«Компьютерлік желілер және желілік әкімшілеу» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша



бет4/40
Дата14.10.2023
өлшемі257,97 Kb.
#114971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
«Компьютерлік желілер және желілік әкімшілеу» пәнінен оқу тәжіри-emirsaba.org

Жұлдызша топологиясы

«Жұлдызша» топологиясы бар желідегі барлық компьютерлер орталық компьютерлермен немесе концентратормен жалғастырылған. Мұндай желідегі екі компьютер арасында тікелей қосылу болмайды.
Мұндай жүйе қарапайым және тиімді, деректе пакеттері әр компьютерден концентраторға бағытталады. Концентратор өз кезегінде пакеттерді тиісті жеріне жеткізеді. Мұндай топологияның негізгі жетістігі мынада: компьютерлер мен концентратор арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді.
«Жұлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды: егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.
Барлық жұмыс станциялары орталық торапқа жалғанған ЛВС топологиясы. Мұндай топологияның меншігі ретінде жөнделмейтін торап болып табылады. Алайда, егер орталық торап жөнделмесе, барлық желі қатардан шығады.
Бұл жағдайда әрбір компьютер біріктіруші құралдарға арнайы желілік адаптерлер арқылы жеке кабельдерге қосылады. Қажет жағдайда Жұлдызша топологиясымен бірнеше желіні біріктіруге болады. Жұлдызша топологиясының мысалы ретінде Internet тополгиясы Витая пара 10 BASE-T кабелі болып табылады, жұлдызша орталығы. Жұлдызша типті топоплгия кабельдің жарылуынан сақтауды қамсыздандырады. Егер жұиыс станциясының кабелі бұзылған болса, бүкіл желі сегиентін қатардан шығырмайды. Ол сондай-ақ, әрбір жұмыс станциясының кабельді сегментінің болуына, концентратқа қосылуына байланысты,қосылу мәселесін диагностикалайды. Диагоностика үшін кабельдің бүлінуін табу жеткілікті. Желінің қалған бөлігі жақсы жұмыс жасайды. Алайда, жұлдызша топоплогиясының кемшіліктері де бар.
Біріншіден, ол көп кабельді қажет етеді. Екіншіден, концентраттары барынша қымбат. Үшіншіден, кабельді концентраттарды кабельдің көп болған жағдайында күту қиын. Алайда, мұндай жағдайдың көбінде қымбат емес, витая пара кабелі қолданылады.

Кейбір жағдайларда телефон кабелдерін де қолдануға болады.


1.1.2-сурет. Жұлдызша топологиясы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет