«Компьютерлік желілер және желілік әкімшілеу» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша


Компьютерлік желілердегі адрестеу



бет34/40
Дата14.10.2023
өлшемі257,97 Kb.
#114971
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40
5.2.Компьютерлік желілердегі адрестеу

Адрес кластары. Жеке меншік және жалпы адрестер

Сабақтың мақсаты: желілік адаптердің желі платасының рөлін түсіну; желілік адаптердің плата конфигурациясының өлшемдерін меңгеру, желілік плата драйверлерінің қызметі мен міндеті туралы түсінік алу; драйверлерді орнатып және жоюды меңгеру.

Теориялық мәліметтер

1. Желілік адаптер платасының тағайындалуы
Желілік адаптер платасы компьютерлер мен желілік кабельдер арасындағы қосылу немесе физикалық интерфейс ретінде рөл атқарады.
Компьютерлер мен желі арасында тиісті айыру немесе портқа физикалық қосылуды қамтамасыз ету үшін платалар желілік кабельге қосылады.
Желілік адаптер платасының тағайындалуы:

  • компьютерден түсетін мәліметтерді желілік кабель бойынша беруге дайындау;


  • мәліметтерді басқа компьютерге беру;


  • компьютермен кабелдік жүйе арасындағы мәліметтер ағымын басқару.


Сонымен қатар, желілк адаптер платасы кабельден мәліметтерді қабылдайды және оларды компьютердің орталық процессорына түсіінкті түріне ауыстырады.


Желілік адаптер платасы ПЗУ жазылған, кіріктірілген бағдарламалар мен аппатарттық бөліктен тұрады.



    1. Мәліметтерді дайындау.

Мәліметтерді желіге жіберудің алдында желілік адаптердің платасы оларды компьютерге түсінікті түрден желілік кабель бойынша бере алатын түрге ауыстыруы қажет.


Компьютер ішінде мәліметтер шина бойынша – параллельді беріледі. Желілік кабельде мәліметтер биттер ағымы түрінде жылжып отыруы тиіс.
Желілік адаптер платасы параллельді мәліметтерді қабылдайды және оларды ары қарай жөнелтуді ұйымдастырады. Бұл үрдіс компьютердің сандық мәліметтерін желілік кабельдер бойынша берілетін электрлік және оптикалық сигналдарға ауысуымен аяқталады.
Бұған трансивердің өзгеруі жауап береді.



    1. Желілік адрес.

Мәліметтерді өзгертуден басқа, желілік адаптер платасы оны қалған платалардан айырып тани алуы үшін өзінің орналасу орнын немесе адресін көрсетуі тиіс.


Желілік адрестер (network address) IEEE комитетімен анықталады. Бұл комитет әрбір желілік адаптер платаларын өндірушілерге кейбір адрестер интервалдарын бекітеді. Өндірушілер осы адрестерді микросұлбаларға «тігеді». Осының арқасында әрбір платада, яғни әрбір компьютердің желіде өзіндік адресі болады.
Мәліметтерді компьютерден қабылдап және оларды желілік кабель бойынша беруге дайындық кезінде желілік адаптер платасы басқа да операцияларға қатысады.
1. Компьютер және желілік адаптер платасы мәліметтерді беруді іске асыру үшін бір-бірімен байланысты болуы тиіс (компьютерден платаға). Егер плата жадыға тікелей қатынай алса, компьютер оған өзінің жадының кейбір аумағын бөліп береді.
2. Желілік адаптер платасы компьютерден мәліметтерді сұрайды.
3. Компьютердің шинасы мәліметтерді оның жадынан желілік адаптер платасына береді.
Егер мәліметтер желілік адаптер платасының беруінен жылдамырақ түссе, мәліметтер буферге орналастырылады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет