Комплекс қосылыстарының изомериясы.
Комплекс қосылыстардың көп түрлiлiгiн әр түрлi изомерлерiнiң болуымен түсiндiредi. Сапалық, сандық құрамы бiрдей, тек құрылысы әр түрлi болып келетiн молекулалар мен иондарды изомерлер деймiз. Комплекс қосылыстарға мынадай изомерлер тән: гидратты изомерия, координациялық изомерия, цис-транс-изомерия, ионизациялық изомерия, оптикалық изомерия.
Гидратты изомерия, су лигандаларының iшкi сферадан, сыртқы сфераға өтуiмен түзiледi.
Мысалы: CrCl3·6H2O изомерлерi:
[Cr(H2O)6]Cl3 изомерлерi [Cr(H2O)5Cl]Cl2·H2O және [Cr(OH)4Cl2]Cl·2H2O
көкшiл күлгiн түстi ашық жасыл түстi қара жасыл түстi
Координациялық изомерия, комплекс iшiндегi екi комплекс түзушiлердегi лигандалардың әр түрлi орналасуына байланысты:
[Co+3(NH3)6]3+·[Cr+3(C2O4)32-]3- және
гексаамминкобальт (III) триоксалатохролат (III)
[Cr+3(NH3)6]3+·[Co+3(C2O4)32-]3-
гексаамминхром (III) тироксалатокобальт (III)
Цис-транс-изомерия, бiрдей лигандалардың орталық атомның бiр жағына және қарама – қарсы жағына орналасуына байланысты. Егер лигандалар орталық атомның бiр жағына орналасса, олар бiр-бiрiне жақын жатады. Ондай изомерия цис- изомерия деп аталады. (а)
Сl NH3 H3N Cl3
Pt Pt
Cl NH3 Cl NH3
(а) цис-изомер (б) транс-изомер
Егер бiрдей лигандалар орталық атомның екi жағына орналаса бiр-бiрiне диагональ бойында алыс жатады. Ондай изомер транс-изомер деп аталады. (б)
Изомерияның дис-транс түрлерi жазық квадрат және октаэдр құрылысты комплекске тән. Координациялық саны 2,3 және тетраэдрлiк к.с.=4 тең комплекстер цис-транс изомерлер түзбейдi.
Ионизациялық изомерия және сыртқы сфераларда иондардың әр түрлi орналасуына байланысты:
[Pt(NH3)3Br]·NO2 және [Pt(NH3)3·NO2]Br
Оптикалық изоиерлер, молекулаға кiретiн атомдардың немесе атомдар топтарының кеңiстiкте әр түрлi орналасуына байланысты. Бұндай изомерлi заттардың оптикалық активтiгi iшкi симетрия жазықтығының болмауымен түсiндрiледi. Тетраэдрлiк комплекстерде оптикалық изомер түзiлуiн оңай байқауға болады.
Д-лигандалары екi комплексте де жоғары бағытталған, ал (а) изомерiнде В.С және А лигондалары сағат стрелкасы бойынша бағытталған, (б) изомерде оған қарама-қарсы бағытпен орналасқан. Екi изомер жазық айнадағы кескiндер сияқты. Сондықтан оларды айналық изомерлер деп те атайды. Олар өзiне келiп түсетiн полярланған жарық жазықтығын екi бағытта бұрады, (бiрi-оңға, екiншiсi-солға). Мiне , тек осы қасиетiнiң өзгешелiгi бойынша оларды оптикалық изомерлер деп атаған.
Достарыңызбен бөлісу: |