«Композиция негіздері»



бет7/10
Дата25.09.2022
өлшемі492,2 Kb.
#40129
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Д.Шолпан.қорғау 22.04.2020

1.3.Композиция

Композиция (латын тілінен аударғанда «жиналу».»біріктіру»)-көркем шығармашылықтың негізгі категорияларының бірі. Суреттен айырмашылығы. Түсі, сызығы көлемі, кеңістігі көркем форманың құрамдас бөліктерінің бірі емес , қөркем бейнелі , мазмұнды -формальды тұтастық-барлық элементтер органикалық түрде бір-бірі мен тығыз байланысы құрылымның ең күрделі және тамаша түрі.


Композиция – шығармашылық үдерісінің өте маңызды саласының бірі. Адам күнделікті өмірде композициның неше бір түрлерімен кездеседі. Ол тасбиғаттың жаратылуымен, адамның дарынымен, бұйым заттардың бір тұтастық пішінімен, сұлулық пен әсемділікпен, үйлесімділік пен айқындылық арқылы анықталады.
Композиция (лат. Compositio) – элементтердің жазықтықта немесе кеңістікте бірігуі мен байланысынан құрылған жүйе. Көркемдік пішіннің ең басты элементі ретінде композиция бұйымға бірлік пен тұтастық береді, оның компоненттерін өзара бағыныңқылыққа және тұтастыққа келтіреді.
Композиция– 1. Жұмыс құрылымы, нақты құрылыс, жұмыстың ішкі ұйымдастырылуы: таңдау, топтау және идеялық және көркемдік тұтасуды ұйымдастыратын графикалық техниканың реттілігі.
Композиция - бұл кез-келген идеяға сәйкес әртүрлі бөліктердің жиынтығы, олар белгілі бір форманы құрайды. «Композиция» ұғымы екі аспектте қолданылады: - мазмұнына, сипатына және мақсатына қарай мақсатты түрде өнер туындысын салу; - өнер туындысының атрибуты ретінде әрекет ететін, оның құрамдас бөліктерін бір-біріне және тұтасына бағындырып, үйлесімділік пен тұтастыққа үйлесімділік беретін көркемдік форманың маңызды ұйымдастырушы элементі.
Композицияның жеке элементтерін бір – бірінеқарсы қою үш нұсқада мүмкін болады. Олар: қарама-қайшылық,нюанс,тепе-теңдік. Олардың ішіндегі ең белсендісі-қарама -қайшылық.
Қарама-қайшылық дегеніміз-бір тектес қасиеттер арасындағы айырмашылықтардың айқындала түсуі.
Элементтердің қарама-қайшылық қатынасы жайлы айтылған да үлкен мен кішіні,қараңғы мен жарықты,тегіс пен бұдырды,және т.б.салыстырады.
Көркем шығармашылықтағы қарама-қайшылық арқылы жасалған бұйымдар өте маңызды болып келеді,себебі,композицияның көркемдігі оның қарама-қайшылығына байланысты.Композицияда бір-бірімен әр түрлі ғана емес , сонымен қатар , қарама-қайшылық элементтері: көлем мен жазықтық,жарық пен көлеіңке, үлкен мен кіші, жақын мен алыс, суық пен жылы түстер де үйлеседі. Қарама қайшылықтың деңгейі дизайнердің шығармашылық сезімталдығына ,тәжірибесіне және жобаланатын заттың пайдалану мақсатына қара анықталады. Қарама-қайшылықтың жетіспеушілігі композицияны солғын көрсетсе, қарама-қайшылық артық болса заттың композициялық бірлігін бұзады. Сондықтан, қарама-қайшылықтың деңгейі композицияның біртұтастығын сақтайтындай дәрежеде болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет