«компьютерлік геометрия және графика» пәнінен ОҚу тәжірибесіне арналған тәжірибелік жұмыстар жинағы мамандық: «Акпараттык жүйелер



бет59/62
Дата06.01.2022
өлшемі4,26 Mb.
#14484
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Сабақ тақырыбыҚабаттарды жасау және объетілерді олардың арасында жылжыту.

1-жаттығу: Алмаз құралын қолданып «Юкос» логотипін құру

1. Үшбұрыш құрыңыз

2. Алмаз құралын таңдаңыз да 7.6 – суретте көрсетілгендей үшбұрышты

бөліктерге бөліңіз

3. Үшбұрыштың барлығын ерекшелеп алыңыз да, шеттерін (контурын) ақ түске бояңыз (7.7-сурет)

4. Үшбұрыштың әрбір бөлігін 7.8-суреттегідей бояңыз

5. Тағы да бір үшбұрышты алғашқы үшбұрыштың сыртынан құрыңыз. (7.9-сурет)

6. Мәтіндік құралды алыңызда «ЮКОС» сөзін енгізіңіз де, 7.10-суреттегідей



орналастырыңыз.



2-жаттығу: Өшіргіш құралын қолданып «Иірілген жіп» бейнесін құру

1. Мәтіндік құралды пайдаланып, «Иірілген жіп» сөзін құрыңыз да келесі

параметрлерді енгізіңіз:

- гарнитура – Arial

- өлшемі – 72 пт

- кескінделуі – жартылай қалың

2. Реттелуі – Қисыққа өзгерту (Упорядочить – Преобразовать в кривую) меню қатарындағы бұйрықтарды таңдап, сөзді қисыққа келтіріңіз

3. Өшіргіш (Ластик) - батырмасын таңдаңыз

4. Өшіргіш жуандығын 1,0 мм-ге теңестіріңіз

5. Өшіргіштің көмегімен 7.10 суреттегідей мәтіннің бөліктерін алып тастаңдар.

6. Эллипс құрыңыз

7. Өшіргіш жуандығын 1,0 мм-ге теңестіріңіз

8. Өшіргіштің көмегімен 7.11 суреттегідей эллипстің бөліктерін алып тастаңдар.

9. Барлығын ерекшелеп алып топтастырыңдар




3-жаттығу: Дақ құралын қолданып «Гипар» компаниясының логотипін құру

1. Тікбұрыш құрыңыз да, барлық бұрыштарына –дөңгелектенудің 15 деген мәнін беріңіз

2. Тікбұрыштың көшірмесін алып,  оны 4 мм-ге кішірейтіңіз де, барлық

бұрыштарына –дөңгелектенудің 10 деген мәнін беріңіз

3. Үш эллипс құрыңыз: Ортадағысын –үлкен эллипс, сол жақтағысын – орташа эллипс, оң жақтағысы – кішкентай эллипс

4. Осы эллипстерді 7.12-суретегідей орналастырыңыз

5. Дақ (Пятно) - құралын таңдаңыз да оған келесі параметрлерді енгізіңіз:

- дақ өлшемі – 9 мм- дақ өлшемінің өзгеруі – 10- еңкеюі – 900, бағыты - 006. Сол жақтағы эллипсті 7.13-суреттегідей өзгертіңіз

7. Дақтың атрибуттар тақтасындағы параметрлерді өзгертіңіз:

- дақ өлшемі – 12 мм

- дақ өлшемінің өзгеруі – 9

8. Ортадағы эллипсті 7.14-суреттегідей өзгертіңіз

9. Дақтың атрибуттар тақтасынан өлшемін 8 мм-ге өзгертіңіз

10. Оң жақтағы эллипсті 7.15-суреттегідей өзгертіңіз

11. 7.16-суреттегідей бейнелерді контуры бойынша және сол объектілердің өзін бояңыз

12. Барлық обьектілерді ерекшелеп топтастырыңыз

13. Мәтін құралын пайдаланып, «Гипар» сөзін құрыңыз да келесі параметрлерді құрыңыз:

- гарнитура – Courier New

- өлшемі – 60 пт

- кескінделуі - курсив



14. Мәтінді 7.17-суреттегідей орналастырыңыз


4-жаттығу: Дөрекілік құралын қолданып «Мегадрайв» компаниясының логотипін құру

1. Мәтін құралының көмегіменен «MD» сөзін құрыңыз да келесі параметрлерді орнатыңыз:

- гарнитура – Arial

- өлшемі – 72 пт

- кескінделуі – жартылай қалың, курсив

2. Реттелуі – Қисыққа өзгерту (Упорядочить – Преобразовать в кривую) меню қатарындағы бұйрықтарды таңдап, сөзді қисыққа келтіріңіз

3. Дөрекілік (Огрубление) - құралын таңдаңыз да келесі параметрлерін

орнатыңыз:

- қылқалам өлшемі – 5 мм

- құздардың жиілігі – 2

- дақ өлшемінің өзгерісі – 0

- еңкеюі - 450

- төбелердің бағыты автоматты

4. «D» әрпінің контурын сыртқы пішімін 7.18-суретте көрсетілгендей

бұрмалаңыздар

5 Мәтін құралын таңдап, «Мегадрайв» сөзін енгізіңіз де, келесі параметрлері

бойынша орналастырыңыз:

- гарнитура – Arial

- өлшемі – 20 пт

6. Нәтижесінде 7.19-суреттегідей бейне шығарыңыз.





Өзіндік жұмыс тапсырмалар:

1. Алмас құралын қолданып, «Эверест» компаниясының логотипін құрыңыз:



2. Өшіргіш құралын пайдаланып, «Форест» компаниясының логотипін құрыңыз: ФОРЕСТ



3. Дақ құралын пайдаланып, «Юкка» компаниясының логотипін құрыңыз:



4. Дөрекілік құралын пайдаланып, «Вихрь» компаниясының логотипін құрыңыз:







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет