Ю.А. Федосюк.
Такое
пособие необход им о //
Вопросы л ите р атур ы ,
1959, № 6, 248 б.
!
Ю. А. Федосюк.
Что
непонятно у классиков,
или Энциклопед ия
русского бы та X IX века.
М., 1998, б б.
«Метрикалык, жүйемен таныс менің өзіме иелігінде екі жүз де
сятина жері бар помещик бақуатты, әлде кедей туратыны; «пол
штоф» арақ ішкен көпестің қатты мае екені; шайға «синенький»,
«красненький» не «семитка» беретін шенеуніктің жомарттығы
түсінікті емес»2.
Жоғарыда көтерілген мәселеге қатысты автордың жазған оқу
қүралы 1998 жылы «Что непонятно у классиков, или Энциклопедия
русского быта XIX века» деген атпен ММУ-дің шет тілдері факуль-
тетінің профессоры, әрі Ю.А. Федосюктің ұлы М.Ю. Федосюктің бас-
шылығымен жарыққа шыққан еді.
Бул оқу қуралында автор классикалық шығармалардың әлеу-
меттік-мәдени фонын түсіндіру қажеттігін негіздейді: «Иә, адам ба-
ласы қай кезеңде болса да, адамзат баласына тән іс-әрекеттермен
өмір сүреді, яғни бір-бірімен дос та, дұшпан да болады, еңбек етеді,
көңіл көтереді, өзінің өмірлік идеалдары үшін күреседі. Осындай
ортак, қасиеттеріміз болмаса, өткен тарихи кезең туралы жазылған
шығарманы оқудың қажеті де жоқ еді. Бірақ халықтың өткен тари
хи кезеңіндегі өмір сүру жағдайы мен қазіргі заман адамдарының
өмір сүру салтының көптеген ерекшелігі бар. Классикалық әдебиет-
терде суреттелетін орыстың күнделікті турмысының тарихын б іл у-
«орыс классикалық әдебиетін түсінуді, оны қабылдауды жеңілдету
үшін уақытпен бүркемеленген мунараны тазалау үшін қажет».3
Өзге мәдениет өкілдеріне бағытталған әлеуметтік-мәдени ком
ментарий төл мәдениеттегі, соған сәйкес тілдік жуйедегі өзгеріс-
терді көрсетеді. Шетелдіктерге бағытталған әлеуметтік-мәдени
түсініктеме мәдени қақтығыстарды айқындап, сонымен қатар оны
бірден реттеп отыруға септігін тигізеді. Тағы да қайталап айтамыз,
мұндай қақтығыстар төл мәдениет пен өзге шетелдік мәдениет ара-
сында ғана емес, классикалык, шығармаларда көрініс тапқан өткен
дәуір мәдениеті мен орыс халқының ңазіргі устанатын мәдениетінің
арасында да кездеседі.
Зерттеу материалы ретінде ағылшын тілінде түсініктеме беріл-
ген Пушкин шығармаларының шетелдік (көбінде ағылшын тілінде)
басылымдары қолданылды.
Мәтіндітолыңтүсінуге, оқырманныңаялықбілімінтолықтыруға,
мәдениеттер қақтығысын болдырмауға бағытталған әлеуметтік-мә-
дени түсініктеме орыс тілін үйренуші шетелдік оқырманға қанша-
лықты қажет болса, орыстілді оқырманға да соншалықты қажет.
Бұл жердегі маңызды нәрсе, комментарий оқырманға жазушының
айтар ойын жеткізіп қана қоймайды, сонымен қатар сол идеяны ңа-
лыптастыруға негіз болады.
Әлеуметтік-мәдени түсініктемені реалияларды тілдік фактілер-
ге қарама-қарсы қойып салыстыру үшін кейде тілдік түсініктеме
106
деп те атайды. Тілдік комментарий белгілі себептерге байланысты
оның орыстілді немесе шетелдік оқырманға арналуына байланыс
ты ерекшеленеді.
Социомәдени түсініктемеге:
1. Историзмдер - оқырманға түсініксіз, белгілі бір тарихи кезең-
ге, қоғамдағы формацияға тән ұғым-түсініктердің халық өмірінен
біржола ығысуына байланысты не сол зат құбылысты таңбалайтын
атаулардың тілдік қолданысынан шығып қалуы. Мысалы: бармы,
власяница, воевода, боярство, дьяк, бунчук, вече, плаха, приказ
ный, разрядная книга, синклит.
2. Архаизмдер - қолданыстан шығып қалған көне сөздер мен
тұрақты сөз тіркестер: свейский (шведтік), лях (поляк), егож (шір-
кеулік славян тіліндегі иже, еже қатыстық есімдігінің ілік септіктегі
формасы), земь (жер), заутро (ертең таңертең), вечор (кеше кеш-
ке), дотоле (до тех пор - әліге дейін), борзый (быстрый - жылдам).
3. Қазіргі орыстілінде мағынасы өзгеріске түскен сөздер: мамка
(сүт ана, бала бағушы), мошонка (дорба, әмиян), гость (көпес, ше-
телдік), деньга (бақыр ақша), ток (ағын, сұйықтық).
Жоғарыда көрсетілген сөздер сөздік қүрамда әлі күнге дейін
сақталғанымен, сөз мағынасы өзі таңбалайтын ұғымның жойы-
луымен өзгеріске түскен.
Мәселен, қазіргі кезде анаға қарата айтылатын мамка сөзі тұр-
мыстың-қарапайым сөйлеу тіліне тән, бірак, Пушкин «Борис Году
нов» шығармасында бул сөзді «сүт ана, бала бағушы» мағынасында
қолданады:
А тут народ волочит
Безбожную предательницу-мамку.
Царские палаты. Царевич чертит геграфическую карту.
Царевна, мамка царевны.
Қазіргі тілдік қолданыстағы мытарство сөзі екпінді (бұрын мытар
ство) де, сөздің білдіретін «азап» мағынасын да өзгеріске түсірген. «Бо
рис Годунов» шығармасында мытарство сөзі «салықтөлету, әділетсіз
пайда» мағынасында қолданылған. Мұнда «салық, төлем» мағына-
сында қолданылып тұрған мыт тұлғасы (осыдан Мытищи, Мытная
көшесі деген атаулартараған) болады. Пушкин өз кейіпкерініңобразын
аша түсу үшін күзетшілердің алдында Варлаамның қарапайым сөйлеу
тілін шіркеулік славян тіліне әдейі алмастыртып сөйлеткен. Қашқын,
кәрі монах Варлаам осы мытарство тілдік бірлігін қолданады:
Прииде грех велий на языцы земнии. Все пустился в торги,
в мытарства.
Қайыр-садақаныңжутаңдығына шағымданған Варлаам былай дейді:
Ходишь, ходишь; молишь, молишь; иногда в три дни трех
полушек не вымолишь. Такой грех! Пройдет неделя,
другая, заглянешь в мошонку, а в ней так мало,
что совестно в монастырь показаться.
Полушка - «полкопети», яғни жарты тиын деген мағынаны біл-
діреді. Бұл сөз реалиямен бірге тілдік қолданыстан шығып қалған,
тек мына бір мақалдың құрамында кездесуі бұрын тілдік қолданыс-
та болғанын дәйектейді: За морем телушка полушка, за рубль пе
ревоз.
Мошонка сөзі «мошна» тубірінен негіз алып, «әмиян, сөмке,
аузы байланатын дорбаша» мағынасын білдіреді (Д). Бұл реалия-
ның қолданыстан шығып қалуы, сөз мағынасының да жойылуына
алып келді. Қазіргі орыстілінде бұл сөз «еркектіңжыныс мүшесі ор-
наласқан тері дорбаша» деген мағынада қолданылады (О).
Послушание (бойсұну) - Пушкин шығармасында шіркеулік тер
мин сөз ретінде қолданады, яғни шіркеуде күнә жасағаны үшін
ұзак, уақыт құлшылык, ету жазасы, менменшілдіктің жоқтығын, бой-
сұнушылықты көрсету үшін өз еркімен кез келген жұмысты істеу
мағынасында жұмсалады.
ПИМЕН
Тогда я в дальний Углич
На некое был услан послушанье.
Қазіргі орыс тілінде послушание сөзі «міндеттілік, көнгіштік,
тілалғыштық» мағынасында қолданылады.
Тіл лексемасының өзі бірнеше мағынаны (соның ішінде «әскери
тутқын) иеленетіні белгілі. Төмендегі контексте «тіл» лексемасының
ұмыт қалған мағынасы, тіпті Дальдің сөздігінде «көне» мағынасы
деген белгімен көрсетіліп, «жазалаушы, сот алдындағы әшкерелеу-
ші, жауап алу кезіндегі жала жабушы» деген мағынасы берілген:
Легко ль, скажи! Мы дома, как Литвой,
Осуждены неверными рабами;
Все языки, готовые продать,
Правительством подкупленные воры.
Ток сөзі қазіргі орыс тілінде негізінен электр жүйесіне қатысты
терминологиялық мағынасында қолданылғанымен, оның «сорғалап
аққан сұйықтық» деген мағынасы мүлде ұмыт қалған. Салыстырыңыз:
108
Оставим их; пойдем, товарищ мой,
Венгерского, обросшую травой,
Велим открыть бутылку вековую,
Да в уголку потянем-ка вдвоем
Душистый ток, струю, как жир, густую.
Достарыңызбен бөлісу: |