Сәйкестендіру тапсырмасын орындау барысында әрбір білім алушы комплексті қосылыстардың формуласы мен олардың атауларын сәйкестендіріп, дәптерге жазып түсірді.
6,7-сурет. Сәйкестендіру тапсырмасы
Сабақтың соңында білім алушылардың бағалануы өзін-өзі бағалауы, бірін-бірі бағалауы, мұғалімнің бағалауы нәтижесінде қорытындыланып, орта балл қойылды. Бағалау кестесі білім алушылардың аты-жөні көрсетіліп түзілген кестесі алдын-ала таратылып берілді (Сурет 8).

8-сурет. Бағалау кестесі
Қорытынды
Сабақ өтуге дайындық барысында тақырыпқа сәйкес теориялық материалдар қарастырылып, химиядан сабақ өту әдістемесіне қатысты жарияланған ғылыми мақалаларға шолу жасалды. Білім алушыларға «Әрекеттесуші массалар заңы және комплексті қосылыстар» тақырыбына алдын-ала электронды нұсқасы ұсынылды. Сабақ барысында инновациялық әдістер қолданылуы сабақ өту дизайнын толықтырды. Білім алушылардың топтық оқытуда топқа бөлінуі, постерлерді дайындап, оған нақты жауап берулері, тапсырмалар мен сұрақтарға, комплексті қосылыстардың формулаларына атауларын сәйкестендіру және бағалау кезеңдері жүйелі түрде жүргізілді.