«Композиция негіздері»



бет3/10
Дата25.09.2022
өлшемі492,2 Kb.
#40129
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Д.Шолпан.қорғау 22.04.2020

1.1.Түстер туралы сипаттама

Түс,көрініс ретінде, сәуле шашу физикасымен , сезіну психофизикасымен қабылдау, психологиясымен бірге айқындалады. Нәзік күн сәулесін шыны призма арқылы өткізген кезде ол бұзыла отырып, спектр деп аталатын,яғни түстердің үздіксіз қатарын құрады. Түстану ғылымында түстерге төменгі сипаттамаларды береді. Барлық түстер екі топқа бөлінеді. Хроматикалық (боялған). Хроматикалық түстер қатары – спект түстері: қызыл, қызыл-сары, сары, жасыл, көк, көгілдір, сия-көк және олардың арасындағы түстер. Хроматикалық түстен ахроматикалық түстерге дейінгі қатар,қызылдан аққа,қызылдан сұр түске, қызылдан қара түске дейінгі қатар т.с.с. түстердің ашықтылығымен қанықтылығын білдіреді. Жалпы алғанда барлық хроматикалық түс үш параметрмен – түс реңкімен, жарықтығымен және түс қанықтығымен сипатталады. Түс реңкі - бұл хроматикалық түстің өзара жарықтығы жағынан тең келетін ахроматикалық түстен негізгі айырмашылығы, негізгі қасиеті;


Жарықтық ұғымы хроматикалық түсте қара не ақ пигмееттің қаншалықты мөлшері бар болуымен түсіндіріледі;
Тү қанықтығы-түстегі таза бояу тектің болу дәрежесі. Ең қанық бояу спектр түстері болып саналады(мысалы,қанық қызыл,қанық көк және т.б.) Түс реңкі бір түсте екінші түс қоспаларының араласуымен сипатталады.Мысалы,қызыл күрең(бүлдірген түсті)түсте көк түс ;қызғылт сары түсте сарытүс қатысады;яғни реңкі бойынша қызыл түстер әр түрлі болады. Ахроматикалық түстер бір-бірімен тек бір белгісі бойынша -жарықтығы (ашық-сұрғылт немесе қара-сұрғылт) бойынша ерекшеленеді. Ақ пигмент көп қосылған түстер пастельді деп аталады.Ақ сұр түстердің үндестігі-бұл жарықтық гаммасы, ал әртүрлі қара-қара күңгірт гамма болып табылады. Гамма-жалпы сыртқы түс ерекшелігін білдіретін түстердің қатары,мысалы жасыл гамма өзіне барлық жасыл түстің реңкін қабылдайды көк жасыл ,алма түстес , шөп түстес , теңіз толқыны түстес.(көгілдір жасыл) Хроматикалық түстерді қабылдауына қарай екі топқа бөлуге болады.Жылы түстер және суық түстер.Адамның көзі түс і қабылдау кезінде оның түрлі қасиеті мен асациациасын сезінеді,мысалы “ауыр” және “жеңіл” түс деген ұғым бар.Түс “ауырлығы”оның жарықтың реңкіне байланысты болады.Түс қою,қара болған сайын оның ауырлығы арта түседі және керісінше жарық түстер “жеңіл” болып қабылданады.Бұл ереже барлық хроматикалық және ахроматикалық түстерге қатысты. Қызыл ,сары және көк-негізгі түстер,оларды араластыру арқылы қалған барлық түстер мен реңктерді алуға болады.Қызыл-сары және жасыл,көкшіл- қосымша түстер.Түстерді өзара үйлесімділігін гармония деп атаймыз.Осылайша түс тобында өзара жақын түстердің төрт тобы бар:сары-қызыл,көк-қызыл,көк-жасыл,сары-жасыл.Түс шеңберінде түс үндестігінің төрт түрін бөлуге болады:туыс түстер үндестігі,туыс контраст түстер үндестігі,контраст түстер әне бір реңкті түстер үндестігі. Туыс түстер үндестігі.Туыс түстер түс шеңберінің бір ширегінде орналасады.Туыс түстер құрамына негізгі екі түс енеді немесе солардың біреуі шартты түрде болады.Түс шеңберінің жүйесіне туыс түстердің төрт тобы кіреді:қызылды-сары,жасылды-сары,жасылды-көк,қызылды көк.
Туыс контраст түстер үндестігіне мәлімет бере өтсем.Бұл түстер түс шеңберінің шектес ширегінде орналасады.Бұлар:қызылды-сары,жасыоды – сары жылы түстер;Жасыллы -көк,қызылды көк суық түстер;жылы жасылды-сары және суық жасылды көк түстер ;Жылы қызылды-сары және суық қызылды көк түстер. Контраст түстердің үндестігі. Бұл қоспалардың түс ері түс шеңберінің қарама-қарсы ширектерінде орналасады. Бір реңкті түстер үндестігі.Осы топтың негізін кез-келген бір түс ің түстер жиынтығында қандай мөлшерде кездесетін көрсететін түстер үндестігі құрайды.
Тағы бір заңдылық бар:түс шеңберінде түстер бір-біріне жақын болған сайын , олардың үндестігі арта түседі,сонымен түс байланысының үндестігі-бояу қанықтығымен жарықтығын реңкін есептегендегі түс үйлесімінің жиынтығы. Қанықтық-суретші -дизайнер үшін өте маңызды ұғым.Әдетте жаңа сала бастаған суретшілерде бұйымдар жарық жағынан әртұрлі болып көрсетіледі.Түстің қанықтығы жетпейтін жұмыстар монотомды нашар секілді көрінеді.Сол сиақты суретшілердің арачындағы қанықтықтың түстің “қоюлығы” немесе “тығыздығы”деп түсіндіретіндері бар.Қанықтықты бұлайша түсіну түсті қабылдау психологиясымен байланысты. Түс тану жөніндегі көптеген оқулықтарда “ қанықтық” термині түстің “тазалығы” деген сөзбен алмастырылады және екі терминде синоним сөздер ретінде қарастырылады.Түс тану сұрақтарфн ауызекі тілде айтқанда бұл сөздер мағыналас келе береді,ал түстің теориясын тереңірек алып қарастырып жағдайда бұл қолайсыздық тудырады.Тустану ғылымында түстің “ тазалығы” дегенді бір түсте басқа түстердің қоспасы болмауы деп түсіндіреді.Мейлінше қанық болғанмен ол мағынада спектральдық түстердіі таза бола бермейді.Құрамында сбасқа түстің сәл ғана қоспасы бар кез-келген спектральды түс ешқашан таза түс болмайды.Осылайша алып қарасақ,тек қана үш спектральдық түс і таза деп айтады-қызыл , көк жәнне сары.Сол сиақты бұл түстерді алғашқы және ненізгі түстер деп те атайды .Түстің” тазалығы”-психологиалық ұғым.Жоғарыда айтқанымнан мынадай туындамақ,қанықтық түсте ақ – қара элементтің болуымен сипатталады,сондықтан таза түс аз қанық бола алады, ал өте қанық түс – таза емес.
Бояу қатарының негізгі сипаттамалары болатын жарықтығы,түстік томы және қашықтығы деген ұғымдар суретші шығармаларының түстік құрылымының негізін құрайды Бұйымның түсі оның көлемі,салмағы,формасы сияқты ажырамас өзіндік белгісі болып табылады. Бұйымға түсетінін жарықты қабылдау,өткізу және кері қайтару процестері сол бұйымның түсі айқындаудың физикалық негізін құрайды.Түсті қабылдауға бұдан басқа да көп деген психологиялық факторлар әсер етеді. Түсті қабылдау-күрделі процесс,ол физикалық және психологиялық стимулдармен сипатталады.Бір жағынан,түсті сезіну обьективті түрдегі және бізбен тәуелсізбелгілі ұзындықтағы толқындар арқылы шақырылатын белігілі, екінші жағынан,түсті көздің көмегінсіз қабылдау мүмкін емес. Қазіргі психологиялық түсті көзбен қабылдаудың екі сапалық деңгейін атап көрсетеді:түсті сезіну.Түсті сезіну физиологиялық көруге байланысты болатын қарапайым психикалық акт ретінде түсіндірілсе,қабылдау-бірқатар психологиялық тәртіптерден тұратын күрделі процесс,ал түсті түсіну көбінде эмоционалдық және эстетикалық сала дәрежесіне жатқызылады. Түстердің араласуы-түс теориясының ең басты проблемаларының бірі,өйткені адамның көзбен көрінді түстердің араласуы күнделікті өмірде күн сайын кездесіп отыратын дәстүрлі көрініс.Түсті сыртынан сезіну әртүрлі ұзындықтағы жарық толқындарының араласқан қорасынан құрылады.Біздің бұдан қандай түсті қабылдауымыз жарық сәуленің тасқыныдад қандай ұзындықта және жиілікте болатыны тұтқынға байланысты.Осы және осыған ұқсас басқа деректер көздің оптикалық аралас түстерден нәтижелі бір түс шығарып алатын ерекше синтетикалық қабілеті бар екендігін айғақтайды. Егер боялған екі жақ қатар орналасса, белгілі бір қашықтықтан олар бір түс секілді әсер құрайды.Мұндай араласу «аддитивті"деген атау алады.Контрасттар екі түрге бөлінеді Дипломатиялық және дипломатиялық.Айтылған контрасттардың әр қайсысына мынадай контрасттар ажыратылады:бір мезеттік,жалғастырушылық,шекаралық.
Бейнелеу өнерінің практикасында ахроматиялық контрасттар көбірек жұмыстар болуға тура келеді, ұның мәнісі бұлай ашық жақ қара фон да оданда ашық болып көрінеді, ал қара жақ ашық фонда – бұрынғысынан да қара.Бірінші жағдайдағы контрасттың көрінісі жағымды деген,екінші жағдайдағысы-жағымсыз деген атауға ие болады .Екі ахроматиялық түстік өзара әрекетінде немесе ахроматиялық және ахроматиялық түстердің салыстыру сағанда бір мезеттік түстік контрасттар тиімділігі туады.Бұл жарық контрасынан гөрі күрделі көрініс.Өйткені түс ең тон бойынша өзгерістер жарықтығы және қашықтығы жөніндегі бір сәтті өзгерістермен қатар жүреді.Соңғысы түстік контрастан гөрі ерекшелік көрінуі мүмкін.Өзара толықтыратын түстердің контрасы біршама ерекше жағдай ретінде сипатталады. Оларды салыстырып қарағанда қабылдауға жаңа белгілер байқалмайды.Бұл жақын жерден көрген де орын алады.Ал енді алып қашықтықтан алып қарайтын болсақ,мұнда басқа заңдылық өз күшіне енеді,атап айтар болсам-аддивтік оптикалық араласу заңды күшіне кіреді.Барлық қосымша қашықтығы жөнінде контраст,шекаралық контрастан,жалғастыруды контраст бар. Түстердің қабылдау психологиясы-адамның түстердің теңестіру-рұқсаты арқылы қабылдап, атау қабілеті. Күнделікті өмірде біз аса мән бере бермейтін «түстердің адам психологиясына айтарлықтай ықпалы бар екендігін бүгінде дүниежүзілік ғалымдар дәлелдеп шықты.Адамның таңдаған түсі көп мәліметті беріп тұрады.Мәселен адам,адам жасына,мәдениет деңгейін,білімін,ерекшеліктерін,мінезін жиі қолданатын түске қарап-ақ байқауға болады.
Психолог ғалымдар түстің адамға әртүрлі әсер туралы бірқатар зерттеулер жүргізгендігі белгілі.Мысалы қызыл түске көп қарау немесе қызыл түске боялған бөлме ішінде ұзақ отыру адамның жүйкесіне тиіп оны әлсірететіндігі анықталған.Сонымен қатар бөлменің қабырғасын түрлі түстерден реңдеудің өзіндік ерекшелігі болады.Мысалы,зерттеу нәтижелері үйдің көлікке немесе солтүстік жақтағы бөлімдерін жылы түстерден,күн жарығым тікелей түскен бөлмелерде суық түстерден белсендіру қажеттігін көрсеткен.Сонда жылы түстер адамға жылулық әсер беріп,бөлменің іші жылына түскендей сезініп ал суық түсті бөлме жаздың күні адамға салқындағандай әсер анықталған. Қызғылт сары түс оптимистік, албырттық,ақкөңілдің пен табандылықты аңғартады..Бұл түсті ұнататын адамдар-әрдайым көмек қолын созуға алып адал достар. Алқызыл-әйелге тән қасиет пен нәзіктік түсі. Сары- күн сәулесі,қуанышқа толы үміт түсі.Оны көңілді өмірді сүйемін,мақсатына жетпей қоймайтын,белсенді,тіпті,күйгелек жандар таңдайды.Сары түсті киім киген адам мейірімді,өзіне сенімді және ақша табуды көзін біледі.Бұл түс мүсініңіздің сымбатын қадағалауға көмектеседі.
Жасыл түс-ақылды орамдылығын,парасаттылық жағдайды терең түсіне білетінжандарға ұнамады.Бай-бақуаттылық пен гүлденудің білдіреді.Ашық жасыл түс адамды жас көрсетеді.Ал бұл түсті ұнатпайм адамның өз эмоциялық күйіне толмайтынын аңғартады. Көгілдір-тыныштық пен ақиқат түсі көк түсті құп көретін жандар жанға баратын шындықтың жақсартып,көңілге тимейтіндей етіп айта алады және оны өзгелер дұрыс түсінеді.Көгілдір түске деген ынтықты парасатты жоғарылығын көрсетеді. Бұл түске берушілер сипаттама-ұстамдылық пен салқындық. Артық салмақ қосуға бейім жандардың бұл түспен әуестенбегені абзал. Көк түсті енжар,ұқыптылықпен тазалықты ұнататын сезімтал адамдар таңдайды.Олар-меданходиктер және тыныштықты бәрінен артық көреді. Сондықтан бұл түспен әуестенудің қажеті жоқ.
Күлгін түс мамандарды оятады .Оны ұнататын жандар- барлығын жандандыруға тырысатын шығармашыл адамдар.Егер өлгендердің дағдарысын тудыра алмаса,олар ерке, ашуланшақ бола түседі.
Қоңыр-керамикалық түсі. Тарықтылық, ұстамдылық, сенімділікпен қарапайымдылықты білдіреді. Бұл түсті ұнататын адам тамаша қызметкер және қашан да сенім артуға тұрарлық серік.
Ақ-тазалық , пәктік , тыныштық пен көңіл жабарақаттығы түсі.Бұл түспен шамада тыс әуестенетін жандар томаға-тұйық бола бастайды.
Сұр-іскерлік түсі.Оны ұнататын жандардың мінезі қатты,төзімді және табанды .Сезімін бақылауда ұстауды жөн көреді және тұрақтылыққа ұмтылады.Шектен тыс құмартқан кезде мұңаюмен күйзеліске алып келуі мүмкін.
Қара-«қауіпті әйелдер»түсі.Қара киім ететін әйел аянкес және аяушылық мерзімінен жұрдай.Бірақ сән әлемінде қара кепілдік,жоғары талғаммен сәттілік түсі саналады.
Сонымен,өмір де бардың барлығы маңызды және кездейсоқ еместігін кезекті рет көзіміз жетіп отыр.Белгілі бір түстердің ұнату санамыздың тереңіне иығым орын алған.Бірақ ден қойып қарасақ, түстердің адамдарды әдемілікті көрсетіп қана қоймай,оның мінезі мен әлемдік қабылдауына қосымша ерекшеліктерін қосады.
Түстану ілімінде колорит деген ұғым кездеседі.Колоритті біз кескіндеме шығармаларындағы түстердің үндестігі мен бірлігі деп танимыз.Картинадағы түстер кейде жылы түстердің құрылымына кейде суық түстердің құрылымына бірігеді.Ал кейбір жағдайда картинада жылы түстермен қатар суық түстер үйлесімді түрде қолданылады(3)
Картиналардағы түстердің берілуінің өзіндік ерекшеліктері болады.Мысалы,таңертеңгі мезгілді бейнелейтін картиналардағы көкшіл түстер басым болса,кешкі мезгілді бейнелейтін картиналарда қызғылт түстер басым болып беріледі.Күндізгі мерзімді бейнелейтін картинадағы заттардың түстері өзінің табиғаттағы қалпында бейнеленеді.Ал егер заттың бетінің фактурасы жылтыр болып келсе,оған сол заттың жан-жағындағы заттардың түстері йӘсер етіп,өзінің табиғи түстері азғана өзгеріп көрінуі бейнеленеді.
Түстің адамға әсер етуі-заңдылық демек оны мақсаты пайдаланудың мүмкіндігі белсенді екендігін,суретші белсенділігі аз екендігін айтады.Бұның қарама-қайшылық орны бар.Өйткені көк түстің әсерін айтқанда бірінші кезекте электромагниттік сәуле бойынша өз пікірін алға тартады. Ал суретші болса түс туралы пікрін сезіну,қабылдау сияқты түстік әсердің психологиялық спектрлері тұрғысынан түйіндейді.Бұл екі қарама-қайшы көз қарасты мысалмен алып қарастырған өте пайдалы болмақ.Түстің физикалық әсері-жарық толқыны және басқа да элементарлық бөлшектер арқылы шақырылатын құбылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет