ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ 1-тәжірибе. Қос тұздар мен комплексті тұздардың иондары 5 конус тәрізді сынауықты дайындаңыздар. Бірінші, екінші және үшінші сынауықтарға үш тамшы аммоний-темір квасцы (NН4Ғе(S04)2*12Н20) ерітіндісін, ал төртінші, бесінші сынауықтарға К3[Ғе(СN)6] ерітіндісінің 3 тамшысын тамызыңыздар. Сонан соң, бірінші сынауыққа екі тамшы аммоний роданидінің ерітіндісін, екіншіге екі тамшы барий хлоридіиің ерітіндісін, үшіншіге 2-3 тамшы NаОН ерітіндісін (үшінші сынауықты аммиактың иісі пайда болғанша қыздыру қажет), төртіншіге 2-3 тамшы NаОН ерітіндісін, ал бесіншіге аммоний роданидінің ерітіндісін NH4СNS қосыңыздар. Бірінші, екінші, үшінші сынауықтардағы құбылыстарды төртінші және бесінші сынауықтардағы құбылыстармен салыстырыңыздар. Аммоний-темір квасцылар және калий гексацианоферраты (III) сулы ерітіндіде қандай иондарға диссоциаланады? Диссоциация тендеулерін жазыңыздар.
2-тәжірибе. Күмістің комплексті қосылыстары 2.1. Сынауықтағы күміс нитритінің (АgNО2) бір тамшысына екі тамшы 2 н тұз қышқылының немесе натрий хлоридінің ерітіндісін құйыныздар. Түзілген тұнбаны центрифугада айналдырып, фильтратты төгіңдер де, тұнба толық ерігенше аммиак ерітіндісін құйыңыздар (концентрлі ерітінді алған жон). Тұнба неліктен ериді? Реакция теңдеуін жазыңыздар. Содан соң сынауықтардағы ерітілген тұнбаға тамшылатып азот қышқылын (2-3 тамшы) құйыңыздар. Азот қышқылын қосқанда тұнба түзілуін түсіндіріңіздер.
2.2. Алдыңғы тәжірибедегідей АgСI тұнбасын алып, оны ерітіндіден бөліңіздер. Тұнбаға натрий тиосульфаты Na2S2O3ерітіндісін тамшылатьш, тұнба ерігенше құйыңыздар. Реакция теңдеуін жазыңыздар.
3-тәжірибе. Темірдің комплексті қосылыстары 3.1. Конус тәріздес сынауыққа 2-3 тамшы жаңадан дайындалған Мор тұзының ерітіндісін құйыңыздар және бір тамшы 2н НСІ ерітіндісін қосыңыздар (реакцияның жүруіне қышқыл орта қажет) және 2 тамшы калий гексацианоферраты (ПІ) ерітіндісін қосыңыздар. Сынауықтағы ерітіндіні дистилденген сумен сұйылтыңыздар. Тұнбаның түсі кандай? Тұнба қалай аталады? Реакция теңдеуін жазыныздар.
3.2. Конус тәріздес сынауыққа темір (III) түзынын 2-тамшысын құйып, 2н тұз қышкылы ерітіндісінің бір тамшысымен қышқылдатындар және екі тамшы калий гексацианоферраты (Ш) ерітіндісін қосыңыздар. Сынауықтағы заттарды сумен сұйылтыңыздар. Тұнбаның түсі және аталуы қандай? Реакция тендеуін жазыңыздар. Тұнбаға сілтінің әсерін тексеріңіздер. Темірдің қандай иондарына [Ғе(СN)6]3- және [Ғе(СN)6]4- - комплекстік иондарды реактив ретінде колданылуы мүмкін?