Компьютерлік желілерді жіктеу. Компьютерлік желілердің функционалды түрлері: жергілікті, глобалды, корпоративті


ЖЖҚ (желілік есептеу желісі) топологиясы



бет3/4
Дата19.05.2023
өлшемі20,1 Kb.
#95163
түріПрограмма
1   2   3   4
ЖЖҚ (желілік есептеу желісі) топологиясы. Желілер құрылыммен (топологиямен) сипатталады. Жергілікті желі құрылымы ретінде ЭЕМ байланыс желілермен бірігудің белгілі бір тәсілі түсініледі. Негізінде жергілікті желілер үшін үй стандартты топология: шина, сақина және жұлдыз қолданылады.
Шиналық (желілік) топологияда компьютерлер магистраль немесе шина деп атау қабылданған орталық кабельге қосылады. Бұл қосылыс компьютердің әр түрлі құрылғыларын біріктіруге ұқсас.
Сақина түріндегі топология шиналық топологияға ұқсас, бірақ магистральдардың соңдары тұйықталған сақина құрап, қосылған. Шиналық және сақиналық топологиясы бар желілер өте үлкен қашықтықтарды (бірнеше ондаған километрлерді) алады.
Жұлдыз түріндегі топологияда барлық компьютерлер бір орталық машинаға қосылған, ол, әлбетте, өзіне қосылатындарға қарағанда қуатты. Ол желіде жетекші роль атқарады, өйткені желінің қалған басқа компьютерлері арасындағы барлық ақпарат ағыны орталық компьютер арқылы өтеді. Мұндай топология үшін шағын ауқымдар тән.
Топологияның әрқайсысының өз артықшылары мен олқылықтары бар. Сондықтан компьютерлерді жобаланатын желіде қосу тәсілін мамандар мұқият ойлап-толғануы тиіс. Негізінде, желіде тек қаралған стандартты схемалар ғана қолданылып қоймайды, ұйымның өркендеген нақтылы ерекшеліктерін ескеретін сан түрлі ықтимал амалдар да пайдаланылады.
Аймақтық есептеу желісі. Егер желі бүкіл қаланы қамтыса, ол онда аймақтық есептеу желісі (АЕЖ) болып саналады. АЕЖ – желілердің ең ғана түрі. Аймақтық желілер бірнеше облыстарды, сонымен қатар тұтас елдер мен континенттерді қамти алады. Аймақтық желілер мысал ретінде мыналарды көрсетуге болады: JANET (Ұлыбритания), DFN (Германия), Compu Serve және America Online (Американдық коммерциялық ақпараттық желілер). Мұндай желілерде байланыс желісі ретінде негізінде телефон желілері мен оптоталшықты (оптоволоконные) арналар қолданылады. Аймақтық есептеу желілерінің (АЕЖ) ЕЖ-бен көптеген ұқсастықтары бар, бірақ олар көп параметрлер бойынша соңғысынан күрделірек. Мәселен, АЕЖ мәліметтер мен дауыстық алмасудан басқа бейне және дыбыс жазу ақпаратын бере алады. АЕЖ ЕЖ-на қарағанда үлкен қашықтықтарды ұстау үшін жасап шығарылған. Олар үлкен жылдамдықтағы бірігіп-кіріккен желілік жүйелермен бірге бірнеше ЖЖҚ байланыстыру үшін қолданылады. АЕЖ үлкен географиялық қашықтықпен ЖЖҚ-ның жақсы сипаттамаларын (қателердің аздығы, хабарлардың тез берілуі) ұштайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет