«Композиция негіздері»



бет8/10
Дата25.09.2022
өлшемі492,2 Kb.
#40129
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Тепе теңдік дегеніміз-композициядағы элементтердің көлемінің пішінінің,фактурасының және т.б.қасиеттерінің толық ұқсастығы.
Композиция дегеніміз- салынатын суреттегі барлық бөліктерді байланыстырып, орынды құрастыру, үйлестіру. Композицияның негізгі талабы – шығарманың көркемдік бірлігін табу. Бұл үшін суретші алдымен композицияның орталық нүктесін табу керек. Көрерменнің көзіне бірден түсетін, көлемі жағынан үлкен немесе көп орын алмайтын, бірақ назарды бірден өзіне аударатын шығарманың сәулелі немесе күңгірт тұсын, өзінің айналасындағы ортадан автордың қалауымен ерекшеленген ортаны композициялық орталық деп атаймыз. Суретшілер сурет салу барысында композиция көмегі арқылы өздерінің ойлары мен сезімін білдіріп, оларды толғандырып, өмір шындығы мен қиялын көрсете алады. Кез келген суретті салу композициядан басталады. Композициялық әдістердің бірі салынған суреттің шекарасын толық көрсетпеу арқылы іске асырылады. Композиция суретшінің ойына байланысты заттың қозғалыстағы немесе бір қалыпты қозғалыссыз тұрған қалпын көрсетуге жол ашады. Сурет салғанда, көкжиек сызығын әр түрлі, кез келген биіктікте белгілеуге болады. Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлым айқын, нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды. Яғни ол шығарманың құрылысы, оның негізгі бөлшектерінің орналасуы, оқиғалардың баяндалу реті. Қарапайым сөзбен айтқанда, көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, үйлесімділік (композиция) сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді. Композиция мен сюжет өзара тығыз байланыста болады. Кейіпкер өз ортасына лайық іс-әрекетте бейнеленеді және олардың іс-әрекетін, психологиялық ішкі толғанысын, бояу ерекшеліктерін композицияның жалпы тақырыбына байланысты көріп байқауға болады.
Композицияның негізгі түрлері:
Сыртқы форманың тұтастығы
Элементтердің бағынуы
Масштабтылық
Пропорция
Ырғақ - композициялық құрылымдардың негізі
Модуль Метрикалық қайталау
Тепе-теңдік
Динамикалық. Статикалық
Симметрия Ассиметрия. Симметрияның симметриялы көріністері
Контраст
Нюанс
Кеңістік құрылымы
Тектоника
Иілімділік
Жарық пен көлеңке
Жазықтықтың декоративті түрленуі
Оптикалық түзетулер
Пішін сипатының бірлігі


Композиция әдістері:

  • орта (мағыналы, үйлесімділік);

  • Алтын қиманы қолдану;

  • Ырғақ;

  • Статика;

  • Динамика;

Композиция заңдылықтары:

  • Бүтіндік заңы;

  • Өмірлік заңы;

  • Қарсылық заңы;

  • Тәуелділік заңы;

  • Әсерлілік заңы;

  • Жаңалылық заңы;

Композиция түрлері:

  • Фронталь – жазық (витраж, фреска, шығарма);

  • Көлемді – мүсін, сәулет;

  • Кеңістік – сәулеттік ансамбль.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет