Кез келген суретті салу копозициядан басталады. Композициялық әдістердің бірі салынған суреттің шекарасын толық көрсетпеу арқылы іске асырылады. Композиция суретшінің ойына байланысты заттың қозғалыстағы немесе бір қалыпты қозғалыссыз тұрған қалпын көрсетуге жол ашады. Композиция – салынатын суреттегі барлық бөліктерді бір-бірімен өзара байланыстырып, орынды құрастыру. Сурет мазмұнын ашу, пішімді нақты табу, шығарма көлемін табу, т.б. шешімдерді дұрыс беру композициялық құрылым элементтеріне байланысты.