«Компьютерлік желілер және желілік әкімшілеу» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша


Тапсырма 2. Internet Explorer интерфейсі



бет24/40
Дата14.10.2023
өлшемі257,97 Kb.
#114971
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40
Байланысты:
«Компьютерлік желілер және желілік әкімшілеу» пәнінен оқу тәжіри-emirsaba.org

Тапсырма 2. Internet Explorer интерфейсі
1. Windows жұмыс үстелінен Internet Explorer қосымшасын жүктеңіз. Экранға үндемес режимінде Microsoft-ың бастапқы беті жүктеледі. Егер ол пайда болмаса, адрестік панельде мысалы, http://quazer.ssea.ru/teach/ адресін теріңіз, экранда экономикалық информатика кафедрасы өңдеген Internet оқулық кешен көрінеді.
2. Internet туралы оқулықтың мазмұнын қарап шығыңыз және сізге керек ақпараттың жолын есте сақтаңыз.
3. меню пунктілерінің, стандартты құралдар панелінің, адрестік панелдің маңызын (қысқаша ) суреттеп айтыңыздар. Осы немесе басқа панелді қалай алып тастауға немесе қосуға болады? Бетті ашу уақытын қалай азайтуға болады ?
Адрестік жол
Web-тің ағымдағы бетінің адресін қамтиды. Интернеттің әрбір бетінің URL деп аталатын өзінің жеке адресі бар. Web-тің жаңа бетіне өту үшін URL адрес алаңына осы беттің адресін енгізу және Өту (Перейти) батырмасын немесе Enter пернесін басу
Файл жүйелік менюі келесі командаларды орындауға рұқсат етеді :
Құру (Создать) бұл команда бірнеше пунктен тұрады, оларды таңдаудан кейін сіз келесі объектілерді құра алаcыз:
Терезе (Окно) Internet Explorer шолушысы көшірмесін іске қосады
Хабар (Сообщение) электронды хабар құрып, кейіннен оны жіберуге мүмкіндік беретін Хабар редакторын іске қосады.
Хат (Письмо) Интернетке қосылуды орнатады және Outlook Express пошталық бағдарламасын іске қосады
Контакт Адрестік кітап арнайы сервисті бағдарламасын жібереді
Интернетте шақырулар (Вызовы по Интернет) Интернетке қосылуды орнатады және Microsoft NetMeeting бағдарламасын жібереді
Ашу (Открыть) бұл команданы таңдағанда Ашу диалогтық терезесі көрінеді, осы жерде сіз кез келген глобальды немесе жергілікті ресурстарды оның URL-ін енгізіп немесе Шолу батырмасы көмегімен керекті файлды таңдай отырып аша алаcыздар.

Правка жүйелік менюі келесідей редакциялаудың стандартты командаларын пайдалануға мүмкіндік береді: Көшірмелеу (Копировать), Кесіп алу (Вырезать), Қою (Вставить), Барлығын ерекшелеу (Выделить все).


