Компьютерлік желілерді жіктеу. Компьютерлік желілердің функционалды түрлері: жергілікті, глобалды, корпоративті



бет2/4
Дата19.05.2023
өлшемі20,1 Kb.
#95163
түріПрограмма
1   2   3   4
Байланысты:
Желі түрлері

Жергілікті есептеу желісі (ЖЕЖ). Егер желі бір орынға (әдетте бір ғимаратқа немесе әр түрлі ғимарат кешеніне) байланса, ол жергілікті деп аталады. ЖЕЖ компьютерлік жүйелер мен перифериялық құрылғыларды (қатқыл дискідегі жинақтағыштар, стримерлер, принтерлер және т.б.) мәліметтерді және перифериялық құрылғыларды бірлесіп қолданатын топтарға байланыстырады.
ЖЕЖ-дің айрықша қасиеті – мәліметтердің үлкен жылдамдығы, қателердің төмен деңгейі, мәліметтерді берудің арзан ортасын пайдалану. ЖЕЖ-дің көпшілігі оларды қолдайтын қайсібір нақтылы ұйымға жатады.
Жергілікті есептеу желілері жұмыс тобы, бөлімі, кампусі мен корпоративті желілерге бөлінеді. Корпоративті желілердің тез дамуы мен олардың зор болашағына орай кеңірек тоқталайық.
Корпоративті компьютерлік желілер (ККЖ). Корпоративті желілер компьютерлер мен желілерді бір кәсіпорын немесе корпорация аясында біріктіреді. Аумақтық (территориялық) белгінің ешқандай маңызы жоқ. Мұндай желілер жер шарының кез келген бөлігін қамтиды. Қашықтаған жергілікті желілер мен компьютерлерді біріктіру үшін телекоммуникация құралдары, спутниктік байланыс және басқа қазіргі заманғы құралдар қолданылады.
Корпоративті желілердің қолданатын жабдықтары, программалары және технологиялары жоғары дәрежеге ие, әрі сан алуандығымен ерекшеленеді. Сонымен бірге мұндай желілер қолайлы уақытта әсер ететін, кез келген ресурсқа қол жету мүмкіндігімен біртұтастығы құрауы тиіс.
Корпоративті желілер қамтудың едәуір аумағы бар жергілікті желілердің ерекше алуан түрі болып табылады. Қазір корпоративті желілер өте белсенді дамуда және олардың бөлігін Интернет (интражелі) желілері деп атайды.
Интернет (интражелі) – Интернетке кіре алатын, бірақ аз ресурстарына сыртқы пайдаланушылардың қол жетуінен қорғалған, Интернет технологияларын қолданудың арқасында мол мүмкіндіктерге ие болған жеке фирмаішілік немесе фирмааралық компьютерлік желі. Оны жергілікті желі мен Интернет желісі құралдарын қолданып, фирмалық және фирмаішілік ақпаратқа жету мен оны сақтау, беру, өңдеу жүйесі ретінде айқындауға болады.
Толық функционалды Интернет желісі мынадай базалық желілік технологияларды орындауды қамтамасыз етеді:
 Желілік басқару;
 Барлық қалған қызметтер мен ресурстарды бейнелейтін желілік каталог;
 Желілік файл жүйесі;
 Хабарларды біріктіріп беру (электронды почта, факс, телеконференция және т.б.);
Word Wide Web жұмысы;
 Желілік басу;
 Ақпаратты рұқсат етілмей қол жетуден сақтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет