Компьютерлік желілерді жіктеу. Компьютерлік желілердің функционалды түрлері: жергілікті, глобалды, корпоративті



бет4/4
Дата19.05.2023
өлшемі20,1 Kb.
#95163
түріПрограмма
1   2   3   4
Ғаламдық есептеу желісі (ҒЕЖ). Егер желі кең ауқымға, тіпті тұтас елдерге жаралса, ол ғаламдық есептеу желісі (ҒЕЖ) деп аталады. ҒЕЖ бойынша коммуникациялар телефон желісі, спутниктік байланыс немесе жер бетіндегі микротолқынды жүйе арқылы жүзеге асады. ҒЕЖ көбіне ЖЕЖ бен АЕЖ біріктіру жолымен жасалады. Оқшауланған ЖЕЖ бен АЕЖ-ді іс жүзінде ҒЕЖ-ге біріктіру желі саласындағы қазіргі заманғы тенденция болып табылады. ҒЕЖ әдетте, көптеген ЖЕЖ бен АЕЖ өзіне біріктірсе, онда олар әр түрлі технологиялардың ретсіз қосындысы (конгломерат) болып саналады.
ЖЕЖ-ге қарағанда ҒЕЖ көпшілігі хабарларды баяу берумен және қателердің көп кетуімен ерекшеленеді. ҒЕЖ саласындағы жаңа технологиялар бұл проблемаларды шешуге арналған. Ғаламдық есептеу желілерімен жұмыс істеу үшін пайдаланушының тиісті ақпараттық және программалық қамтамасыз етуі болуы тиіс. Ақпараттық құралдардың қарапайым жағдайында телефон желісі бойынша байланыс жүзеге асуына жәрдемдесетін модемді қосымша орнату керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет