Орталықтан ығысу (Смещение центра). Орталықтан тонның бөлінуі жүзеге асырылуына қатысты таңдауға мүмкіндік береді.
Параметрлер. Бұл бөлім қосымша баптаулардан тұрады.
Түстің ауысуы. Градиенттің бастапқы, соңғы және аралық түсін орнатуға мүмкіндік береді.
Курс тақырыбы 1. CorelDraw бағдарламасының қолданушыға тиімді баптауы.
Сабақ тақырыбы: Ашық бейнедегі түстер палитрасы.
1-жаттығу: «Бағдаршам» суретін және «Реле және автоматика» логотипін құру.
1. Тіктөртбұрыш салыңыз да, оның ішіне 3 эллипс салыңызда, қызыл, сары, жасыл түстерге бояңыз. (9.5-сурет)
2. Тіктөртбұрыш салыңыз да, оның ішіне эллипсті құрыңыз. Эллипстің жанына мәтін құралын алып, «РЕЛЕ» «ЖӘНЕ АВТОМАТИКА» сөзін теріңіз. «r» және «а» әрпін құрыңыз. Осының барлығын 9.4-суреттегідей орналастырыңыз.
3. «r» және «а» әріптеріне және тіктөртбұрышқа біркелкі сұр түс таңдаңыз, ал эллипс пен «РЕЛЕ» «ЖӘНЕ АВТОМАТИКА» сөздеріне қара түс енгізіңіз.
4. Барлығын топтастырыңыз (9.6-сурет)
9.5-сурет 9.6-сурет
Достарыңызбен бөлісу: |