6.13-сурет. Бағыттауыштың қасиеттер тақтасы
Бағыттауыштарды жою үшін үстінен тышқан курсорымен бір рет басасыз да, Delete пернесін баса саласыз.
Бағыттауыштар өзінше бір бөлімделеген сызықтардан құралады және де
солармен келесі әрикеттерді орындайды:
- таңдау
- орналастыру
- айналдыру
- түсін өзгерту
- жою
- қорғау
Тышқанның көмегімен бағыттауыштың жағдайын өзгерту үшін келесі әрикеттер орындалады:
1. таңдау батырмасын басыңыз.
2. Қажетті орыннан (Жоғарыдағы сызғыштан немесе сол жақтағы сызғыштан) бағыттауышты алыңыз да, тиісті жерге орналастырыңыз. Егерде бағыттауышты орналастырған кезде тышқан курсоры -бағытта болса, онда бағыттауыштың алынбағанын білдіреді, ал егер де тышқан курсоры ↕ белгіде болса, онда оның көлденең бағыттауышты ерекшелегені, ал егер тышқан курсоры ↔ белгіде болса, онда оның тік бағыттауышты ерекшелегені, ал егер ол болса, онда оның еңкейтілген бағыттауышты ерекшеленгені.
Бағыттауыштың бағытын дәл өзгерту үшін келесі әрикеттерді орындау керек:
1. Тиісті бағыттауышты таңдау қажет
2. Бағыттауыштың атрибуттар тақтасындағы «объектінің жағдайы» батырмасын басып, пайда болған, «параметрлер» жолына бағыттауыштардың тиісті координатар мәнін беру қажет.
3. Нәтижесінде ENTER пернесі басылады.
Бағыттауышты тышқанның көмегімен бұру үшін келесі әрикеттерді орындау керек:
1. -таңдау батырмасын басыңыз.
2. Қажетті орыннан (Жоғарыдағы сызғыштан немесе сол жақтағы сызғыштан) бағыттауышты алыңыз да, тиісті жерге орналастырыңыз.
3. Бағыттауыш үстінен тағы да бір рет шертіңіз, сонда бағыттауыштардың
айналасын қоршаған қисайтылған бағыттауыштары бар бұрылу маркерлері
көрсетіледі.
4. Сол бұрғыштарың көмегімен тиісті жағдайда бағыттауыштарды айналдырыңыз Ал егерде бұрылу бұрышын дәл бергіңіз келсе, онда ерекшеленген бағыттауышты «Бұрылу бұрышы» батырмасынан өзгерте аласыз. Бағыттауышқа түйіндермен объектілерді байлау үшін «Түр – Бағыттауыштармен байлау» менюіндегі бұйрықтар арқылы немесе оны беттің атрибутар тақтасынан батырма арқылы іске қосуға болады.
Түр – бағыттауыштарды баптау (Вид – настройка направляющих) бұйрықтарын таңдай отырып, «Параметрлер» терезесін ашасыз. (6.14-суреттен қараңыз)
Бұл терезеде көріп тұрғандай, «Сілтеуіш» терезесі сияқты оң жағында
тармақталған ағаш тәріздес жұмыс аймағының бұтақтары көрсетілген. Ал сол
жағында оң жақ бөліктегі қай тарау белгіленіп тұрса, соның параметрлерін
көрсеткен. Бізге қажетті тарауымыз бағыттауыштар Жұмыс аймағының тармағы Құжат - Жалпы – Бетше – бағыттауыштар тармағында орналасқан. Бағыттауыштың өзі 4 параметрден тұрады: тік бағыттауыштар, көлденең бағыттауыштар, Бағыттаушы бағыттауыштар, Бағыттауышты дайындау; (6.14-суреттен қараңыз).
Қай бағытауыштың тармағына бассаңыз, терезенің сол жағына соларға тиісті
параметрлері шығады. 6.14-суреттен көріп тұрғандай бағыттаушы бағыттауыштың параметрлері көрсетілген. Сонымен қатар терезенің сол жағынан «Қосу», «Орналастыру», «Жою», «Тазалау» батырмалары бар. Олардың әр қайсысы да өзіндік бір қызмет атқарады. «Қосу» батырмасы х пен у координаталарын бергеннен кейін тағыда бір бағыттауышты қосу қызметін атқарады; «Орналастыру» батырмасы х пен у координаталарын бергеннен кейін тағыда бір бағыттауышты орналастыру қызметін атқарады; «Жою» батырмасы тізімнің ішінен таңдалған бағыттауышты жояды; «Тазалау» батырмасы барлық бағыттауыштарды бірден жояды;
х пен у координаталарының 2 нүктесін немесе х пен у координаталарын және еңкею бұрышын беру арқылы еңкейтілген бағыттауышты орналастыруға болады. Еңкейтілген бағыттауышты таңдау әдісін 6.14-суретте көрсетілген терезедегі «Бағыттаушы бағыттауыштар» тармағында орналасқан «Беру» (Задать) бөлімінің тізімінен алуға болады.
3-жаттығу: «Addic» логотипін құру.
1. Бағыттауыштармен байлауды қосыңыз
2. Келесі координатарымен белгіленген 4 көлденең бағыттауыштарды құрыңыз: у1=180,0 мм, у2= 185,0 мм, у3= 200,0 мм, у4 = 210,0 мм;
(6.15-сурет)
3. 2 еңкейтілген бағыттауыштарды құрыңыз: х5=90,0 мм, у5=210,0 мм, угол 5=1350;
Х6=90,0 мм, у6= 210,0 мм, угол 6=450; (6.16-сурет)
4. Кез келген жұмыс аймағына тік бағыттауышты жүргізіңіз.
5. Тік бағыттауыштың еңкею бұрышын 450қылып алыңыз, нәтижесінде
6.17-суреттегідей шығарыңыз.
6. - қисық безье құралын таңдаңыз.
7. 6.18-суреттегідей фигура шығарыңыз
8. Addic сөзін мәтіндің құралмен жазыңыз да, соңында 6.19-суреттегідей логотипті шығарыңыз.
Объектілермен байлау (Привязка с объектом)
Тор мен бағыттауыштар – күрделі графикалық бейнелерді құрудағы дәлдікті
бақылаудың жалғыз әдісі емес. Басқа объектілердің әртүрлі нүктелерінен құрылып немесе орналастырылып жатқан объектілерге байлауды енгізуге болады. Құралдар – параметрлер деген меню қатарын іске қосып, параметрлердің сұхбаттық терезесін ашып, Байлау нүктесін таңдай аламыз. 6.20-суретті қараңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |