Коммуникация



Pdf көрінісі
бет92/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   246
Байланысты:
1 тер-минасова

§1.  Мәселенің қойылуы
1
М.  Цветаева.
  Л е б е д и ­
ный стан.  М.,  1921,
32 6.
Кез  келген  тілдік  жүйе  үздіксіз  дамып,  жетіліп  отырады.  Өз 
ана  тілінде  сөйлейтін  не  жазатын  индивид  сол  тілде  сөйлейтін 
миллиондаған  адамдарға  еліктей  отырып  (егер  бүл  ірі  халықтың 
дамыған  тілі  болса),  тілдегі  дайын  турған  құрылымдарды  қайта- 
лайды,  тіл  қазынасынан  тілде  әбден  орныққан  сөйлеу  актілерін, 
жүйелі түрде қолданысқа тускен сөзтіркестерін пайдалана отырып, 
өзіндік  сөйлеу  үлгілерін  жасайды  және  тілдік  шығармашылыцты 
қалыптастырады.1
Мұндай  тілдік  шығармашылық  өзара  қайшылықтағы  екі  жол- 
мен  айқындалады:  оның  біріне  стимул  ретінде  сөз  шеберлерінің 
тілі  алынуы  мүмкін,  екіншісі  -   тілдік  қателер,  ескертпелер,  тілдегі 
кездейсоқтық.  Тілді  үйренуші  шетелдіктің  сөйлеу тіліндегі  қателік- 
тер  тілдік  шығармашылықтың  стимулы  ретінде  қызмет  етуі  мүм- 
кін.  Бұл  туралы  Марина  Цветаеваның  мынадай  жақсы  пікірі  бар: 
«Шетелдіктердің  өзге  тілде  шүлдірлеп  сөйлеуі  ұнайды,  мәселен, 
Эмиль Людвиг жақында  ғана  радиодан  сөйледі.  Оның французша- 
сы -  мүлдем  нашар.  Бірақ осының өзі  жақсы!».  Бұл  жерде  индивид 
үшін  жаңа  мүмкіндіктер  ашылуы  мүмкін.  Әрине,  бұлай  деуге  кел- 
мес,  дегенмен  тәжірибе  ретінде  байқап  көруге  болады.  Ертеректе 
адамдар  ешбір  грамматикасыз  сөйлеген,  мұның өзі  тілде  көптеген 
ерекшеліктің, жаңа диалектілердің пайда  болуына  ык,пал  еткен.
Пушкиннің  «Евгений  Онегин»  шығармасының  кейбір  нұсқала- 
рында  мынадай  өлең  жолдары  кездеседі:  «Үйлен!»  -   «Кімге»  -  
«...  Лидинаға»  -   «Не  деген  отбасы?!  Олардың  жаңғақтары  түсіп 
жатыр,  ал  олар  театрда  сыра  ішіп  отыр».  Қазіргі  оқырман  осы 
контекстен  нақты  қандай  әлеуметтік-мәдени  жағымсыз  коннота- 
циялар  шарасыз Лидинаға  үйленуге  қарсы  болатынын,  келген  қо- 
наққа  жаңғак, ұсыну  немесе театрда  сыра  ішу сынды  әрекеттердің 
Пушкин  заманында  дворяндық  күйеулердің  ұстанатын  нормасы- 
на  қайшы  келуіне  сәйкес  оны  отбасын  қүру мүмкіндігінен  айыра- 
тынының себебін түсінбейді.
Әрине, жаңғақ және сыра сөздерінің контекске ешқандай қатысы
104


жоқ,  сондай-ак, осы тілдік таңбалар астарында  жатқан  мәдени  ақпа- 
ратты  да  көрсете  алмайды.  Алайда  халықтың  әлеуметтік  өміріндегі 
(келген  қонаққа  жаңғақ  ұсыну,  театрда  сыра  ішу  не  ішпеу)  өзгеріс- 
тердіңорын алуы қазіргі заманмен байланысының үзілуіне, сонымен 
бірге  берілген  сөздердің  мәдени  коннотацияларының  жойылуына 
алып  келетіні  белгілі  нәрсе.  Сондықтан  арнайы  зерттеулерсіз  және 
соған  сәйкес  комментарийлерсіз  қазіргі  заманғы  орыс  оқырманына 
бұл  контекст түсініксіз әрі оны  қабылдау қиынға  соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет