Концентрациясының төмендеуімен


Анемияның негізгі себебін анықтау



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата01.08.2022
өлшемі377,01 Kb.
#38015
1   2   3   4   5
Байланысты:
e5f50e9038d0d90f99a9f5d438335efb-1

 
Анемияның негізгі себебін анықтау 
– диагностиканың басты 
тапсырмасы, себебін дұрыс анықтағаннан кейін,емдеу тез және 
сөзсіз нәтижеге жеткізеді.Жүктілік алды жүктілік кезінде әйелдер 
анемияны анықтау үшін скрининг өту қажет.Скрининг жүкті әйелдің
бірінші келген кезінде және 30 апталық кезінде жүргізіледі. 
Диагностика: 
Анемияның диагностикасы анализіне негізделеді. Жалпы қан 
анализін де гемоглобин мен эритроциттердің мөлшерін, 
ретикулоциттердің пайыздық құрамын, ал биохимиялық қан 
анализінде — темірдің,трансферрин,ферритин,В12 витамині,фолий 
қышқылы,латентті темір байланыстыру қабілетті деңгейі 
анықталады. 
Темір
-гемоглобиннің құрамына кіре отырып ағзаға түскен оттекті 
мүшелерге,тіндерге тасымалдап отыратын микроэлемент . Нормада 
6,6 - 26,0 мкмоль/л.Биохимиялық қан анализінде темірдің төмендеуі 
мүшелердің гипоксиясының (оттек жетіспеушілігі) көрінісі болып 
табылады. 
Трансферрин
-ағзаға түскен темірді тасымалдайтын 
белок.Нормада2,0-4,0 г/л.Биохимиялық қан анализінде кезінде бұл 
белок мөлшері жоғарылауы темір жетіспеушілік анемияның бірнеше 
айлардан бері дамығандығын көрсетеді. 
Ферритин
-организмде темірді қор ретінде жинайтын белок.Ол 
белоктан тұрады.Қан кетулер кезінде,темір мөлшері тамақпен 
жеткілікті мөлшерде түспеген кезде қандағы темір мөлшері азаяды 
да, организм қордағы темірді қолдана бастайды,ұзақ уақыт темірдің 
жеткілікті мөлшерде организмге түспеуінен ферритин мөлшерінің де 
төмендеуі болады.Егер төмен болса,белок жетіспеушілігі бар дегенді 
білдіреді.нормада 15-200 мкг/ л .


Қан плазмасындағы ферритиннің төмен болуы шынайы темір 
жетіспеушілікті көрсетеді. 
Латентті темір байланыстыру қабілеті

қан сарысуының темірді 
байланыстыра алу қабілеті.Нормада 20 - 62 мкмоль/л.Биохимиялық 
қан анализінде бұл көрсеткіш жоғарылауы теміртапшылықты 
анемияның ерте кезін диагностикалауға мүмкіндік береді.
В12 витамині
- ағзада көптеген қызметтерді атқарады,бұл 
витаминнің ең негізгі қызметі қызыл қан түйіршіктері деп аталатын 
эритроциттердің түзілуіне қатысу. Бұл витаминнің ағзада 
жетіспеушілігі де жоғарыда аталған белгілерді туғызады.Нормада 
191-663 пг/мл.Биохимиялық қан анализінде В12 төмен болуы 
бірнеше себептерге байланысты болады:тамақпен аз мөлшерде 
ағзаға түсуі,асқазан ішек жолдарында витаминнің дұрыс сіңірілмеуі 
яғни асқазан ішек жолдарында ақаудың болуы (гастрит,ойық 
жара,созылмалы панкреатит),немесе ағзада паразиттердің 
құрттардың болуы т.б .Сол себептен егер В12 аз болса міндетті түрде 
асқазан ішек жолдарын тексерткеніңіз,гельминтке (құрт) 
тапсырғаныңыз жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет