«компьютерлік геометрия және графика» пәнінен ОҚу тәжірибесіне арналған тәжірибелік жұмыстар жинағы мамандық: «Акпараттык жүйелер



бет51/62
Дата06.01.2022
өлшемі4,26 Mb.
#14484
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   62
Сабақ тақырыбыТуралау командасы Үлестіру командасы.

Зертханалық жұмыс №6

Әдістемелік нұсқау:

Бетшеге объектілерді нақты және дәл х, у координаталарының орталығын анықтай отырып орналастыруға болады. Бұл жағдай көбінесе фигуралар саны көп болғанда, әсіресе тікбұрыштар мен эллипстерді орналастырудан қиындықтар туғанда ыңғайлы болып келеді. CorelDraw бағдарламасында сол координаталарды дәл белгілеп алу үшін арнайы тор құралы қолданылады.

Тор (Сетка)

Тор – ол түйіндрмен объектілердің теңістелуін немесе олардың дәл орналасу тәртібін анықтау үшін берілген тік және көлденең қиылысу сызықтарынан құралған құрылғы. Торды қосу үшін: Түр – Тор (Вид - Сетка) меню қатарындағы

бұйрықтарды орындау керек. Тор арасындағы интервалды өздеріміз өзгерте аламыз.



Ол үшін: Түр – Тор мен сызықты баптау (Вид – настройка сетки и линейки)бұйрықтарын таңдау керек. Нәтижесінде алдымызда төмендегідей сұхбаттық терезе пайда болады. (6.1-сурет)



6.1-сурет. Тор мен сызықтардың параметрлерін баптау терезесі

Тордың сыртқы пішімін келесі жағдай қосқыштарын көмегімен таңдауға болады:



Торды сызық түрінде көрсету (Показать сетку в виде линии) және Торды түйін түрінде көрсету (Показать сетку виде узлов) (6.2-сурет)

Параметрлерін баптау режимін Жиілік (Частота) немесе Аралық (Интервал)



қосқыштарының арқасында таңдауға болады. (6.3-сурет).

Егер де Жиілік қосқышының жағдайы келтірілген болса, сол жиілікке тиісті



параметрлер (6.4-сурет) іске қосылады.

Ал егер Аралық қосқышының жағдайы келтірілген болса, сол аралыққа тиісті параметрлер(6.5-сурет) іске қосылады.



Тор сызықтарының арасындағы аралықты көлденең, әрі тік жолдармен де беруге болады.Мәндері миллиметрмен өлшенеді. (2 кесте)



Сонымен, сызықтардың қайталану жиілігімен олардың рарасындағы аралықтың байланысын келесі түрде көрсетуге болды: 

Тиісті параметрлер бапталғаннан кейін тор сызықтарының байланысын екпінді қылу қажет. Ол үшін: Түр – торға байлау (Вид-Привязка к сетке) бұйрықтарын таңдау қажет. Бұл команда орындалғанын сол меню қатарында жалаушаның тұрғанынан білуге болады. Ал егер де торға бауды алып тастағыңыз келсе, дәл осы бұйрықтарды орындайсыз. Сол жағдайда жалауша меню қатарынан жоғалып кетеді.



Сонымен қатар, торға бауды қосып, алып тастау беттің атрибуттар қатарындағы батырманы басу арқылы да орындауға болады. (6.6-сурет)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет