
299


Шылым  шекпеңіздер!
Барлық  Лондон  автобустарында  шылым  шегүге  тыйым  са- 
лынғанын  естеріңізге  саламыз.  Бул  ережені  бузғандар  эор 
көлемде айыппул төлейді.
No smoking.
You  are  reminded  that  smoking  is  not
allowed  anywhere  on  London's  buses.  There
is  a  heavy fine for those who won't comply 
Дегенмен  жолаушыларды  тәртіпке  шақыру  автобус  аялдама- 
сынан  басталады:
Our  есімдігіне  назар  аударыңыз:  әдеттегі  the  bus  [автобус] 
сөзінің орнына -  our bus  [біздің автобус]  сөзі  қолданылған.  Бул  сөз 
жеке адамның мүдделігін,  қатынасын білдіреді.  Бір ауыз сөз хабар- 
ландыруды  әрлендіріп,  автобус  басшысын  цайырымды,  ізетті,  тәр- 
биелі  жан  ретінде  көрсетіп,  оның  жаман  кеңес  бермейтініне  нан- 
дырады.  Балаларға да  автобус  келгенше  осы  қызық ақпаратты  оқи 
тұру пайдалы...
Халыққа  тікелей  бағытталған  мәтіндердің тыңдаушыға  эсер  ету 
қызметін  арттыру  мақсатындағы  қызықты,  әрі  тиімді  тәсілдеріне 
тоқталайық.
Америкада  үлкен  әмбебап  дүкеннің  алдында  мынадай  жазуы 
бар үлкен  плакат ілініп түрды:
Please  return  carts here.
Help  us  keep  prices low and  prevent damage to your vehicle.  Thank 
you.  [Өтініш,  қоларбаны  орнына  қойыңыздар.  Бізге  төмен  бағаны 
сақтап  қалуға  көмек  беріңіздер.  Жеке  көлігіңізге  зақым  келтірудің 
алдын  алыңыз.  Рақмет!].
Берілген  мәтінді  оқи  отырып,  дүкен  қызметкерлерінің  тілегін 
орындауға  міндеттейтін  бірнеше  тәсілдің  қолданылғанын  байңай- 
мыз.  Біріншіден,  тутынушыларға  үлкен  ілтипат,  сыпайылық  көрсетү 
(please,  thank  you),  екіншіден,  сыпайылық таныту  арқылы  халықты 
өздеріне  бағындыру  (low  prices),  үшіншіден,  жасырын  түрде  қауіп 
төндіру  (damage  to  your  vehicle)  және  олардан  ашық  түрде  көмек 
сурау  (help  us).  Мұнда  дүкен  қызметкерлері  сатып  алушыларының 
қоларбаны  қолданғаннан  кейін,  оны  өз  орнына  қойғыздыру  үшін 
әртүрлі тілдік және  психологиялық амалдарды  пайдаланған.
Әмбебап дүкенде тутынушыларға арналмаған екі есік бар. Оның 
біреуінде қысқаша  былай деп  жазылған:
Fire  door.  Do  not  block  [Өрт кезінде  сыртқа  шығатын  есік.  Есіктің 
алдын  қалқаламаңыз].
Көмек  қолын созьіңыздар!
Егер әлдекім аатобусқа vin e алмай қиналып жатса,  көмектесіп 
жіберіңіз.  Қарт,  мүгедек,  балалы,  жүгі  көп  кісілер  көмегіңізге 
алғыс айтады.
Lend  a  hand!
If  you  see  someone  in  difficulty  getting 
on  and  off  our  bus  don't  be  afraid  to  offer 
a  helping  hand.  Elderly  people,  disabled 
people,  those  caring  shopping  and  parents 
with small children may appreciate assistance


Мұнда  барлығы түсінікті:  үзілді-кесілді тыйым салынған  (Do  not 
block)  және  қысқаша  сипаттама  берілген  (Fire  door).  Соған  сәйкес 
сыртца  шығатын  есіктің алдына  көлік  қоюға  болмайды.  Өрт болған 
жағдайда  мекеме  ішіндегі  адамдарды  сыртқа  алып  шығатын  қо- 
салқы есік саналады.
Екінші  есікте  ак,  өлең  жолдары  сияқты  өте  үзақ  хабарландыру 
жазылған.  Хабарландыру  ковбойдың сенімді  серігі -  тулпары  тура- 
лы танымал өлең жолдарымен берілген. Алғашқы жолы тұлпардың 
қораға  қамалғысы келмейтінін сипаттайды.  Бұл жол бас әріптермен 
айшықталған.
DON'T FENCE  ME  IN. 
меж
 
жауыпtactamai
То provide you with better service workers  Сіздерге  жоғары  деңгейде  қызмет  көрсетү  үшін  жумысшйы‘
^  

ларға  осы  жерден  он метр  қашықтыққа деиінп жер ашық бо-
must have access to this side for a  distance of 
/іуы   ТИІС. 
ten feet.  Please  keep this area  clear.
Бул  хабарландырудың  композициясы  мынада:  Тұтынушы- 
лардың  назарын  өзіне  аударту  үшін  танымал  өлең  жолдарының 
алғашқы  жолдары бас әріптермен беріледі.  Бұл  қармаққа  «клиент» 
бірден  ілігеді.  Содан  кейін адамның назарын  өзіне аударта  отырып 
(to  provide  you  with  better  service),  осы  есікті  не  үшін  қалқалауға 
болмайтыны (workers must have access) туралы қысқаша түсініктеме 
беріледі.  Осылайша,  көршілес  орналасқан  екі  есіктегі  хабарланды- 
рудың арасындағы  қарама-қайшылық көзге  бірден ұрады.
Соңғы  жылдары  тұрақты  цолданысқа  түскен  клишелерді  ой- 
нақы  формалармен  ауыстырып  қолдану  үрдісі  қалыптасып  келе 
жатыр.  Мәселен, дүниежүзіне  әйгілі  Made  in  USA  [АҚШ-та  жасалға- 
нын  мақтан  етеміз]  тіркесі  қазіргі  кезде  мақтаныш  сөзімен  жиі  ал- 
мастырылады:  Crafted  with  pride  in  USA  [АҚІІІ-та  зор  маңтанышпен 
жасалған].  Алдыңғы  тарауда  бұл  мәселеге  арнайы  тоқталған  бола- 
тынбыз.
Қолдан  жасалған  өнімдердің  сыртына  (қолмен  жасалған  май- 
шамдар, қолмен тоқылған мойынорағыштар және т.б.) өндірушілер 
былай деп жазады: Made by nice people in USA [АҚІІІ-тағы қайырым- 
ды  адамдар жасаған].
Бұл  жазба  адамның  көңілін  оятып,  күлкісін  келтіруі  мүмкін,  де- 
генмен  тұтынушының  осы  өнімді  сатып  алсам  деген  ішкі  тілегін 
туғызары  сөзсіз.
Кейде киімдегі жалаң немесе клишеленген  Dry cleaning only [Тек 
химиялық тазалау]  тіркесінің  орнына,  ойнақы  I  am  washable  [Мені 
жууға болады]  сөйлемдері жазылады.
301




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет