Орын ауыстыру (перемещение) – белгіленген фрагментті басқа орынға апару.
Лассо – керек бөлікті тышқанмен қоршауға мүмкіндік береді. Лассоның түрлері: Көпбұрышты лассо – тікбұрышты бөліп алу. Магнитті лассо – басқару элементіне сәйкес бөлу контуры шекараларға автоматты түрде “жабысады”.
Сиқырлы таяқша (волшебная палочка) – бірдей түсті үздіксіз пиксельдер аймағын бөліп алады.
Слои – мөлдiр фондармен қоршалған бейнелердiң көрiнбейтiн бөлiктерi. Ол бөлек элементтерден композициялар құрастыру кезiнде қолданылады.
2. Қарап шығуды басқаратын құрал – саймандар:
Қол – программа терезесінен шығып кеткен суреттерді жылжыту үшін қолданылады.
Масштаб – үлкейтілген фрагментпен жұмыс.
Зертханалық жұмыс №2
Тақырыбы: Объектпен жұмыс істейтін аспаптар.
Сурет салуға арналған аспаптар тобы.
1-жаттығу. Магниттік лассо құралымен жұмыс жасау.
Adobe Photoshop бағдарламасын іске қосамыз;
Eagle.psd файлын архивтен шығарып, Adobe Photoshop бағдарламасында ашамыз;
Суреттің өлшемін 200-300% процентке үлкейтіп, Қол құралының көмегімен суретті қозғалтамыз;
Магниттік лассо құралының көмегімен бүркіттің жеке-жеке қанаттарын ерекшелеп, Заливка құралының көмегімен қанаттарды әр түрлі түске бояуды бастаймыз;
Суретті бояғаннан кейінгі көрінісі келесідей болады:
2-жаттығу. Ғажайып таяқша құралының көмегімен суретті бояу.
1.Adobe Photoshop бағдарламасын іске қосамыз;
2.Pepper.psd файлын архивтен шығарып, Adobe Photoshop бағдарламасында ашамыз;
3.Суреттің өлшемін 200-300% процентке үлкейтіп, Қол құралының көмегімен суретті қозғалтамыз;
4.Ғажайып таяқша құралының көмегімен жеміс-жидектерді ерекшелеп, Заливка құралының көмегімен әр түрлі түске бояимыз. Суретті бояғаннан кейінгі көрінісі келесідей болады:
3- Жаттығу:Ғажайып таяқша құралының көмегімен суретті жөндеу.
Достарыңызбен бөлісу: |