Құралдар панелі
Internet Explorer-дің құралдар панелі сіздің дисплейіңіздің мөлшеріне, қолданылған рұқсатқа және сіздің жеке қалауыңызға байланысты баптала алады. Сонымен қатар, сіз құралдар панелі бөлімін тіпті алып тастай алаcыз, ол үшін Вид менюінің Toolbars (Панели) опциясындағы жалаушаны өшіру қажет. Сіз экраныңыздың кеңістігін осы панелдің үш бөлімі (батырмалар панелі,адрестердің ашылушы панелі және сілтемелердің панелі) арасында қайта бөле алаcыз.
Сонымен қатар, сіз құралдар панелін өздігіңізше конфигурацялай және онда қандай батырмалар мен командалар орналасу керектігін таңдай алаcыз. Ол үшін Панель менюінде Customize (Анықтау) командасын таңдаңыз, осыдан кейін Customize Toolbar (Құралдар панелін баптау) диалогты терезесі көрінеді.
4. Internet Explorer адрестік панелі арқылы FTP қолданбасын пайдаланып, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті барлық процедураны қолдана отырып, ftp.ssea.ru серверінен қандай да болмасын бір файлды өз локалды дискініңзге көшірмелеңіз.
5. Internet Explorer ақпарат іздеуде қандай іздеу серверлерін ұсынады? Кезекпен 2-3 осындай серверді жүктеңіз. Ақпаратты оқу үшін тіл қалай таңдалады.
6. Ақпарат іздеу барысында (таңдалған қапшық) табылған қандай да бір WWW- ресурсқа "закладка" жасаңыздар. Қажет болмай қалған закладканы қалай жоюға болады?
7. Сілтеме панелге Internet оқулығының бірінші пункте көрсетілген адресін жазыңыз.
8. Internet Explorer-де Internet аймағында ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналаған қандай құралдары қолданылады? Ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етуді баптау күйлерін көрсетіңіздер
Қауіпсіздік
Интернеттен файлдарды көшіру операциясы вирус жұқтыру немесе «трояндық» программалардан зардап шегу қауіпін тудырады. Бірақ, әдетте браузерлерде орнатылған вирусқа қарсы құралдар болмаса да оның қауіпсіздік параметрлерін лайықты күйге келтіре отырып файлдарды көшірмелеуге тиым салуға болады .
Microsoft Internet Explorer браузеріне бұл күйге келтіру жұмысы Терезені жүктеу (Download) бөлімде орындалады.
Қауіпсіздік ережелері
Netscape Communicator браузері файлдарды көшірмелеуге тиым сала алмайды. Бұл жағдай ерекше мәнге ие емес екенін атап өткен жөн. Файлдарды көшірмелеуге тиым салу - интернеттен зиянды бағдарламаларды алудан немесе вирустан қорғаудың ең жақсы тәсіл емес. Интернетке қосылған компьютерлерде мұндай қорғаныс орнату үшін сізге арнайы вирусқа қарсы бағдарламалар орнату керек.
9. Internet уақытша файлдарын жаңарту күйлерін қалай баптауға болады?
Құралдар панеліндегі Обновить (Жаңарту) батырмасын таңдау арқылы.
10. Прокси - сервер арқылы Internet-ке қосылу күйлерін баптауды қарап шығыңыз. Прокси - сервер ұғымын түсіндіріңіз.
Прокси - сервер ұғымы
Прокси - сервер – клиенттер мен серверлер арасында деректермен алмасуда делдал қызметін атқарады. Ол берілетін деректер тобын бақылайды, әртүрлі ресурстарға немесе серверлерге қатынас құруға тиым салады, сонымен қатар Web ең жиі қарастырылатын беттерін уақытша жадыда сақтайды. Соңғы мүмкіншілік пайдаланушылар жағынан беттерге қатынас құруды жылдамдатады, өйткені ертерек көрілген беттерді Интернеттен қайта жүктеуді қажет етпейді.
Жергілікті желіні баптау терезесін ашу керек. Бұл жерде прокси - сервер адресін және оның портының нөмірін орнатуға, сонымен қатар жергілікті адрестерге прокси - серверді қолдануға тиым салғаннан кейінгі орнатуларға арналған панельдер бар. Қосымша батырмасы прокси-серверлердің қосымша баптау терезесін ашады.

11. PING және TRACERT диагностикалық утилиттерінің жұмысын түсіндіріңіз.


PING Утилитасы UNIX операциялық жүйесімен мен бірге туындаған. Ол қазір Microsoft Windows 98, Microsoft Windows NT және Microsoft Windows 2000 операциялық жүйелерінің құрамына кіреді.Бұл утилит құралдарының көмегімен IP хаттамасының деректер пакеттері адресі сізге белгілі Интернеттің кез-келген түйінне дұрыс жеткізілуін тексеруге болады.
PING Утилитын қарапайым диагноздық құрал ретінде пайдалануыға болады, яғни операциялық жүйенің және қосудың желілік компонентін тексеруге, сонымен қатар алысталған түйіндердің жауап қату уақытын анықтауға болады.
PING Утилиты Интернет түйінін тек қана жауап қату уақытын білуге рұқсат етеді . Ал, пакеттер сіздердің компьютеріңізден кез-келген берілген түйінге дейінгі жолдыға келсек онда оны TRACERT утилиты жеңіл анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет