ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЗИКА МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ИНФОРМАТИКА кафедрасы
“КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА” пәнінен
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ТОПТАМАСЫ
Шымкент 2023 ж. Зертханалық жұмыс №1 Тақырыбы:ADOBE PHOTOSHOP терезе элеенттері.
Adobe Photoshop программасы мұнда кез келген кескіндік суретті өңдеу, түзету, фондық түс беру сияқты әртүрлі ортада даярланған объектілерді біріктіру, жинақтау, өңдеу жұмыстарында қолданылады. Adobe Photoshop программасы арқылы ескі фотосуретті жаңалау, яғни басқа түске бояу, көйлекке жаға салу, шашты үлкейту, беттегі әжімді алу, бетті тазалау, ағарту, т.с.с. қажеттіліктерді орындауға болады.
Программамен жұмыс істеу барысы: Ең алдымен Adobe Photoshop программасын қосамыз.Программаны іске қосақаннан кейін экранда оның жұмыс үстелі көрінеді.Оң жағымызда құрал – саймандар панелі орналасқан. Экранның төменгі жағында қалып – күй жолы орналасқан. Бұл жолда таңдалған құралдың аты және бейненің параметрлері көрсетіледі. Қалып – күй жолының сол жақ бұрышында 2 алаң бар.Оның біріншісі масштабтау алаңы онда-активті кескіннің көріну өлшемі көрсетіледі (төменгі сол жақ қатарында, бұрышында % - пайыз күйінде). Сонымен қатар ақпарат алаңында кескіннің жад өлшемін көрсетеді.
Құрал – саймандар панелі: Құрал – саймандар панелі бейнелермен жұмыс істеудің негізгі құралы болып табылады. Кез келген құралды тышқанның көмегімен басқаруға болады. Егер батырманың төменгі жағында кішкентай үшбұрыш болса, онда бұл құралдың бірнеше түрі бар деген сөз және оның түрлерін көру үшін тышқанның сол жақ батырмасын басамыз.
1.Бейнелерді бөліп алу үшін қолданылатын құралдар:
Бөлiп алу (выделение) – шекараның iшiндегi бейнелердi бөлiп алып, көшiру және орын алмастыру.Бөліп алудың 4 түрі бар.Олар: Тікбұрышты аймақтарды бөліп алу;Элипсті аймақтарды бөліп алу;Көлденең жолды бөліп алу;Тік жолды бөліп алу.