Компьютердің логикалық негіздері. Логикалық пікірлердің негізгі түсініктері. Логикалық операциялар. Логика



бет2/5
Дата06.01.2022
өлшемі122,35 Kb.
#14843
1   2   3   4   5
Пікір дегеніміз – жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау.

Мысалы, «Қар - ақ», «2*2=4» деген ақиқат, ал «Тау тегіс», «2*2=5» деген – жалған пікірлер.

Пікірлер: жалпы және жеке болып бөлінеді. Жеке пікір нақты фактілерді көрсетеді, мысалы,«3+3<7», «Бүгін күн шуақты болды».

Жалпы пікірлер обьектілер немесе құбылыстар тобының қасиеттерін сипаттайды, мысалы,«Егер жаңбыр жауған болса, онда көше су болып жатыр» т.с.с.

Логикалық айтылымдармен жұмыс істеу үшін оларға ат қояды. «Айдар жазда теңізге барады» айтылымы А арқылы белгіленсін, ал В арқылы - «Айдар жазда тауға барады» айтылымы белгіленсін. Сонда «Айдар жазда теңізге де, тауға да барады» құрамды айтылымын А және В түрінде қысқаша жазуға болады. Мұндағы «және» - логикалық жалғаулық, А,В – логикалық айнымалылар, олар тек екі мәнде болады: «ақиқат» немесе «жалған», сәйкесінше олар «0» не «1» арқылы белгіленеді.

Математикалық логикада ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық операциялары ақиқаттық мәндер кестесімен анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет