кез келген тіл сол тілде сөйлеуші халықтың мәдениетімен, қо- ғамдық өмірімен үздіксіз байланыста оқытылу қажеттігін көр-
сетуге болады.
Адамдарды өзара тілдік қарым-қатынас жасауға, сөйлесуге
үйрету керек. Шет тілінде айтылған мәтінді түсініп қана қоймай,
оны қабылдау - күрделі мәселелердің бірі, оған қоса бұл мәсе-
лені сөйлеудің жай ғана вербалды процесс емес екені күрделен-
діре түседі. Шетелдік мәтінді түсіну процесі тілді білумен ғана
шектелмейді, сондай-ақ бейвербалды амалдардың қолданысын
(мимика, ым-ишарат), этикет нормаларын білуді, аялық білім жү-
йесінің терең болуын қажет етеді.
Түрлі мәдениет өкілдері арасында тілдік коммуникация ой-
дағыдай жүзеге асуы үшін тілдік кедергілерді ғана еңсеру жеткі-
ліксіз, сонымен қатар мәдени кедергілерді де жеңіп шығу қажет.
И.Ю. Марковина мен Ю.А. Сорокинаның зерттеулерінен алынған
төмендегі үзіндіде мәдениеттің мәдениетаралық коммуникация
проблемаларын тудыратын ұлттық ерекше компоненттері ұсы-
нылған: «Түрлі мәдениет өкілдері (лингвомәдени қауымдастық)
арасында тілдік коммуникация кезіндегі тілдік кедергі ғана өзара
түсінісуде бөгет бола алмайды. Мәдениет өкілдеріне тән ұлттық
ерекшеліктердің өзі (осы компоненттері арқылы этноөзгешелік